Урок Қосымша қазақ тілі 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жұрнақ пен жалғау

Жарияланды 10-02-2014, 23:09 Категориясы: Бастауыш сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс - тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жинақтау, салыстыру.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қима қағаздар, сөздер кассасы, ребус.
Сабақтың пән аралық байланысы: Ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа керекті оқу құралдарын түгендеу. Сабаққа зейіндерін аудару.
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыстың қай айы? Айдың нешесі? Аптаның қай күні?
2. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Оқушылармен қол ұстасып тұрып, алақан жылуы арқылы бір - біріне жылы тілектерін айту. Тілектер айтылып оқушылардың көңілдері жадырайды.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
288 - жаттығу. 104 - бет. Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жазу.(орындалуын тексеру).
1. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру үшін, ребусты шешеміз. Тақтаға 2 оқушы шығарып, ребусты шешкіземін.
1 - ребус: Жұрнақ. 2 - ребус: Жалғау.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Жұрнақ пен жалғау».
Тірек сызбамен жұмыс.
Ереже: Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз: көк, күріш, қобыз. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз: көкшіл, күріштің, өріктің, қобызшы.
Қосымша

Жұрнақ
Жалғау

Қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс - жұмысшы, ойын - ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс - жұмыста, ойын - ойынға.
5. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу сәті. Жж әрпі, жұрнақ, жалғау.

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі). Көркем жазу жазамыз. Жазуымыз әдемі болуы үшін, денемізді тік ұстаймыз. Шынтағымыз дәптердің үстінде болу керек, дәптерді сәл қиғаштап қояйық.(Әдемі, таза жазған оқушыларды мадақтаймын.)
6. Оқулықпен жұмыс. 104 - бет. 289 - жаттығу. Жаттығуды оқып, түбірі мен жұрнағын ажырату.
7. Тақтамен жұмыс. Оқушылар бір - бірлеп тақтаға шығып жазады. Қалған оқушылар дәптерлеріне жазады.
Әнші, батырлық, талапты, жұмыскер.
Түбірі мен жұрнағын белгілеу.
8. Ребусты шешу.
Оқулық. Сөйлем құрау.
1. Сергіту сәті.
Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түндер ұзарды,
Ұзақ күндер қысқарды.

2. Ойын «Кім жылдам?»
Шарты: Топтамаларға жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді ажырату, әр сөзді ұясына орналастыру. Дұрыс тапқан оқушыларды бағалау.
Сөздер: ойыншық, егінші, доптар, жұмысшы, дәптермен, оқушының, зейнеткер, далаға.
11. Сабақты қорыту:
Оқушыларды орындарынан тұрғызып бүгінгі сабаққа қатысты термин айтылса, қол соғу керек. Қатысы жоқ термин айтылса аяқтарын тарсылдату арқылы сабақты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма: 291 - жаттығу. Нұсқау беру: Қысқы еңбек тақырыбына әңгіме құрау. Ереже жаттау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау. Тақтадағы бағалау карточкасы бойынша, бағаларын қорыту, күнделіктеріне қою.

Кері қайту

Материал рейтингісі:

  • 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: Жұрнақ пен жалғау, сабақ жоспары қазақ тілі бастауыш сыныпЖариялаған bibka Оқылды: 2825 (рет) | Пікірлер: 0 Баспаға шығару


Күні: 16.01.2014ж Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: « Жалғау» Мақсаты: Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату . Сол арқылы жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету. Білімділік: Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Сауатты жазу дағдыларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері: Сұрақ -жауап, көрнекілік, ойын Типі: ашық сабақ Түрі: Қорытынды сабақ Көрнекілігі: тірек сызбасы мен жұмыс, үлестірмелі карточкалар, суреттер,кесте, ой қозғау. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын түгендеу. -Балалар, бүгін бізде ашық сабақ өтеді.Сабаққа көптеген ұстаздар қонаққа келіп, білімдеріңді көргісі келіп отыр. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 4-жаттығуды тексеру.Жаңылтпашты оқы.Түбір сөздерді бір бөлек, жалғауы бар сөздерді бір бөлек жаз. Түбір сөздер Жалғауы бар сөздер Көп, көк, ешкі. Шөпті, жейді Үй тапсырмасын қорыту. Тірек сызбамен жұмыс. 3 топқа тапсырма беру.

Қосымша


Жалғау

Жұрнақ 1- топ. Қосымша дегеніміз не? (Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.) 2- топ. Жұрнақ дегеніміз не? (Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз) 3- топ. Жалғау дегеніміз не? (Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз) ІІІ. Қорытынды сабақ. - Балалар, біз бүгінгі сабақта жаттығуларды орындай отырып, жұрнақ пен жалғау туралы білімімізді әрі қарай жалғастырамыз.

Бүркіт суреті Бүркіт -ші Бүркіт-пен Бүркіт-ті Бүркіт-тер -ға -лық -ла

Су таза -ды -сын -лық -Ортада не жазылып тұр? Бүркіт. Осы бүркіт сөзіне қосымша қосып көрейікші. - Бүркіт -ші. Не пайда болы? Бүркітші деген сөз нені білдіреді? - Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді. - Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті.Яғни жаңа сөз жасалды.Басқа бір қосымша жалғап көрейік : Бүркіт-пен.Мысалы аңды бүркітпен аулайды..Басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе? Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады екен.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады. Қосымша жұрнақ , жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұмыс - жұмысшы, ойын- ойыншық Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Жұмыс - жұмыста, ойын- ойынға. Топпен жұмыс. 1- Жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз.Жалғаулы сөздерді белгіле. Жарықта жағалайды, Қараңғыда жоламайды. (көлеңке) Оқулықпен жұмыс. 2-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1. Екі аққу көл-де жүзіп жүр. 2. Мәлік кітапхана-ға келді. 3. Өзен-нің жағасында қалың қамыс өсіп тұр. 4. Мектеп басшысы сыйлық-ты Дәуренге табыс етті. 5. Орман-нан құстардың дауысы естілді. 3-жаттығу

Семантикалық картамен жұмыс.

Сөздер

-ның

-нің

-дың

-дің Астана

+ Ақтөбе

+ Алатау + Есіл

+ Сергіту сәті «Кім жылдам?» салыстыру Ән ға Би мен Қала да Дала ды Қалам тан Кітап нан Карточкамен жұмыс. Берілген сөздерге жалғау жалғап,сөйлем құрастырып жаз. 1. Жамбыл қазақ -тың ақын-ы. 2. Әже-м ауылын-да Айжан тұрады. 3. Қала-ға Арман кетті. 4. Үсен ағаш-ты ара-мен кесті. 5. Күй сөзіне жалғау жалға. 6. Ағаш сөзіне жалғау жалға Тапсырма: Бұлттың астында қалған жалғауларды жалғап жаз. Ағаш Гүл Күшік Күн Мысық Доп Сабақты бекіту. Сөзжұмбақ шешу.

Ж а З е л т

А ң б а

Л а қ ж а ң

Ғ а қ а с х

А н а

у ы қ 1. Төрт мезгілдің бірі. (жаз) 2. Рәміздің бірі. (елтаңба) 3.Ешкінің төлі (лақ) 4. Тиіннің қорегі.(жаңғақ) 5. Тамақтанатын орын.(асхана) 6.Киіз үй бөлігі (уық) Қорытынды. Ойын: «Алма жинау» Ойынның шарты: Алма ағашының суреті, оның бетіне тапсырма жазылған алмалардың суреттері ілінеді.Екі оқушы тақтаға шығып жалғау, жұрнақ жалғанған сөздерді себетке жинайды.Осы сөздердің байланысқан сөз екенін анықтайды. Үйге тапсырма. 122 бет 5-жаттығу . -Тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз. Бағалау. Сабаққа қатысуы мен үй тапсырманы орындауына қарай бағалаймын.

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау 330-334 жаттығу
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатыны туралы түсінік бере отырып,олардың қызметіне қарай жұрнақ және жалғау бөлінетіні туралы түсінік беру.
2.Қисынды ойлау,алған білім ,білік,дағдыны қолдану дағдыларын дамыту.Сөз,сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту.
3.Төрт-түлік,олардың пайдасы туралы әңгімелей отырып,жан-жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:кесте,суреттер,сөзжұмбақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:суретпен жұмыс,әңгімелесу,сұрақ-жауап,ойын,талдау,жинақтау.
Түрі:жаңа сабақ
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі.
-Сабаққа назарын аудару
-Кезкші мәліметі
Психологиялық дайындық.
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Күнделікті қызықты
Кезекті сабағымызды бастаймыз.
-Үй тапсырмасын тексеру 329-жаттығу ереже
-Дәптерлерін жинау.
Көркем жазу
ІІ.Мотивациялық-бағдарлау кезеңі
Бір шал мен кемпірдің Жалқаубек деген немересі сабаққа барғанда қазақ тілі мен ана тілін түсіне бермейді екен,сөйлей де алмайды екен.Мұның себебі,оның сөздік қоры тым тапшы болыпты.Ал оның досы Талапбек сабақты жақсы оқыпты.Жалқаубек одан көмек сұрап,қазақ тілін үйренбекші болады.Сөйтіп,Талапбек пен Жалқаубек сөз әлеміне саяхатқа аттанады.Онда кіру үшін мыны қақпадан өту керек.Ол қақпа сұрақтар қояды.Сұрақтарға жауап берсе,қақпа ашылады.Ендеше балалар біз Жалқаубекке көмектесеміз бе?
-Сөз неден құралады?(Буыннан)
-Буын неден құралады? (Дыбыстардан)
-Сөз нені білдіреді?Ол белгілі ұғымды,заттың,құбылыстың,адамның атын,қимылын,
сынын,санын білдіреді.
-Міне балалар дұрыс жауап бердік қақпамыздың есігі ашылды.
Өткен сабақты қайталау.
-Балалар өткен сабақты еске түсіру үшін мыны сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақ

Қ
О
С
Ы
М
Ш
А

1.Тілі жоқ өзінде, 5.Көлдің беті көк әйнек.
Сөзі бар ізінде (қалам) Сырғанауға тым әйбәт (мұз)

2.Төрт қырлы өзі аппақ, 6.Жазда да,қыста да,
Тақтадағы ізі аппақ.(бор) Өзгермейтін бір түсте (шырша)
3.Жылт-жылт еткен 7.Қыста ғана болады,
Жырадан өткен(су) Ұстасаң қолың тонады (қар)
4.Өзі ала ,сұр
Тілінің ұшында уы бар
Ол не? (жылан)
-Қосымша жайында Жалқаубек не біледі екен?Олай болса ,бүгін біз сендермен қосымша туралы білімізді кеңейтейік.

Қане бірге бәріміз, Біз білмейтін,балалар,
Көзімізді жұмамыз. Қосымшаның түрі бар.
Өтіп-тау мен өзеннен Жаң сөздер жасайтын
Бір елге жетіп қонамыз. Жұрнақ атты ұлы бар.
Қосымша деп аталар Сөз бен сөзді қосатын.
Бұл елде мүлде бейтаныс. Жалғау атты қызы бар.
(Тақтаға сызбаны іліп қою)



ІІІ.Операциялық-орындаушылық кезең.Суретпен жұмыс
-Мынау не?(Бүркіт)
-Осы сөзге қосымша қосып айтып көрейікші? Бұркіт+ші
-Не пайда болды?
-Бүркітші деген сөз нені білдіреді?
-Бүркітпен аң аулайтын адамды.
-Көрдіңдер ме қосымша қосып едік сөз мүлде өзгерді.Басқа қосымша жалғап көрейікші.бүркіт+пен.Аңды бүркітпен аулайды.Бұл сөздің мағынасы өзгерді ме?
-Жоқ.Өзгерген жоқ.Оған қосымшаны не үшін жалғадық?
-Демек қосымшалар әр түрлі қызмет атқарады екен.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөздер пайда болады да,кейбір қосымшалар жалғагған кезде жаңа сөз есес,басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.

