Ертегілер елінде Алдар көсе мен Қожанасыр ( сахналау)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Мақсаттары: Оқушыларды ертегілер арқылы өмірге деген дұрыс көзқарасқа, ой өрісін, сөйлеу тілін дамытып, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.

Көрнекілігі: Ертегілер, Алдар көсе мен Қожанасырдың суреттері.

Тәрбие сағатының барысы:

  1. Сап түзеу.

  2. Мұғалімнің сөзі:

Ертегі-халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Кейбір ертегілер қазақтың өте ерте замандағы өмірін көзге елестетеді. Балалар, бүгінгі біздің Ертегілер елінде атты ертенгілігімізге Қожанасыр мен Алдар Көсе аталарымыз келеді. Олар сендердің ертегіні қалай білетіндерінді және өнерлеріңді, білімдеріңді тамашалауға келеді.

«Тазшаның қырық өтірігі» деп аталатын күлдіргі ертегіні естіген боларсыздар. Сонда өлімнен қорықпай, қаһарлы ханның алдына қасқайып кіріп: «Мен шешемнің құрсағында жатқан кезімде әкемнің жылқысын он бес жыл бақтым», - деп өтірік әңгімесін бастайтын бір қаршадай ғана батыл бала бар. Ол бізге өзінің Тазша бала деген күлкілі атымен танымал.

Осы ертегіде Тазша бала қырық өтірікті мүдірмей айтып шығып, ханның тосынан қойған тосқауыл сұрақтарына да тапқырлықпен жауап береді. Хан тағы да, айла-шара ойлап, баланы сүріндірмек болып: «Ал енді қырық ауыз өтірк өлең айт»- дейді.

Тазша бала бұған да мүдірмейді.

Жүк артып инелікке ерте көштім,

Жүйкелеп сары майдан арқан естім.

Мұратына шегірткенің ат арқандап, Дегенде өлдім-талдым әрең шештім,-деген сияқты ұшқыр қиял, тапқыр ойға толы өтірік өлеңін ағылта жөнелді. «Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым, ши оқпен мың құланды атып қырдым, ауынан өрмекшінің кілем тоқып, ұялмай жүз тұзатқан сатып тұрдым.»,- деп ханды да күлдірді. Сөйтіп, қаршадай Тазша бала өзінің батылдығымен , ақыл айласымен, сөзге тапқыр шешендігімен жай оттай жарқылдап өлім тырнағына ілікпей жеңіп, мұратына жетеді.

Жүргізуші: Қазір тазша баланың тойға келуін күтіп отырмыз.

Жұлдызшы: (дүрбісімен қарап отырып): Бәсе, бұларсыз қандай

той болмақ. Әне келе жатыр.

Жүргізуші: Ата, оларыңыз кім?

Жұлдызшы: Ана ушеуі ше. Әлгі әпенділерді айтам.

Жүргізуші: А, а... Қожанасыр мен Алдар Көсе ме?

Жұлдызшы: иә, қасында қыршаңқысы тағы бар.

Жүргізуші: Онысы тағы кім?

Жұлдызшы: Е, әлгі сужұқпас ше?

Жүргізуші: Тазша бала ма?

Жұлдызшы: Иә, соның дәл өзі, әне, келіп қалды.(Үшеуі дауылдасып, дыбырласып келеді)

Жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық.

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз боп ертегіден бізге жеткен,

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

Қожанасыр: Уа, бәрекелді, бәрекелді! Алыстан есек шаршатып, етік тоздырып жеткенімде орталарыңадәл бүгінгі күні келгеніміз қандай дұрыс болған. Алдар, Тазша мынау халайыққа сәлем берейік:

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Құтты болсын бүгінгі осы тойың.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрің жегің.

Алдар Көсе:

Мен, Алдармын, Алдармын,

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым.

(Қолын кеудесіне салып иіледі)

Жүргізуші: Алдар, Қожанасыр атайлар сөз кезегін Тазша балаға берейік.