Жұрнақ пен жалғау
шы -балықшы(адам)
Балық тар-балықтар

шы-оқушы(бала)
Оқу лық-оқулық(кітап)
ға-оқуға

Оқушы келді.Оқулық алдым.Сабақ оқуға кірістім.
Оқушы «жаңа сөз», «байланысқан сөз» ұғымдарын түсіне бастайды.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып,бір тұрып
Тынығып дем аламыз
Ү.Оқулықпен жұмыс 330-жаттығу ауызша орындалып,қорытынды жасайды.Ережені хормен оқиды.
331-жаттығу.Мақалды оқып,талдау.Жұрнақ жалғанған сөзді табу.
332-жаттығу
Досы,іскер,жұмысшы
Ануардың досы тәртіпті.Жұмысшы жұмысқа келді.Менің ағам іскер.

Тақтамен жұмыс
333-жаттығу
жұрнақ жалғау
батырлық ғалымның
іскер көмірді
көлшік әжем
биші дәптері
бастық бидайды
ҮІ.Рефлексиялық -бағалау кезеңі
«Алма»жинау ойыны.
Кел,балалар,ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Жемістердіжинайық.
Үзіп алып бақтардан
Достарымызға сыйлайық.
Ойынның шарты:Алма ағашындағы алма суреттері.Сол алмада жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Жалқаубекке,жалғау жалғанған сөзді Тапқырбекке береміз. Қай қатар шатаспай орындайды сол жеңіске жетеді.
ҮІІ.Қорытынды.
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-Не білдік?
ҮІІІ.Үйге тапсырма.334-жаттығу. «Төрт түлік» суреттерін көрсету.Оның пайдасы,күту,қамқорлық жайлы.Осыны негізге ала отырып ,үйде әңгіме жазып келеді.
ІХ.Бағалау.


27.01.14.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты

түбір мен қосымша туралы түсініктерін бекіту;
2/Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бәлінетіндігі туралы мағлұмат беру; Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту;
3/Оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру;

Оқу нәтижелері

СТО әдістері:. Болжау әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу, жазба, жаттығу жұмысы, проблемалық-ізденіс әдісі

Түйінді идеялар

Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Топпен жұмыс

Уақ

ыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

2 мин

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу.

Тренингті оқушылардың іс-қимыл әрекеті арқылы көрсетуі.

«Түбір», «жұрнақ», «жалғау».

5

Слайд №1

Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде қалың орманның ортасында зәулім үйде Қосымша деген атайдың екі немересі өмір сүріпті.Біреуінің аты -Жұрнақ, екіншісінің аты Жалғау. Олар бірге ағаш жарып, бірге су тасып тату өмір сүріпті. Бір күні бұлардың үйіне Түбір атты атасының досы қонаққа келіпті. Атасы екі немересін орманнан жидек теріп келуге жұмсапты. Бірақ олар барғысы келмеді. Сонда атасы оларға тапсырма беріп, кім бұрын тапсырманы орындаса, сол Түбір атайдың қасыңда қалады-деді. Біз енді осы балаларға тапсырмаларын тезірек орындауға көмектесейік.

Сөздің бар ғой сан қыры,

Жанды етейік жансызды

Жұрнақ, жалғау арқылы.

5

Оқушылардың қызығушылығын ояту

jospar.kz күнделікті сабақ жоспарын сатып алуға ең сенімді сайт.

Таза ақ парақ қағазын балаларға көрсетіп: Балалар, мына ақ қағазды көргенде көз алдына не елестейді?

Оқушылардың ойларын тыңдау

- Ендеше балалар, тыңдайықшы

Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жортқан аң ғана.

Ақ көрпесін жамылып,

Мүлгіп жатыр айнала.

- Бұл қай мезгіл, балалар?

- Дұрыс ақ

- Қыс мезгілінде тағы қандай табиғи құбылыстар болады?

- Қыс мезгілінің де тамаша жақтары бар емес пе? Кім айтады?

- Дұрыс айтасың, ендеше атайықшы.

Балалар, биыл ақпан айында Сочи қаласында не болады? 7 ақпанда 2014 года Сочи қаласында XXII қысқы Олимпиадасы ашылады.

- Ендеше бүгінгі сабағымыз осы қысқы ойындарға арналады.

Сабақта сендер түбір мен қосымша туралы білімдіріңді ойын сабақ арқылы одан әрі жетілдіре түсесіңдер.

Қар, қыс, сүт, шекер, қабырға, балмұздақ т.с.с

-

қыс

Аяз, боран, суық, қар жауады.

Қысқы ойындар.-

Шаңғы, шана, коньки тебу. Қар қуыршағын жасау, Қармен атысу т.с.с.

Қысқы олимпиада.

10

5

3

3

5

5

ІҮ. Мағынаны тану

а) Топпен жұмыс, топқа бөлу

1. Болжау әдісі арқылы әр топ өз аттары туралы не білетіндерін айту.

1-тапсырма

- «Түбір» тобына тапсырма

- «Жұрнақ» тобына тапсырма

- «Жалғау» тобына тапсырма

Дәптермен жұмыс

- Көркем жазу сәті

Ж/ж Ж/ж
Жұрнақ.Жалғау.

2-тапсырма/»Жалғастыр» ойыны.
Бір оқушы түбір сөз айтады, екінші оқушы жұрнақ ,үшінші оқушы жалғау айтады, төртінші оқушы тақтаға жазып, сөз құрамына талдайды.

Сергіту сәті

3-тапсырма. Жұмбақ шешу

4-тапсырма

Оқулықпен жұмыс: Өзіндік жұмыс

295-жаттығу.Түбір сөзге тұсындағы жалғаудың тиістісін жалғау.

Қорытынды: -Сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегеніміз не?

Бағалау: Өзін өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды. Әр тапсырмаға 1 ұпайдан беріледі.Бағалау парағының үлгісі5ұпай - «5», 3-4ұпай - «4», 1-2 ұпай - «3».

Үй жұмысы: 298 жаттығу.

1.Мәтінді оқы, түбір сөздерді теріп жаз.

Күн суытты.Қар жауды.Мұз қатып қалды.Балалар киініп далаға шықты.Олар шана, шаңғы тепті.

2.Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша түбірі мен қосымшасын бөліп жаз.

Қар жауды.Мұзқатып қалды.Балалар далаға шықты.Олар шаңғы тепті.

3. Мақалдан қосымшалы сөзді тауып жаз.

Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.

/

Кестені толтыр:

Урок Қосымша қазақ тілі 3 сынып

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі шектеулі

Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы

-А-
-а1 Көсемше (етістікке жалғанса)жұрнағы айт-а-мын
-а2, Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ Мұқ-а
-а3 Барыс септік жалғауы (зат есімге жалғанса) тойым-а
-а4 Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ сан-а
-ар1 -//- жас-ар
-ай1 -//- мол-ай
-ай2 Еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ жалп-ай
-айын Бұйрық рай жұрнағы,жекеше түрі бар-айын
-айық -//-,көпше түрі бар-айық
-ақ1 Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ қон-ақ
-ақ2 Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ Қор(ы)қ-ақ(ы түсіп қалады)
-аған -//- Қа(п)б-аған (кейінді ықпал)
-аң Сын есімнің шырайын жасайтын жұрнақ боз-аң
-ар2 Есімшенің жұрнағы бар-ар
-атын -//- бар-атын
-ау Жинақтық сан есім жұрнағы алт(ы) -ау ы түсіп қалады
-аң, Туынды еліктеуіш жұрнағы томп-аң
-Б-
-быз,-біз Жіктік жалғауы, көпше түрі келген-біз
-бын,-бін -//-, жекеше түрі
-бақ,-бек Есімшенің жұрнағы қон-бақ
-бен,бенен Көмектес септігінің жалғауы сіз-бен
-ба,-бе1 Етістіктің болымсыз түрі жұрнағы жаз-ба
көрін-бе
-бе2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ сүз-бе
-бақ,-бек -//- жұм-бақ
-ба,-бе3 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ қыз-ба, бөс-пе
-Г-
-ген Есімше(бұр. өткен шақ)жұрнағы кел-ген
-ге Барыс септік жалғауы үй-ге
-гер1 Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақ сауда-гер
-гі1, -гіш, Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ сүз-гі, іл-гіш
-гек, -//- іл-гек
-гі2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ күз-гі
-гі3, -гей Қалау райдың жұрнағы кел-гі-сі
-гі4 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ күлдір-гі
-гіш - біл-гіш
-гір - біл-гір
-гілікті Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ жер-гілікті
-гер2 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ тең-гер
-гіле Етістіктен етістік тудыратын жұрнақ кер-гіле
-гіз Өзгелік етіс жұрнағы әкел-гіз
-гелі Көсемше жұрнағы кел-гелі
-гөй Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ ақыл-гөй
-Ғ-
-ға Барыс септігінің жалғауы тау-ға
-ған Есімшенің жұрнағы оқы-ған
-ғар Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ оң-ғар
-ғалы Көсемше жұрнағы бар-ғалы
-ғыз Өзгелік етіс жұрнағы ал-ғыз
-ғы1 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ бұр-ғы
-ғы2,-ғай Қалау рай жұрнағы бар-ғы-м, бар-ғай-сың
-ғы3 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ жаз-ғы
-ғыш Салыстырмалы шырай жұрнағы сар-ғыш
-ғыш1
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ сыз-ғыш
-ғыш2 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ жаз-ғыш
-ғақ -//- тай-ғақ
-ғыр1 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ тұр-ғылықты
-ғылтым Салыстырмалы шырай жұрнағы боз-ғылтым
-ғылт -//- сұр-ғылт
-ғыл -//- боз-ғыл
-ғыла Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ бұр-ғыла
-Д-
-дар1,- дер Көптік жалғау адам-дар
-дар2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ білім-дар
-да1,-де1 Жатыс септік жалғауы жер-де
-да2,-де Еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ ербең-де
-да3,-де Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ тұз-да
-дат,-дет -//- ән-дет
-дан1,-ден Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ көңіл-ден
-дан1,-ден Шығыс септік жалғауы ауыл-дан
-дан1,-ден Топтау сан есімінің жұрнағы жүз-ден
-дай,-дей Үстеу жасайтын жұрнақ жаз-дай
-дай1,-дей1 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ таудай
-дай2,-дей2 Болжалдық сан есім жұрнағы 40-30-дай
-дап,-деп -//- он-дап
-дың,-дің Ілік септігінің жалғауы ел-дің
-дыр,-дір Өзгелік етіс жұрнағы оз-дыр
-ды1,-ді1 Табыс септігінің жалғауы (зат есімге жалғанса) ел-ді
-ды1,-ді2 Жедел өткен шақ/ етістікке тікелей жалғанса/ жұрнағы кел-ді
-ды1,-ді3 Жіктік жалғауы /көсемше арқылы жасалса/ кел-е-ді
-ды1,-ді4 Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ құм-ды жер
-дық1,-дік1 -//- күз-дік
-дық2,-дік2 Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ. бел-дік
-дас,-дес1 -//- жол-дас
-дас,-дес2 Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ ұйым-дас
-дау,-деу Сын есім шырайын жасайтын жұрнақ үлкен-деу
-дау1 ,-деу1 Үстеу жасайтын жұрнақ тез-деу
-даған Болжалдық сан есім жұрнағы мың-даған
-деген Болжалдық сан есім жұрнағы жүз-деген
-дайын Үстеу жасайтын жұрнақ тоты-дайын
-дікі Меншіктік мәнді білдіреді біз-дікі
-дақ Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ қуыр-дақ
-Е-
-е1 Көсемше (етістікке жалғанса) жұрнағы кел-е-ді
-е2 Барыс септік (зат есімге жалғанса)жалғауы төрім-е
-е3 Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ сын-а, өрт-е
-еке1,-ек1 Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ Әб-еке
-ейін Бұйрық рай жұрнағы,жекеше кел-ейін
-ейік Бұйрық рай, 1ж. көпше кел-ейік
-еген Етістіктен есім тудыратын жұрнақ сүз-еген
-ер1 Есімшенің жұрнағы кел-ер
-ер2 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ кө(к)г-ер
-етін Есімше жұрнағы көр-етін
-еу Жинақтық сан есім жұрнағы
бес-еу
-ең Еліктеу сөз жасайтын жұрнақ елп-ең
-Ж-
-жан Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ Абай-жан
-И-
-й1 Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ апа-й
-й2 Көсемше(етістікке жалғанса) жұрнағы сөйле-й
-и3 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ тарих-и
-и5 Еліктеуден етістік жасайтын жұрнақ қылт-и
-йтын Есімшенің жұрнағы сұрайтын
-йтін -//- сөйле-йтін
-йын,-йін Бұйрық рай жұрнағы,1- жақ, жекеше ойна-йын
-йық,-йік -//- ,1- жақ, көпше ойна-йық
-К-
-ке Барыс септігінің жалғауы ет-ке
-кен Есімше жұрнағы күт-кен
-кі,-кей Қалау райдың жұрнағы кет-кі-сі
-кі1,-кіш Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ кес-кі, кес-кіш
-кі2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ іш-кі(бөлме)
-кір Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ
өт-кір
-кілікті -//- жет-кілікті
-к1 Жіктік жалғау жеткіз-се-к
-к2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ күре-к
-кер1 Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ ес-кер
-кер2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ табыс-кер
-кер3 Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ талап-кер
-келі Көсемше жұрнағы кет-келі
-кіле Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ кес-кіле
-кек Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ керіс-кек
-кіз Өзгелік етіс жұрнағы сеп- кіз
-Қ-
-қыз Өзгелік етіс жұрнағы айт-қыз
-қа Барыс септік жалғауы шаш-қа
-қан Есімше жұрнағы айт-қан
-қалы Көсемше жұрнағы айт-қалы
-қар
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ
бас-қар

-қай Сын есім шырайын жасайтын жұрнақ қоңыр-қай
-қыр Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ ұш-қыр
-қақ -//- ұрыс-қақ
-қ1 Жіктік жалғауы бар-са- қ
-қ2 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ ақса-қ
-қ3 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ тара-қ
-қы1 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ жина- қы,шап-қы
-қы2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ қыс-қы
-қы3 Қалау рай жұрнағы айт-қы-сы
-қын,-қыш Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ қаш-қын, ұш-қыш
-қыш1 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ айт-қыш
-қой Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ сән-қой
-қыла Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ ат-қыла
-Л-
-лар,-лер Көптік жалғау бала-лар
-лап,-леп Болжалдық сан есім жұрнағы жиырма-лап
-лық1,-лік1 Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ бала-лық, екі-лік
-лық1,-лік2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ өлке-лік
-лы1,-лі1 -//- дене-лі
-лы1,-лі2 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ жинау-лы
-лау1,-леу1 Сын есім шырайы жұрнағы шикі-леу
-лау2,-леу2 Туынды үстеу жұрнағы ілгері-леу
-лай,-лей -//- осы-лай
-л Ырықсыз етіс жұрнағы тара-л
-ла,-ле Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ сыр-ла
-лан,-лен -//- ашу-лан
-лас,-лес Есімдерден сын есім жасайтын сыр-лас (дос)
-лас,-лес Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ сауда-лас
-М-
-мыз1,-міз1 Жіктік жалғау келе-міз
-м1 -//- кел-се-м
-мын1,-мін1 -//- кел-е-мін
-мыз2,-міз Тәуелдік жалғау бала-мыз, үй-іміз
-м2 -//- бала-м
-м3 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ сөйле-м
-ман,-мен -//- орал-ман
-ма,-ме1 -//- шығар-ма
-ма,-ме2 Болымсыз етістік жұрнағы кел-ме
-ма,-ме3 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ бұра-ма,қына-ма
-мды, -мді -//- жара-мды
-малы,-мелі -//- таңда-малы, бүр-мелі
-мен,-менен Көмектес септік жалғауы баламмен , баламен
-мақ,-мек Есімше жұрнағы бар-мақ-пыз
-майынша Туынды үстеу жұрнағы бар-майыншы
-мейінше -//- кел-мейінші
-Н-
-ның,-нің Ілік септігінің жалғауы күн-нің
-ны,-ні Табыс септігінің жалғауы ана-ны
-н1 -//- ана-сы-н
-н2 Өздік етіс жұрнағы/етістікке жалғанса тара-н
-н3 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ бора-н
-н4 Ырықсыз(құрамында л дыбысы болса)етіс жұрнағы тазала-н
-на,-не Барыс септік жалғауы ел-і-не
-на,-не Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ жи-на
-нан,-нен Шығыс септік жалғауы үйім-нен
-нан,-нен Топтау сан есімі жұрнағы он-нан
-нда,-нде Жатыс септік жалғауы төрі-нде
-нды,-нді Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ құра-нды
-ншы,-нші Реттік сан есім жұрнағы жеті-нші
-нікі Меншіктік мәнді білдіретін жұрнақ се(н)-нікі
-Ң-
-ңқыра Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ шыда-ңқыра
-ңкіре -//- сөйле-ңкіре
-ңыз1,-ңіз1 Тәуелдік жалғау (зат есімге жалғанса) ана-ңыз
-ңыз2,-ңіз2 Жіктік жалғау (етістікке жалғанса) сөйле-ңіз
-ңдар, -ңдер -//-,3-жақ, анайы сөйле-ңдер
-ң1 -//-,2-жақ жеткізсе-ң
-ң2 Етістіктен еліктеу сөз жасайтын жұрнақ сыла-ң
-ң3 Тәуелдік жалғауы,2-жақ ана-ң
-П-
-п Көсемше жұрнағы биле-п
-пын,-пін Жіктік жалғау,жекеше айтып-пын
-пыз,-піз -//-,(көпше түрі) келіп-піз
-пен,-пенен Көмектес септік жалғауы үміт-пен
-паз Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ өнер-паз
-пақ,-пек Есімше жұрнағы кет-пек
-палы,-пелі Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ ас-палы
-па,-пе1 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ бөс-пе
-па,-пе2 Болымсыз етістік жұрнағы айт-па
-па1,-пе2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ кес-пе
-пайынша Үстеу тудыратын жұрнақ айт-пайынша
-пейінше -//- кет-пейінше
-пана Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ бас-пана
-Р-
-р1 Есімшенің жұрнағы оқы-р
-р2 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ қысқа-р
-р3 Өзгелік етіс жұрнағы сөйле-р
-рақ Салыстырмалы шырай жұрнағы жақсы-рақ
-рек -//- келте-рек
-С-
-сың,-сың,- Жіктік жалғауы,2-жақ,жекеше түрі бара-сың
-сың-дар, -//-,көпше бара-сың-дар
-сің-дер -//-,көпше келе-сің-дер
-сын,-сін1 Бұйрық рай жұрнағы бар-сын
-сыз,-сіз1 -//,2-жақ, сыпайы түрі бара-сыз
-сыз,-сіз2 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ ұят-сыз
-с1 Есімшенің болымсыз түрі жұрнағы барма-с
-с2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ төбеле-с( басталды)
-с3 Ортақ етіс жұрнағы сөйле-с
-сын,-сын2 Үстеу тудыратын жұрнақ кешкі-сін
-сын,-сін3 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ көп-сін
-сыра, -//- жалғыз-сыра
-сіре -//- жетім-сіре
-са,-се Шартты рай жұрнағы бар-са
-сы,-сі Тәуелдік жалғауы III ж (жекеше) бала-сы
-сы,-сі Жіктік жалғауы бар-ғы-сы
-сымақ Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ ақын-сымақ
-Т-
-тың,-тің Ілік септік жалғауы іс-тің
-тыр,тір Өзгелік етіс жұрнағы айт-тыр
-т1 -//- шақыр-т
-т2 Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ бөге-т
-тар,-тер Көптік жалғау дос-тар
-тан,-тен1 Шығыс септік жалғауы мектеп-тен
-тан,-тен2 Топтау сан есімінің жұрнағы алпыс-тан
-тай,-тей Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ сүт-тей
-тай,-тей1 Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ апа-тай
-тай,-тей2 Үстеу тудыратын жұрнақ қыс-тай
-тай,-тей3 Болжалдық сан есім жұрнағы он-онбес-тей
-таған -//- қырық-таған
-тап,-теп -//- бес-бестеп
-тау,-теу1 Салыстырмалы шырай жұрнағы алыс-тау
-тау,-теу2 Туынды үстеу жұрнағы кеш-теу
-ты,-ті1 Табыс септігінің жалғауы (зат есімге жалғанса) шарт-ты (орындады)
-ты,-ті2 Жедел өткен (етістікке тікелей жалғанса)жұрнағы кет-ті,кетпе-ді
-ты,-ті3 Жіктік жалғауы(көсемше жұрнағы арқылы жасалса) кет-е-ді
-ты,-ті4 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ атақ-ты әнші
-тық,-тік -//- қыс-тық (киім)
-тікі Меншікті мәнді білдіретін жұрнақ Шымкент-тікі
-тайын Үстеу жасайтын жұрнақ қыс-тайын
-тал Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ сезім-тал
-тас1,-тес1 -//- сынып-тас( қыз)
-тас2,-тес2 Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ дос-тас
-та,-те1 -//- тіс-те
-та,-те2 Жатыс септік жалғауы ағаш-та
-тан,-тен Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ тамақ-тан
-У-
-у1 Тұйық етістік жұрнағы Тас-у
-у2 Еліктеу сөзден зат есім тудыратын жұрнақ дүмп-у
-у3 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ көсе-у,еге-у
-улы,-улі Етістіктен сын есім жасайтын ас-улы,іл-улі
-уық,-уік -//- жыла-уық
-уыл,-уіл Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ қара-уыл
-уыш,-уіш -//- тіре-уіш
-Х-
-хана Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ ем-хана
-Ш-
-ша,-ше Туынды үстеу жұрнағы бала-ша
-шы,-ші Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақ ән-ші
-шылық -//- шаруа-шылық
-шек1 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ ерін-шек
-шақ1 -//- мақтан-шақ
-шақ2 Зат есімнің рең мәнін жасайтын жұрнақ құлын-шақ
-шек2 -//- іні-шек
-шік,-шық -//- қап-шық
-ша,-ше1 -//- жүрек-ше
-ш -//- қалқа-ш
-шаң,шең- Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ бой-шаң
-шыл,-шіл1 -//- ұйқы-шыл
-шыл,-шіл2 Сын есімнің шырайы жұрнағы ақ-шыл
-шылтым -//- ақ-шылтым
-шілтім -//- көк-шілтім
-шы-ші Өтіну, тілек мәнді білдіретін жұрнақ кел-ші
-Ы-
-ымыз Тәуелдік жалғау (зат есімге жалғанса) бабалар-ымыз
-ым1,-ың,-ы1,
-ыңыз1 -//- бабалар-ым, бабалар-ы бабалар-ыңыз
-ы2 Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ бай-ы
-ыңыз2 Жіктік жалғау бар-ыңыз
-ы3 Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ қазақ-ы (ит)
-ып Көсемше жұрнағы айт-ып
-ыңдар Жіктік жалғау,2-жақ,көпше түрі айт-ыңдар
-ым2,-ық
-ынды1 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ қыс-ым, қаз-ық
жу-ынды
-ық2 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ тол-ық
-ынды -//- жу-ынды
-ыңқы -//- бас-ыңқы
-ымды Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ қон-ымды
-ыс1 Ортақ етіс жұрнағы жаз-ыс
-ыс2 Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ айт-ыс
-ын1, -//- құй-ын
-ыш1 -//- қуан-ыш
-ыш2 Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ Нұртай- Нұрыш
-ыра
-ырай Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақ былб-ыра
баж-ырай
-ыл1 Ырықсыз етіс жұрнағы айт-ыл-ды
-ын2 Өздік етіс жұрнағы жу-ын-дым
-ын3 Туынды үстеу жасайтын жұрнақ жасыр-ын келу
-ыл2 Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақ ыр-ыл, гүр-іл
-ыл3 Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ шу-ыл
-ыл4 Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақ тарс-ыл
-ырақ Сын есімнің шырайлары жұрнағы қызыл-ырақ
-ыншы Реттік сан есім жұрнағы қыр(ы)қ-ыншы(қырқыншы)
-ыңқыра Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ айт-ыңқыра
-ыр Өзгелік етіс жұрнағы ас-ыр
-ың1 Еліктеу сөз тудыратын жұрнақ жылт-ың
-ың2 Еліктеу сөзден зат есім тудыратын жұрнақ ыз-ың
-ыт Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ су-ыт
-І-
-і Тәуелдік жалғауы (зат есімге үй-і
-ім1, ің жалғанса) үй-ім, үй-ің
-іміз, -іңіз1 -//- үй-іміз, үй-іңіз
-іңіз2 Жіктік жалғауы (етістікке жалғанса) кел-іңіз
-іңдер -//- кел-іңдер
-іп Көсемше жұрнағы көр-іп
-ік1 Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ бір-ік
-ік 2 Етістіктен зат есім жасайтын түкір-ік
-ім2 жұрнақтар біл-ім
-іс1 -//- жүр-іс
-іш1 -//- сүйін-іш
-інді,-ін1 -//- үй-інді, ек-ін(егін)
-ір1 Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ бүк-ір
-ір2 Өзгелік етіс жұрнағы кет-ір
-ін2 Өздік етіс жұрнағы көр-ін
-ін3 Ырықсыз (құрамында -л дыбысы болса) біл-ін
-іс2 Ортақ етіс жұрнағы көтер-іс
-іл1 Ырықсыз етіс жұрнағы кер-іл
-іл2 Еліктеу сөзден зат есім тудыратын жұрнақ гүр-іл
-інді Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ түй-інді( жіп)
-іңкі -//-,жұрнақ көтер-іңкі
-ілдір Сын есімнің шырайы жұрнағы көг-ілдір (көк+ілдір)
-ірек -//- көг-ірек (көк+ірек)
-іре
-ірей Еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ желб-іре(желп+іре)
шік-ірей
-інші Реттік сан есім жұрнағы бес-інші