(Тазша бала сөйлеп ала жөнеледі)

Тазша бала:

Туа сала атаңдым Тазша бала,

Меңдей аңқау болмас-ау басқа бала.

Той өтеді дегенді естіп,

Көк есекті желдіртіп жаста болса.

Оқушы:

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,

Салт-сана, әдет-ғұрып кетіліпті.

Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?

Бір шалға немересі жекіріпті.

Тазша бала:

Балықтың қабырғасын отқа жақтым,

Өтірік өлең айтып жұртқа жақтым.

Бір сонам асыраңды қашып кетіп,

Мекеден он жыл іздеп әзер таптым.

Оқушы:

Міндім де ақсақ қоңыз аяндадым,

Болдыртып аяңымен қоян алдым.

Апырмай сол қоянның семізін-ай

Көтеріп қоңызыма қоя салдым.

Тазша бала:

Қамысты жылқы ұстауға құрық қылдым,

Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.

Бір талын сақалымның кесіп алып.

Көшкенде жылқы айдап шыбық қылдым.

Қожанасырдың көңіл-күйі түсіп, берекесізденіп тұрады.

Алдар Көсе: Әй әпендім неғып үн-түнсіз, берекең қашып тұр?

Қожанасыр: Әй, Алдарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе?

Есегіме артып әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әнебір бұрышта «рэкет» деген пәлелер тартып алып, есек те жоқ, базарлығым да жоқ, жұртыма не айтарымды білмей тұрғаным...

Алдар Көсе: Апырай ә, шының ба?

Қожанасыр: Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ел-жұртты бүлдіріп,қазіргілердің бәрі Тазша екеуінің ұрпақтарың көрінеді.

Алдар Көсе: (сөзден тосалып жұртқа қарап ойланған болып): Апырай, ә,мына пәледен қалай құтылсам екен? ә-ә-ә , таптым, таптым! (Қожеке бұрылып) Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк пе? Қанарың қызыл ала ғой.

Қожанасыр: Иә, дәл солай!

Алдар Көсе: Ендеше әлгінде бір-екі полиция жұртқа жар салып, иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына «Көктемнің» дәл бергі бұрышында. (Қожанасыр қалбалақтап солай қарай жүгіре жөнелді).

Алдар Көсе: Әй, Суайтбегім! Мынау тағы не сұмдық! Қайдағы жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубатты қайдан таптың? Өтіріктің де жөні бар емес пе?

Тазша бала: Ой, Алдеке, имандай шыным. Оллахи-бұлаххи (қолының қырымен тамағын орады).

Алдар Көсе: Тек-ей, ант су ішіп не болды? Алдына жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян. Қожекең екеуің немене, қара аспанды суға алдырып. Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елкезек екен. Бірі аттан түсіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық тастап, енді біреуі қолыма су құйып, бәрі құрақ ұшып қарсы алды.

Тазша бала: Е-е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да, әйтпесе бізді қайтсін. Әпенділері де, өтірікшілері де толып жатқан көрінеді. Әлгінде той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ: «Ой, аға, мұнда сізге не бер? Біздің сеніп жүрген ағаларымыздың қасында өтірік айтудан сіз жіп есе алмайсыз»- дейді. Содан абыройым барда осылай тарттым.

  • Жә, сөзді қойып, балалардың бізге әзірлеген ертегісін тамашалайық!

(Сахнаға оқушылар шығып, «Алдардың шық бермес, Шығайбайға қонақ болуы» ертегісін орындайды.)




№45 жалпы орта білім беретін мектеп


Ертегілер елінде Алдар көсе мен Қожанасыр( сахналау)


Тақырыбы:


Ертегілер елінде



Ертегілер елінде Алдар көсе мен Қожанасыр( сахналау)




Орал 2012ж

№45орта жалпы білім беретін мектеп.


Ертегілер елінде Алдар көсе мен Қожанасыр( сахналау)

Тақырыбы: Мемлекеттік

рәміздер.

Орал 2012ж

7

© 2010-2022