Бастауыш сыныптарда дидактикалық материалдарды пайдалану

Қазіргі уақыт талабына сай сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, өзіндік тың ізденістерге талпындырады.Сабақ өткізу барысында жаңа технологияны қолданып, жаңаша дидактикалық материалдар пайдалану, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып отырады.
Оқыту үрдісін нығайтуда, оқушылар білімін тереңдетуде дидактикалық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Дидактикалық тапсырмалар арқылы пәннің мазмұндылығын арттыруға, оқушыға жаңа білім беруге, алған білімін жүйелеуге, пысықтауға, қорытындылауға болады.
Ауызша сұрақ - жауаптан айырмашылығы - дидактикалық карточкалар арқылы бір мезгілде бірнеше оқушы қамтылып, сынып оқушыларының зерігуіне жол берілмейді. Тарау немесе бөлім бойынша құрастырылған дидактикалық тапсырмалар бірнеше тақырыпты, бірнеше ұғымды бір - бірімен байланыстырып, оқушының тарау бойынша алған білімін жүйелеп, қорытындылауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дидактикалық карточкаларда тапсырмалар көбіне көрнекті кескінделеді ,сызбасы беріледі немесе түрлі түспен жазылады, т.б. Бұл білімді қабылдауға, жүйелеуге есіту анализаторымен бірге көру анализаторы да қатысады, бұл - оқушының ойлау үрдісін, есте сақтау үрдісін арттыра түседі.
Оқушылардың қазақ тілі , әдебиеттік оқу пәніне деген қызығушылығын оятуда шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық тапсырмалар мен ойындар, танымдық жаттығулардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі бұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың дербес ойлануына, тұжырым жасауына мүмкіндік беретін өз білімін тексеру және өзара жарысу элементтері бар. Оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып әр түрлі сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық тапсырмалар орындау барысында оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
Сондай-ақ мұндай дидактикалық материалдарды кез келген технологияда жұмыс істейтін мұғалім пайдалана алады.
Сонымен оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетуде, тілін ширатуда , сөздік қорын молайтуда,жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдеуде осы дидактикалық материалдардың маңызы зор.
Балаларға мұндай жұмыс түрлері өте ұнайды, олар өздері де сөзжұмбақтар құрастыруға үйренеді .Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар мен тапсырмалар Мысалы: «Сөз ойла, тез ойла», «Сөздік», «Кім суретші?», Артығын тап», «Сөзжұмбақ», «Мақалды тауып оқы»,«Үндемес», «Жоғалған әріпті тап» «Кім тез табады?», «Орнын тап»ойыны т. б. қазақ тіл сабақтарында тіл дамыту жұмысында орындалады.
«Мақалды тауып оқы» ойынының маңызы зор, біріншіден бала ойланады, екіншіден мақалды табады, үшіншіден жаттап алады, мағынасына, тәрбиелік мәніне көңіл бөледі.

жа де ны
сау ні дың
«Дені саудың-жаны сау»
«Кім тез табады?»
анай- ғакар- нажуар-
(айна, қарға, жануар т.б)
Сөзжұмбақпен жұмыс жасау элементін әр сабақта қолдануға болады.
Сөзжұмбақ «Өркеш»
Ө Р І С
Ө Р І К
К Ө М І Р
Ө З Е Н
К Ө Р Ш І
1. Мал жайылатын жайылым.
2. Жеміс-жидек түрі.
3. Қыста жағатын отын.
4. Ағатын су.
5. Ең жақын тұратын адам.
Әріптерден қыздың атын құра Әріптерден баланың атын құра


«Қызықты сөз» ойыны-тура оқысаң да , кері оқысаң да сол сөз шығады.
Мыслы:Ана, ала, ата, ара,шаш, қызық, қазақ т.б.
Әдебиеттік оқу пәні-нағыз тіл дамыту пәні. Өйткені әр сабақта мәтіндер оқылады.Сол мәтін бойынша сюжетті сурет көрсетіп мақал-мәтел құрастыру оқушылардың ойын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді.

Ал ,мына ойында балалар, Қайсысының баласы?;Қай затқа не сәйкес келеді?; Өз орнына орналастыр;Қай көлік қайда жүреді ? деген сияқты дидактикалық ойындар қолдану арқылы баланың тіл байлығын, сөздік қорын дамытуға болады.

«Баспалдақ» ойыны , қай топ жылдам?
-К әрпінен басталып к әрпінен аяқталады.
к
к
к
к
к
к
Математика сабағымен байланыстырып, «Саны бар атаулар» ойынында
1+қазан-бірқазан
5+тік-бестік
6+бақан-алтыбақан
7+ген-жетіген
Т+10-тон
Осы сөздерді буынға бөлу
«Адасқан буындар» ойыны
Бұ----------та
Бұ----------лақ
Бұ---------ғы
Бұ---------тақ
Тапқан сөздердерге түсінік беру немесе сөйлем құрау.
Мысалы :(Біздің ауылда Сарбұлақ, Айнабұлақ деген жерлер бар)
Шыққан сөз зат есімнің қай түріне жатады?
Ба быс
Қал ? мақ
Жо (.......) лант
Ұс маша
Бал бақ
«Ребус» шешу.Суретті ребус шешу

Д а ң ғ о й
Даңғой-сөзіне синоним тап
Жұмбақ сурет «9 құс» (Тамшылардағы әріпті табу арқылы құстардың атын шешеді)

(Сөз жұмбақтың әрбір сөзін дұрыс тапқан оқушы, тамшы болып, Сырдария өзеніне өз үлесін қосады.)
Өз тәжірибемде көрсеткендей, оқушылар ойын түрінде берілген қызық та, шытырман тапсырмаларды үлкен ынтамен орындайды. Мен құрастырған бұл тапсырмалар мектеп оқулығындағы қалыпты және құрғақ мәтіндерді және жаттығуларды айқын анықтап түсінуге, орындауға өте қолайлы.
Осындай тапсырмаларды пайдалану кезінде өз беттерімен әртүрлі сөзжұмбақтар құрастырған оқушылар бар, бұл сабақ барысында логикалық тапсырмаларды пайдаланудың нәтижесі деп ойлаймын.
Сонымен қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру - теориялық білімдерін тереңдетуге, сауатты сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдейді. Оқушының шығармашылық іс - әрекетін бейімдейтін, ақыл - ойын дамытатын құралдардың бірі - логикалық қызықты тапсырмалар болып табылатындықтан , күнделікті сабақ логикаға негізделген дидактикалық тапсырмаларды орындаумен аяқталса деймін

  • Күні: 14-07-2014, 18:02

  • Категориясы: Бастауыш с


Деңгейлік тапсырма

1-деңгейлік тапсырма

3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

учебник, ученик, звонок, перемена, резинка;

2.Берілген сөздерді септе:

кітап, дәптер, ауыл.

3.10 сөйлем құрастыр.

2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

дома, дома, стена, пол, крыша, потолок, высокий, этаж, квартира, комната.

2.Тәуелденген сөздерді септе:

Үйім, бөлмең, қабырғасы.

3.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 4 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

1-деңгей

1.5 мақал-мәтелді жатқа жаз.

2.« Менің Қазақстаным» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ]

2-деңгейлік тапсырма

3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Ручка, учитель, учиться, букварь, книга, линейка, писать, урок, считать, пенал.

2.Берілген сөздерді септе:

Мұғалім, үзіліс, қоңырау;

3.10 сөйлем құрастыр.

2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Двор, живу, площадка,микроройон, окно, дверь, сосед, лестница, форточка.

2.Тәуелденген сөздерді септе:

Ауданым, қоңырауың, үзілісі.

3. Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жікте:

4.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

1-деңгей

1.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

Ықшамаудан, көрші.

2.« Менің қалам» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ]

3-деңгейлік тапсырма

3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Тетрадь, доска, класс, дневник, учить.

2.Тәуелденген сөздерді септе:

Оқулығым, өшіргішің, оқушысы.

3.10 сөйлем құрастыр.

2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Голова, рот, глаз, нос, волосы, рука, зуб, губы, лоб, пальцы, нога, бровь, ресницы, лицо, грудь.

2.Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелде:

Жұлдыз, студент, бауыр.

3.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

1-деңгей

1.4 жұмбақты жатқа жаз.

2.2 жаңылтпашты жатқа жаз.

3.« Менің отбасым» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ]

4-деңгейлік тапсырма

3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Овца, коза, корова, верблюд,кобыла, собака, свинья, волк, заяц, белка, тигр, медведь, слон, лошадь, лев, кошка, бобер, лиса, олень, лось.

2.Бірінші тапсырмадағы сөздермен 15 сөйлем құрастыр.

2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Белый, черный, красный, оранжевый, синий,голубой, зеленый, коричневый, серый, розоый, желтый, фиолетовый, белый-белый, пестрый, черный-черный.

2.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

Қуыршақ, түлкі.

3.20 сөйлем құрастыр.

1-деңгей

1.Берілген етістіктерді болжалды келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте:

Бар, кел.

3.« Менің мектебім» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫ

5-деңгейлік тапсырма

3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Огурец, чеснок, картофель, лук, свекла, помидор, виноград, яблоко, вишня, груша, абрикос, арбуз, дыня, клубника, смородина, морковь, чернослив, капуста, тыква.

2.10 сөйлем құрастыр.

3.Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып жекеше, көпше түрде тәуелде:

(вишня, смородина, морковь)

2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Ягненок, верблюжонок, козленок, зайчонок, щенок, теленок, поросенок, цыпленок, жеребенок, волчонок, медвежонок, лисенок, котенок, лосенок, олененок.

2. 10 сөйлем құрастырып, 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

3.Берілген етістіктерді мақсатты келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте:

Айт, ойна.

1- деңгей

1.Берілген етістіктерді бұрынғы өткен шақтың жекеше, көпше түрінде жікте:

Айт, ойла.

2.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

страна, Родина, национальность, живем, герб, многонациональный, флаг, дружно, столица, улицы,

в городе.

3. 10 сөйлем құрастырып, 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

4. 2-ші өлеңіңді жатқа айт.

6-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Берліген сөздерді қазақ тіліне аудар. Дома, стена, дома, пол, крыша, потолок, высокий, этаж, квартира, комната.

2.Бастауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

3.Берліген сөздерді жекеше, көпше түрде жікте: ұстаз, шәкірт.

2-деңгей.

1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз не? Мысал келтір.

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Жұмысшы» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Ұлттық валюта -теңге» . Қысқаша жазып,әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің неше түрі бар? Мысалдар келтіріп, дәлелде.

2.«Мектеп, ауа» сөздеріне морфологиялық талдау жаса.

3.«Қазақстан Республикасының рәміздері». Қысқаша жазып,әңгімелеу.

4.«Қазақстан» өлеңін жатқа айт.

7-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Баяндауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.2 мақал-мәтелді жатқа жазып, айтып бер.

3.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса: ұстаз, шәкірт.

2 -деңгей

1.Анықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген етістіктерді болжалды келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте: жүгір, жаз.

3.«Ел ордасы-Астана».Қысқаша жазып,әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Толықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Стадион» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Отаншылдық-ұлы қасиет». Қысқаша жазып, әңгілемеу.

4. Отан туралы мақал-мәтелдер жазып, жатқа айт.

8-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Толықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Ел ертеңі-жастар» .Қысқаша жазып , әңгімелеу.

3.Берілген сөздерді өткен шақта жікте: же, іш.

2-деңгей.

1.Пысықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Ұстаздар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Бірлік пен ынтымақ елі». Қысқаша жазып әңгілемеу.

4.Тәуелденген сөздерді септе:

халқым, шекарасы, ойың.

1-деңгей.

1.Анықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген етістіктерді мақсатты келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте: серуенде, басқар.

3.«Елдестірмек елшіден». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.5 мақал-мәтелді жатқа жазып, айтып бер.

9-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей

1.Анықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген сөздерге фонетикалық талдау жаса. Ақшыл, көрші.

3.«Экология». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей.

1.Толықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Көршілер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Табиғатты қалай қорғаймыз». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Берліген етістіктерді нақ осы шақты жікте: сындыр, жаса.

1-деңгей.

1.Пысықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Қорғаймыз» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Байқоңыр ғарыш айлағы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.«Кел, балалар ,оқылық» өлеңін жатқа айт.

10-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Пысықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген сөздерді қазақ тіліне аудар: живу, двор, площадка, микрорайон, многоэтажный, окно, дверь, сосед, лестница, форточка.

3.«Менің мектебім» (15 сөйлемнен кем болмау керек,) Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей.

1.20 зат есім жазып , оларды топта.(жалпы-жалқы , жанды-жансыз)

2.Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

3.«Ғалымның пікірі», Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.10 үстеу, 10 сын есім жаз.

3.«Су-тіршілік көзі». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.1-өлеңіңді жатқа айт.

11-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген сөздерді осы шақта жікте: төсе, жаса.

3.«Ауа райы » тақырыбына диолог жаз.

2-деңгей.

1.Жақты , жақсыз сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.10 үстеу, 10 сын есім жаз.

3.«Ұлы Жібек жолы» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Толымды және толымсыз сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.20 зат есім жазып, оларды топта. (жалпы-жалқы, жанды-жансыз)

3.«Кең-байтақ Қазақстан». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.5 мақалды жатқа жазып, айтып бер.

12- деңгейлік тапсырма.

3- деңгей.

1.Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген сөздердің антонимдерін жазыңдар: мол, белгілі, қайшы келу, бұзу, жақын , алыс, алғашқы, тиімді .

3.«Оңтүстік Қазақстан аймағы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2- деңгей.

1.Толымды, толымсыз сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Түйе» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Қасиетті Түркістан қаласы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.1-ші өлеңін жатқа айту.

1-деңгей

1.Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса

2.«Жолбарыс » сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.« Ұлылар елі ». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.2-ші өлеңін жатқа айту.

13- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Толымды және толымсыз сөйлем дегеніміз не?

6 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Торғай» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Марқакөл-ел мақтанышы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. «Бәрі де халық игілігі үшін» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

3. «Жылқылар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

1-деңгей.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Көршілер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Шағын, орта және үлкен бизнес», Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.3-ші өлеңін жатқа айту.

14- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?

Мысал келтір.

2.«Сынып » сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4.сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2-деңгей.

1.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Тәелденген сөздерді септе: сөйлемім, мағынасы.

3.2-ші өлеңін жатқа айту.

4.«Мемлекеттік өнеркәсіп». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Тәуелденген сөздерді септе: өлеңім, өнері, күшің.

3.«Мараттың» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4.«Үнемшіл болу». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар: производство,сырье, выгодный, поиск, вынужден, постоянно, присущий, не жалея себя.

15- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. «Дәптері» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Күншуақ» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

2-деңгей.

1.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Карта» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.Берілген сөздерді шартты райда жікте: қара, ал, көр.

4.«Уақытта бағалай біл». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Оқушылар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.Берілген сөздерді қалау райда жікте: көр, бар, ойна.

4.«Баспасөз өмір айнасы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар: местный, интересный, подросток, периодика, массовый, событие, сведение, любимый.

16- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Себеп-салдар құрамалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген сөздерді шартты райдың жікте: жүгір, ойла.

3.«Тілшілер» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей.

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген сөздерді бұйрық райда жекеше, көпше түрінде жікте: секір.айт.

3.«Теледидар». Қысқаша жазып , әңгімелеу

4.3-ші өлеңін жатқа айту.

1-деңгей

1.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Қарлығаштар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3. Есімдік дегеніміз не? Неше түрі бар?

4.«Жарнама және біз» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.5 сын есім жазып, салыстырмалы шырай жаса.

17-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Сан есім дегеніміз не? Неше түрі бар?

3.«Техника ғасыры». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей.

1.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

3.«Көршілер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4.«Біздің өміріміздегі музыка». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Шылау дегеніміз не? Шылау нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

3.«Жауынгерлер » сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4.«Әміре Қашаубаев ». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.Төл сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

18- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей

1.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Есімдік дегеніміз не? Неше түрі бар? Мысал келтір.

3.«Нұрғиса Тілендиев». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей

1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Шылау дегеніміз не? Жалғаулық шылауларды қатыстырып 5 сөйлем құрастыр.

3.«Шәмші Қалдаяков». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.«Ескерткіш» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

1-деңгей

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Септеулік шылауларды қатыстырып 6 сөйлем құрастыр.

3.Төлеу сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

4.Берілген сөздерді етістіктің нақ осы шағының жекеше, көпше түрінде жікте: көтер, ойна.

5.«Өнер сайысы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

19-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Демеулік шылауларды қатыстырып 3 сөйлем құрастыр.

3.Төл сөз дегеніміз не?Мысал келтір.

2-деңгей.

1.Үстеу дегеніміз не? Үстеудің неше түрі бар? Мысал келтір.

2.Тәуелденген сөздерді септе: мектебім , атаң, қарындасым.

3.«Ән туралы аңыз». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Септеулік шылауларды қатыстырып, 6 сөйлем құрастыр.

1-деңгей

1.Оқшау сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.(одағай, қаратпа сөз, қыстырма сөз)

2.Жалғаулық шылауларды қатыстырып, 6 сөйлем құрастыр.

3.«Спорт қашан пайда болды?». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.10 сын есімді қатыстырып сөз тіркестерін жаса.

5.1-ші өлеңін жатқа айту.

20- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей

1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса

2.Жинақтық сан есім қалай жасалады? 5 сөйлем құрастыр.

3.Диолог дегеніміз не? Мысал келтір.

2-деңгей

1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Реттік болжалдық сан есімдерді қатыстырып 6 сөйлем құрастыр.

3.«Қазақстан мерейін өсірген спорт» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Болымысз етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

1-деңгей

1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса

2.Топтау, бөлшектік сан есімдерді қатыстырып 6 сөйлем құрастыр.

3.«Денсаулығыңды шыңда». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Салыстармалы шырай дегеніміз не? Салыстырмалы шырайға 5 сөйлем құрастыр.

5.2 жаңылтпаш жазып, жатқа айт.

21- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей

1.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Болжалдық сан есім дегеніміз не? 4 сөйлем құрастыр.

3.«Тоғызқұмалақ». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей

1. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса

2. Топтау, бөлшектік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір 6 сөйлем құрастыр.

3. «Кереует» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4. «Шахмат қалай пайда болды?». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

1-деңгей

1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Реттік, болжалдық сан есімдер қатыстырып, 6- сөйлем құрастыру.

3. «Компьютер» сөзіне морфологиялық талдау жасау.

4. «Тарихи мәдени ескерткіштер». Қымқаша жазып, әңгімелеу,

5.Қожа Ахмет Йассауи кім?

22-деңгейлік тапсырма

3-деңгей

1. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Тәуелденген сөздерді септе: добым, теннисі, уақытың.

3. «Теннистің де тарихы бар». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

2- деңгей

1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Фонетикалық талдау жаса: қауырсын, көгершін.

3. «Ұлттық байлық дегеніміз не?». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

4.Ауыспалы өткен шақта жікте: серуенде, көр.

1-деңгей

1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Бұрынғы өткен шақта жікте: сөйлес, жүгір

3. «Тарих ғажайыптары». Қысқаша жазып, әңгімелеу

4. Мекен үстеу қандай сұраққа жауап береді?

3 сөйлем құрастыр.

5. Демеулік шылауларды қатыстырып, 4 сөйлем құрастыр

23-деңгейлік тапсырма

3-деңгей

1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Одағайды қатыстырып 3 сөйлем құрастыр

3. «Ғажайып ғимарат». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

2-деңгей

1.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Қыстырма сөздерді қатыстырып, 4 сөйлем құрастыр

3. «Тұмар патша». Қысқаша жазып, әңгімелеу

4. 3-ші өлеңін жатқа айту..

1-деңгей.

1.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Сілтеу, өздік есімдіктерін қатыстырып , 6 сөйлем құрастыр.

3.«Көне Отырар». Қысқаша жазып, әңгімелеу

4.10 мақал- мәтелді жатқа айт.

5.Еліктеуіш сөзді қатыстырып 3 сөйлем құрастыр.

24-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей

1. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Атаулы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

3. «Марқакөл-ел мақтанышы». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

2-деңгей

1.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Белгісіздік есімдіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыру.

3.Сөйлемнің біріңғай мүшелері дегеніміз не? Мысал келтір.

4. «Балқаш пен Алакөл». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

1-деңгей

1.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Болымсыздық есімдіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыру.

3. «Тіл ұлттың игілігі». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

4.Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.

5.Ырықсыз етістікке мысал келтір.

25-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей

1.Өзгелік етіске мысал келтір.

2.5 мақал-мәтел жазып, жатқа айт.

3. «Өмір талабы». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

2-деңгей

1.Ырықсыз етіске мысал келтір.(3 сөйлем)

2.Себеп үстеу дегеніміз не? Мысал келтір (2сөйлем)

3.Жалпылау есімдіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыру.

4. «Тіл ұлттың игілігі». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

1-деңгей

1.Ортақ етіске мысал келтір.( 3сөйлем)

2.Сын-бейне үстеуге 4 сөйлем құрастыр.

3.Септеулік шылауларды қатыстырып, 6 сөйлем құрастыр.

4. «Өмір талабы». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

5.Болымсыздық етістіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыр.

Авторы:

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

Бөлім: Қазақ тілі | Қосқан: Ұстаз (05.06.2014)

Көрсетілім: 908 | Ілмек сөздер: Деңгейлік тапсырма | Рейтинг: 0.0/0

Барлық пікірлер: 0







Диктанттар (І сынып)
І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер.
Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.
(10 сөз)
Мүйiз, май, Сәуле, бас, қағаз, белдік, жүгері, дәрі, отыр, жаз.
(10 сөз)
ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл.
(12 сөз)
Жарқанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, нәресте, оймақ, піл, қол, тарақ, түйе, тау, үтік, сөз, сынып, қалам, тақта.
(20 сөз)
ІІІ. Сөздерді буынға бөліңдер (сөздерді тақтаға жазып, оның схемасын сыздыру).
Айгүл,алма,доп, (үлгi).
Жолбарыс, балық домбыра, терезе, ат, айна, дәрiгер,әже,көкек,дұрыс.
Алмұрт,шелек,піл,айран,сағат,бор, торғай,күн,май.
(10 сөз)
IV. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, нан, ине, теңге, ою, ас, су, ақ, көк.
(15 сөз)
Шаңғы, әріп, бұзау, қызыл, қара, сынып, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары, бет.
(15 сөз)
Бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, қазақша, орысша, орын, ойна, демал.
(10 сөз)
V.Кім? Не? - деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз.
(15 сөз)
қасық, түлкі, тауық, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара, сызғыш, доп, дүкенші, ұя, мұғалім, тарақ, ою, көрпе, балмұздақ.
(20 сөз)
VI. Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Ерлан жақсы окушы. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.
(14 сөз)
Түлкi- сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi Түлкi қызыл түстi болады.Оның терiсi бағалы.Менiң ойыншық түлкiм бар.
(18 сөз)
Ертіс
Ертіс- өзеннiң аты .Ертiс терең, әдемi өзен.Ертісте кеме жүредi.Өзеннiң суы өте суық.Мен Ертісті көрдiм.
(17 сөз)
VІI. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Астана - бас қала; Абай даңғылы; Пушкин көшесі; Тобыл өзені; *Қазақ тілі* - газеті; Алматы қаласы; Қостанай облысы.
(16 сөз)
Алтынсарин мұражайы; Қостанай қаласы; Әулиекөл ауданы; халық әртісі - Роза Рымбаева; Ақылбек Шаяхметов - ақын; «Балдырған» журналы.
(14 сөз)
Қостанай.
Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен. Мектеп Байтұрсынов көшесінде.
(12 сөз)
Тапсырма: бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
VІІI. Не істеді? - деген сґраққа жауап беретін сөздер.
Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын.
(18 сөз)
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жаксы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.
(21 сөз)
Мектеп
Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.
(20 сөз)
IХ. Қайталау.
Менің әжем.
Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.
(20 сөз)
Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Қайрат.
Қайрат - оқушы. Ол жаксы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.
(19 сөз)
Тапсырма: * «Мәдина» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Саулық пен сымбат.
Денсаулық - зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам - спортсмен. Ол ауырмайды.
(14 сөз)
Тапсырма:«сымбатты«сөзін буынға бөліңдер.
Денсаулық күні.
Бүгін мектепте - денсаулық күні. Барлық оқушылар мектеп алаңында. Ауа райы он бес градус жылы. Мен де достарыммен бірге қатысамын.
(19 сөз)
Тапсырма: дауЫссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
*Бүгін- сөзін буынға бөліңдер.
Диктанттар (2 сынып)
І. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
1.Күз, күн, тәтті үлкен, бір, үш, төрт, қыз, бөлме, ата, әже, алмұрт, қоңырау, сабақ.
(15 сөз)
2. Білім, мектеп, сынып, оқушы, баға, шулама, дұрыс, жақсы, сұра, кел, ал, екі, үш, тіл, гүл.
(15 сөз)
3. Бүгін - білім күні. Қазір қазақ тілі. Болат тақтаға шықты. Мен дәптерге жаздым. Қолымды көтердім. Жауап бердім. Жақсы баға алдым.
(19 сөз)
ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
1. Бағдаршам, қара, алма, жер, тоқта, күт, дайындал, кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн, сәлем.
(15 сөз)
2. Қағаз, жаңбыр, бағдаршам, дастархан, ертең, сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе, табақ, сөз, дыбыс.
(15 сөз)
3. Метепке келдік. Сыныпта отырмыз. Сабақ басталды. Өте жақсы баға алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін.
(16 сөз)
ІІІ. Буынға бөліп жазыңдар.
1. Алма, қарбыз, дастарқан, қызыл, дәмді, сары, жасыл, жемеймін, жаңбыр, ұшты, жолға, тоқта, оңға, жапырақ, салқын.
(15 сөз)
2. Оқушы, мұғалім, кітап, терезе, дәптер, тақта, қалам, қарындаш, қабырға, бала, дүкен, кітапхана, дәріхана, балмұздақ, мектеп.
(15 сөз)
IV. Кім? Не? Деген сұрақтарды сөздің үстіне жазыңдар.
1. Тамақ, нан, қыз, сусын, мұғалім, тұз, май, әже, кесе, шырын, ана, торғай, табақша, дәрігер, құс.
(15 сөз)
2. Тақта, бор, қаз, оқушы, көбелек, кітап, дәптер, іні, әпке, гүл, Айгүл, есік, еден, Айдос, алмұрт.
(15 сөз)
3. Әлия нан сатып алды. Әжем тұшпара пісірді. Атам газет оқыды.Атам мен әжем үшеумiз сусын iштiк.
(16 сөз)
V. Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп жазыңдар.
1.Тыныш, дұрыс, сәлем, сынып, iш, қара, тоқта, пiс, тiс, же, анар, бағдаршам, жүзiм, алға, оңға.
(15 сөз)
2.Салқын, дәмдi, қызыл, тәттi, сөздiк, әже, қарбыз, сары, ұшты, күз, қыс, жылы, қазақ, солға.
(15 сөз)
3.Оңға, дейiн, керек, сана, сөз, көл, әкел, ұл, әрiп, қорап, қанша, үлкен, орташа, шеше, жаттығу.
(15 сөз)
VI.
1. Мен ерте ояндым. Бетi-қолымды сабынмен жудым. Киiм ауыстырдым. Анама көмектестiм. Атам маған балмұздақ сатып әпердi.
(16 сөз)
2. Кеш болды. Апам кешкi ас дайындады. Ол бауырсақ пiсiрдi. Бiз ас iштiк. Менiң ұйықтағым келдi.
(15 сөз)
Қыс.
Қыс келдi. Кеше суық қар жауды. Мен қармен ойнадым. Шанамен сырғанадым. Менiң досым Еркiн шаңғы тептi.
(16 сөз)
Жаңа жыл.
Жаңа жыл - үлкен мереке. Мерекеге Аяз ата келдi. Мен Жаңа жылға қоян киiмiн киемiн. Жаңа жыл тамаша.
(17 сөз)
1. Бүгiн бiрiншi сабақ - есеп. Мен тақтаға шықтым. Есеп шығардым. Мен есепте қосу мен көбейтудi жаксы бiлемiн.
(16 сөз)
2. Есепте.
Сен тақтада есепте. Екiге екi қосқанда неше болады? Дұрыс. Төрт болады. Жетi алу бiр. Қанша болады? Дұрыс, өте жақсы.
(19 сөз)
3. Қол еңбегi.
Бiз сабақта матадан дөңгелек қидық. Мата қызыл. Мен матаны қайшымен қидым. Қызыл жiппен тiктiм.
(14 сөз)
Сурет.
Сурет сабағы өте қызық өтедi. Бұл сабаққа дәптер, бояу, қылқалам, өшiргiш, қарындаш керек. Мен сабақта түлкiнi салдым.
(17 сөз)
Көктем.
Көктем келдi. Бiз далада қуаласпақ ойнадық. Дене шынықтыруда доп лақтырып та ойнадық. Ауа райы жақсы.
(15 сөз)
Наурыз.
Наурыз жыл басы. Мектепте Наурызға дайындалып жатыр. Наурызда үйлердi, көшелердi тазартады. Қош келдiң, Наурыз мерекесi
(15 сөз)
Жуан, жiңiшке жалғаулар.
1. Ойындар.
Күндер жылы. Ауа таза. Балалар аулада ойнап жүр. Менiң достарым дойбы ойнап отыр. Ойындар бәрi қызық.
(16 сөз)
2. Жаз.
Жаз келдi. Құстар ұшып келдi. Гүлдер, жидектер өсiп тұр. Мен терезелердi аштым, жудым. Жаз айлары өте сұлу.
(17 сөз)
Әншi.
Маржан домбырамен ән айтты. Оның әнi балаларға ұнады. Балалар қол шапалақтады. Маржан иiлiп сәлем жасады.
(15 сөз)
Жазғы каникул.
Оқу жылы аяқталды. Мен үшiншi сыныпқа өттiм. Каникулда мен ауылға барамын. Аулдың қасында теңiз бар. Мен теңiзде шомыламын.
(18 сөз)
Диктантар (3 сынып).
Менiң сыныбым таза, жылы. Бiз сабақта тыныш отырамыз. Қазiр қазақ тiлi сабағы. Мен жолкөз дәптерге жаттығу жазып отырмын. Екiншi сабақ - дүниетану. Сабақ кестесi бойынша қазақ тiлi бiрiншi болады. Бiздiң сыныпта тақта жаңа. Оқушылар қазақ тiлiн ұнатады. Мұғалiм сабақты жақсы түсiндiредi.
(40 сөз)
Тапсырма: *дәптер*, *күнделiкке* сөздердi буынға бөлiңдер.
Күз.
Күз келдi. Күн суыта бастады. Бүгiн үшiншi сыныпта бес сабақ. Мен өзiм қазақ тiлi сабағын ұнатамын. Ал менiң досым Айнұр сурет сабағын ұнатады. Ол күзгi табиғатты жақсы салады. Мен қазақ тiлiнде күз туралы өлең жаттадым. Алтын күздi барлық адамдар сүйедi.
(40 сөз)
Тапсырма: жiңiшке дыбыстардың астын сызыңдар.
Көйлек жуу.
Менiң қуыршағым бар. Оның аты - Айсұлу. Айсұлудың көйлектерi көп. Көйлектерi бәрi әдемi. Бiрақ тез кiрлейдi. Оны жиi жуу керек. Мен кiр жууды анамнан үйрендiм. Айсұлудың ұлттық киiмi де бар. Қуыршағымның шашы ұзын. Мен шашын тараймын, жуамын.
(41 сөз)
Емен.
Емен - мәңгi көгерiп тұратын жасыл ағаш. Оның жапырақтары әдемi. Емен ағашы өте мықты, қатты. Еменнен кеме, вагон, үй жиһаздары жасалады. Емен қабағының дәрiлiк қасиетi бар. Еменнiң жаңғағын шошқа жейдi. Алматы көшелерiнде емен көп өседi.
(34 сөз)
Қазақстанның рәмiздерi.
Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше.Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы - Астана. Жиырма бесiншi қазан - мемлекеттiк мереке.
(32 сөз)
Күз айлары.
Күз тамаша уақыт. Күз айлары - қыркүйек. қазан, қараша. Құстар жылы жаққа ұшуға даярланды. Жапырақтар сарғайды. Гүлдер солды. Адамдар жылы киiм кидi. Жиi-жиi жаңбыр жауды. Менiң қолшатарым бар. Мен күздi жақсы көремiн.
Тапсырма: қыркүйек, қазан сөздерiне дыбыстық талдау жасаңдар.
(32 сөз)
Кiтап дүкенi.
Алтынсарин көшесiнде кiтап дүкенi бар. Дүкен тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында. Онда оқу құралдары көп. Мен кеше дүкенге бардым. Дүкеннен оқулық, сөздiк сатып алдым.
Сөздiк он бес теңге тұрады. Дәптер алпыс тиын тұрады.
(32 сөз)
Санау.
Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейiн он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшiн ұсақ тастар қолданылды. Бiршама уақыт өттi. Адамдар тастарды жiптерге тiзiп қоятын. Кейiн жiптiң орнына таяқша қолданылды. Бұл қазiргi есеп шоттың бiр түрi едi. Техника өстi. Есептер қиындай түстi. Оларды шешу үшiн машина керек. Электронды есептеу машиналар осылай шықты.
(64 сөз)
Сабақта.
Балалар мектепте жиналды. Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныпқа кiрдi. Есiк ашылды. Сынып кең, жарық. Оқытушы келдi, сәлемдестi. Үйге берiлген тапсырманы тексердiк. Зарина жауап бердi. Мен да бүгiн баға алдым. Тапсырманы дұрыс орындадым.
(31 сөз)
Петровичтiн еменi.
Қырқыншы жылдың аяғы. Мен оқушымын. Қыс қатты едi. Сол жылғы қыста мектебiмiзге бiр мұғалiм келдi. Ол оқушылармен бiрге ағаш отырғызды. Келесi жылы соғыс басталды. Мұғалiм соғысқа кеттi. Сол отырғызған ағаштардан қалЈғаны - жалғыз емен. Қазiр оны Сергей Петровичтiң еменi деп атайды.
(С.Сарғасовтан)
(40 сөз)
Iшiк.
Iшiк - жылы киiм. Iшiктi аң терiсiнен жасайды. Оның сырты қымбат матамен қапталады. Iшiктi қыстыгүнi күн суытқанда киедi. Ол әрi жеңiл, әрi жылы. Iшiк киген адам суықта тоңбайды. Менiң атамда қасқыр iшiк бар.
Тапсырма: *жасайды*, *тоңбайды* сөздердi буынға бөлiңдер.
(32 сөз)
Менiң Отаным.
Он алтыншы желтоқсан - мереке. Бұл Қазақстанның тәуелсiздiк күнi. Менiң елiм - Қазақстан. Астана - жаңа қала. Алматы - мәдени астанамыз. Мен Астананы да, Алматыны да көрдiм. Астанада Қазақстанның рәмiздерi өте сұлу.
(31 сөз)
Жаңа жыл.
Жаңа жыл өте көңiлдi мереке. Бiздiң мектепте жаңа жылға дайындалып жатыр. Шыршаға ойыншықтар, жұлдызша, жалауша iлдiк. Аяз ата баларға сыйлық әкелдi. Балалар биледi. Қызық ойындар ойнады. Ақшақар маған өте ұнады.
(31 сөз)
Тапсырма: *шырша*, *сыйлық* сөздерiне дыбыстық талдау жасандар.
Сурет.
Қанат сурет салуды жақсы көредi. Оның
альбомында неше түрлi суреттер бар. Әрбiр сурет түстi қарындаштармен, бояумен боялған.Қылқаламы жаңа. Қанат күннiң суретiн салды.Оның астына: "Әрқашан күн сөнбесiн" деп жазды.
(30 сөз)
Әншi.
Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты.Олар хормен қазақша ән айтты.Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi.Балалар: "Бұл кiм?" деп таң қалды.Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.
(30 сөз).
Әже.
Менiң әжем бар.Әжемдi өте жақсы көремiн.Ол саған ертегi айтып бередi.Қобыланды, Алпамыс батырлар туралы жырлар айтады.Бүгiн аналар мейрамы.Мен әжеме гүл сыйлаймын
(30 сөз)
Тапсырма: «мейрам» сөзiнiң схемасын жасаңдар.
Ана.
Ана отбасының тiрегi. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Анасы бар үй - береке.
Барлық ана бейбiтшiлiктi қалайды. Баласының
бақытты болуын қалайды. Бiз ананы сыйлаймыз,
құрметтеймiз. Аналар бақытты болсын
(27 сөз)
Тапсырма: «аналар» «береке» сөздердi буынға бөлiңдер.
Ауа.
Адам ауамен дем алады. Ауасыз өмiр жоқ. Ауа таза болу керек. Сынып, бөлме ауасын тазартып тґру пайдалы. Ауа таза болса, адамның денсаулығы жақсы болады. Бiз ауа туралы валеология сабағында оқыдық.
(30 сөз)
Тапсырма: «ауа» «бiз» сөздерiне фонетикалық талдау жасаңдар.
Ауа райы.
Бґгiн ауа райы суыј болды. Серiк ерте
тґрады. Дене шынықтырады. Суық сумен жуынады. Суық сумен жуыну денсаулыққа өте пайдалы. Серiк жеңiл киiм киедi. Күндiз жаңбыр жауған жоқ. Ол қолшатырын үйде қалдырды.
(31 сөз)
Ұя.
Қарлығаш ұя салды. Бiрақ ұяға торғай орналасып алды. Қарлығаш басқа қарлығаштарды көмекке шақырды. Көмек көрсетуге көп қарлығаштар келдi. Олар ұядағы торғайды қуып шықты. Қарлығаш ұясына орналасты. Достарына рахмет айтты. Достық - үлкен күш.
(32 сөз)
Наурыз.
Наурыз-жыл басы.Наурызда күн мен түн теңеледi.Қазақ күнпарағы бойынша наурыз-жаңа жыл. Жиырма екiншi наурызда наурызкөже пiсiредi. Қаламызда наурыз тойы жақсы өтедi. Наурыз күнi ауа райы да жақсы болады.
(30 сөз)
Волейбол.
Бүгiн дене шынықтыру сабағы бесiншi сабақ. Мектеп алдындағы кiшкене алаң.Екi бағанға керiлген волейбол торы. Ол биiктеу.Бәрiнiң секiргiсi келедi.Бiрақ доп тордан аспай қалады.Данияр мен Жанар шапшаң қимылдайды.Дене шынықтыру сабағы өте қызықты.
(34 сөз.)
Айна.
Адам өз түрiн айнаға қарап көредi. Айна жүзiң қандай болса,сондай етiп көрсетедi. Жағаңды айнаға қарап түзесең,шашыңды айнаға қарап тарайсың.Айна шыныдан жасалады. Айна да адамның жақсы көмекшiсi.
(29 сөз)
Көкек.
Көкек шағын құс.Ол «көкек, көкек» деп дыбыстайды.Сондықтан оны көкек дейдi.Ол бiрден артық жұмыртқаламайды. Көкек ұя салмайды. Көкек балапан баспайды. Жұмыртқасын кез келген торғайдың ұясына тастайды.Оны торғай басып шығарады.
(32 сөз.)
Тапсырма: Көкек балапан баспайды.- сөйлемнiң схемасын жасаңдар.
Бүркiт.
Бұркiт-қыран құс. Ол қоян, қарсақ және тышқандарды жейдi. Бүркiт кейде ақбөкен мен тауешкiнiң төлдерiн ұстайды. Бұрын қазақтар бүркiтпен аң аулаған.Үйретiлген бүркiт түлкi мен елiктi,қасқыр мен қоянды ұстаған.
(31 сөз.)
Жазда.
Жазда бiз түйе фермасында болдық. Фермада түйелердi, олардың боталарын көрдiк. Бiзге әсiресе ақ бота ұнады. Ақ бота өте сүйкiмдi. Ақ ботаға бiз жем, су бердiк.
(28 сөз.)
Достық.
Шоқан әкесiмен Потаниннiң үйiне келдi. Оның Шоқанмен құрдас ұлы бар. Аты -Григорий. Ол Шоқанмен достасып кеттi. Григорий Шоқанға орысша үйреттi. Шоқан арабша сауатты болатын. Шоқанның зеректiгiне Григорий таң қалды.
(29 сөз.)
Диктанттар. (4 сынып.)
Қазақ тiлi сабағы.
Мұғалiм сыныпқа келдi. «Сәлеметсiздер ме, балалар» - дедi. Оқушылар орнынан тұрды, сәлемдестi. Әлия тақтаға шықты.Тақтаға қатесiз жазды. Сөйлемнiң соңында нүкте қойды. Арман мәтiндi оқып, аударды.
Саша оған көмектестi. Бәрiмiз тақтаға назар аудардық.Қазақ тiлi сабағы көңiлдi, қызықты өттi. Әрбiр сөздi бәрiмiз хормен қайталадық.
(43 сөз.)
Тапсырма: Кiмдер? деген сұраққа жауап беретiн сөздердiң астын сызыңдар.
Қала.
Бiз қалада тұрамыз.Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi.Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Жүрiп жатқан әр түрлi машиналар. Қаламыз өте таза. Мектептiң қасында қаладағы ең үлкен кiтапхана бар. Мен өз қаламды жақсы көремiн. Қаланың тұрғындары өте қонақжай.
(42 сөз.)
Тапсырма; «көшелерi», «үйлерi» «тұрғындары» сөздерiнiң түбiрiн ажыратыңдар.
Кезекшi.
Бүгiн Жанар мен Айнґр сыныпта кезекшi. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келдi. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелердi ашты. Айнұр партаның үстiн, тақтаны дымқыл шүберекпен сүрттi. Бiрiншi сабақ қазақ тiлi. Кезекшiлер әр партаға сөздiктердi дайындады. Сөздiктер сөреде тґрған. Қыздар өз мiндеттерiн ұқыпты орындады.
(43 сөз)
Көбелек.
Күз.Шалғында түрлi гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Мұның мәнi бар. Қарлығаш ұшып келдi. Ол көбелектердi таба алмай қалды. Көбелектер өзiн жаудан осылай қорғайды.
(50 сөз.)
Мектеп бағы.
Биыл бiз жаңа мектепке барамыз. Мектеп ауласы үлкен. Сынып бөлмелерi әрi кең, әрi жарық. Мектебiмiз екi қабатты.Терезелерi биiк. Мектеп баЈына көптеген ағаштар отырғыздық. Гүл алаңын жасадық. Гүл алаңында менiң сүйiктi гүлдерiм өсiп тұр. Бiз әр Үзiлiсте мектеп бағына барып демаламыз.
(40 сөз.)

Астана.
Астана солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада көптеген құрылыс жүрiп жатыр. Бiздiң қаладан Астанаға поезд барады. Менiң көкем Астанада оқиды.
(38 сөз.)
Қостанай.
Мен күндидарлы Қостанайда туып-өстiм. Қостанай Тобыл жағасында орналасқан. Қостанай мешiтiне 126 жыл толды. Мешiт өте сұлу. Орталықта Ыбырай Алтынсарин мектебi және мґражайы бар. Бiз жылда ұлы ұстаздың туған күнiне қарсы мұражайға барамыз. Ыбырай Алтынсарин-бiздiң атақты жерлесiмiз.
(38 сөз.)
Тапсырма: «айтты», «көрсеттi» сөздерiн келер шаққа қойып, жазыңдар.
Ақылбек Шаяхмет.
Ақылбек Шаяхметов-Қостанайлық ақын. Бiз мектепте ақынның өлеңдерiн оқимыз. жаттаймыз,аударамыз. Биыл ақынмен кездесу кешiн өткiземiз. Ақылбек Шаяхмет - дарынды ақын. Оқушылар ақынның өлеңдерiн өте жақсы көредi. Мерекелерде ақынның өлеңдерiн жатқа айтамыз.
(39 сөз.)
Менiң атам екеу.
Мен он жастамын. Төртiншi сыныпта оқимын. үздiк оқуға менiң аталарым көмектеседi. Менiң екi атам бар. Бiреуi- әкемнiң әкесi. Екiншiсi-анамның әкесi. Үлкен атам ұзын бойлы, шашы көзi-қап-қара.
Кiшi атам әлi жас, қайратты. Ол орта бойлы,өте сабырлы адам. Мен аталарымның ең жақсы қасиеттерiн алдым.
(46 сөз).
Тапсырма: «шаш», «қара» сөздерiнiң омонимдерiн жазыңдар.
Аға.
Менiң ағамның аты -Жандос. Ағам- жүргiзушi. Жақында Жандос жаңа машина алды. Ағам жиырма жетi жаста.Ол әлi жас. Жандостың достары көп.
» Ағасы бардың жағасы бар»дейдi қазақ мақалы. Мен ағамды жақсы көремiн. Бiз ағалардан үлгi алып өсемiз. Мен де өскенде ағам сияқты боламын.
(42 сөз.)

Менiң бөлмем.
Бiздiң пәтер үш бөлмелi. Ең кiшкентай, жылы бөлме-менiкi. Бөлмемде екi кiлем бар. Бiр кiлем қабырғада iлулi тұр. Оң жақта керует тұр. Сол жақта -шкаф. Бөлменiң ортасында дөңгелек үстел тұр. Бұрышта, шкафтың үстiнде гүлдер тұр. Мен бөлмемдi өзiм жинаймын.
(39 сөз.)
Ине.
Әжемнiң көзi жақсы көрмейдi. Ол инеге жiптi сабақтай алмайды. Инеге жiптi мен сабақтап беремiн. Журнал,газеттердi оқып беремiн. Әжем маған қолғап тоқып бередi. Әжем менi «Сен менiң жарығымсың,көзiмсiң» деп жақсы көредi. Қазiр менiң әжем зейнеткер. Әжем менiң ең бiрiншi ақылшым.
(41сөз.)
Боран.
Айнала тып-тыныш. Жер бетiн тегiс ақ қар басқан. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсiп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.
Екеуi бiрiн-бiрi қуалап, қар лақтырысып келедi. Кенет долы боран басталды. Екеуi мектепке қарай жүгiре жөнелдi. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естiлдi. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгiрдi. Бұл жаурап жылап отырған Мұрат екен. Балалар оны үйiне әкелдi.
(59 сөз.)
Қыста.
Қыс келдi. Түн ұзара бастады. Қар қалың жауады.Аяз қатты болды. Өзен суы мұз болып қатты. Балалар далада қармен ойнады.Қардан ойыншықтар жасады. Бiр топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр. Бәрi жылы киiм киген. Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
(40 сөз.)
Мемлекеттiк мереке.
Қазақстан-тәуелсiз мемлекет. Он алтыншы желтоқсан-мереке. Бұл күнi бiз оқымаймыз -демалыс. Мерекелерде жиналыс. Концерттер болады. Мен де концертке қатыстым.Отаным туралы қазақша ән айттым. Маған өз елiмнiң елтаңбасы, жалауы өте ұнайды. Мен Қазақстанның азаматымын. Менiң арманым - 2030 жылы президент болу.
(41 сөз.)

Жамбыл Жабаев.
Жамбыл Жабаев-қазақ халқының ұлы ақыны. Ол жүз жасаған адам. Соның сексен бес жылы ақындықпен өттi. Жамбыл ақынның шығарған өлеңдерi өте көп. Олар дүние жүзiндегi көптеген халықтардың тiлiне аударылды. Сүйiктi ақынның еңбегi өте жоғары бағаланды. Жамбыл өз өлеңдерiн еңбек адамдарына арнаған.
(41 сөз.)
Құрманғазы Сағырбаев.
Құрманғазы Сағырбаев -ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Бiз бастауыш мектептен бастап, сазгердiң күйлерiн тыңдап, тамашалаймыз. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра қалдырған. Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар. ұлы сазгер өмiрдi сүйген.
(41 сөз.)
Бiлiп ал.
Бiр жылда он екi ай бар. Жыл төрт мезгiлге бөлiнедi. Әр мезгiл үш айдан құралады. Бiр айда төрт апта,отыз күн болады. Көктемнiң бiрiншi айы-наурыз. Екiншi айы -сәуiр,үшiншi айы-мамыр.Көктемде үлкен мейрамдар бар. Олардың бiрiншiсi-8 наурыз-аналар мейрамы. Екiншiсi -наурыз. Аптада жетi күн бар. Әр күннiң атын бiлiп алыңдар.
(53 сөз.)
Тапсырма; мейрам - сөзiне фонетикалық талдау жасаңдар.
Қазақ тiлi апталығы.
Бiздiң мектепте қазақ тiлi апталығы басталды. Таңертең сынып сағаты болды. Түсте, сағат он екiде бiлiм сайыстары болады. Ертең суреттер көрмесi ұйымдастырылады. Бүгiн сабақтар аз. Мен үйге ерте барамын, суреттерiмдi дайындаймын. Қазақ тiлi апталығы жылда көңiлдi де қызықты өтедi. Мен қазақ тiлiн бiлгiм келедi.
(41 сөз.)
Қойдың пайдасы.
Қой- өте пайдалы мал.Қазiр оның биязы түрi көп өсiрiледi. Жүннен фабрикада түрлi маталар тоқылады. Терiсiнен былғары илейдi. Одан аяқ киiм, тон тiгедi. Қой етiнен көптеген тамақтар даярлайды. Сүтiнен iрiмшiк, май өндiредi. Қазақстанда койды көп өсiредi.
(36 сөз.)

Қияр.
Қияр-көкiнiс. Ол бақшада өсiрiледi. Қияр денсаулыққа пайдалы. Одан салат жасайды. Қиярда ақ ауыз көп. Қиярды тұздап, қысқа сақтауға да болады. Бiздiң бақшада қияр көп өстi. Бiздiң отбасымызда қиярдан жасалған салаттарды өте жақсы көредi. Мен бақша жұмысына көмектесемiн.
(41 сөз.)
Қараторғайлар.
Жер тез кептi. Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт, қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.
(46 сөз.)
Наурыз.
Наурыз Шығыс күнпарағы бойынша -Жаңа жыл. Наурыз-көктемнiң бiрiншi айы. Адамдар наурызды асыға күтедi. Бұл күндерi барлық адамдар сәндi киiмдi киедi. Бiр-бiрiн мерекемен құттықтайды. Жетi тағамнан наурыз көже пiсiредi. үлкен кiсiлер ақ тiлек бередi. Наурыз-менiң ең сүйiктi мерекемнiң бiрi.
(40 сөз.)
Тапсырма:сын есiмнiң астын сызыңдар.
Аққу.
Бұл көлдi «Аққу көлi» деп атапты. Бiз
«Аққу көлiне» жақын келiп тұрдық. Онда аққулар қос-қостан жүзiп жүр. Аққу мойыны ұзын, тiсi аппақ,өте көрiктi, сұлу құс екен. Әне, екi аққу көл бетiнде баяу қалғып жүзiп барады. Аққу-көлдiң көркi.
(47 сөз.)
Тапсырма: «аққу», «көркi» сөздерiне фонетикалық талдау жасаңдар.

Көктем.
Көктем келдi. Құстар туған жерге орала бастады. Кеше бiрiншi рет күн күркiредi. Мен найзағай жарқылдағанын көрмедiм. Далада жер жыртып жатыр. Күн жылынды, көк шықты. Жәндiктерге жан бiтедi. Көктемгi демалыста бiз Астанаға бардық. Қорғалжын қорығында қызыл кiтапқа жазылған құстарды көрдiк. Астанаға да тамаша көктем келiптi.
(44 сөз.)

Орман.
Әсеттiң әкесi-орманшы. Бiз Әсеттiң үйiне бардық. Орманды әкесiмен бiрге араладық. Онда неше түрлi ағаштар өседi екен. Орман ағаштарының басында әдемi құстар ұшып-қонып жүр. Әншi құстар да көп. Неше түрлi зиянды жәндiктер де бар. Ағаштарды зиянды жәндiктерден қорғау керек.
(41 сөз.)
Табиғатты қорғаңдар.
Табиғат-халық қазынасы. Сондықтан, байлығын пайдаланып, қорғай да бiлуiмiз қажет. Саны сиреп,құрып бара жатқан аң, құстарды,өсiмдiктердi де арнайы кiтапқа тiркеу керек. Бұл кiтапты «Қызыл кiтап» деп айтады. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аз аң-құстар, өсiмдiктер жазылады.
(46 сөз.)
Сауысқан.
Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды,түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады.
(48 сөз.)
Мәншүк Маметова.
Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден,бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиетi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын.
(З.Байкуловадан.)
(47 сөз.)
Мамыр.
Мамыр-үшiншi ай. Көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады,төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. Мектептерде де мамыр айында соңғы қоңырау соғылады.
(46 сөз).



© 2010-2022