Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-Мұқасан

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-МұқасанМузыка пәнінен ашық сабақ Дос-Мұқасан

Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-МұқасанСабақтың тақырыбы: Дос-Мұқасан Сабақтың мақсаты: а ) Білімділік: «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы, наурыз мейрамы туралы түсініктерін қалыптастыру. ә) Тәрбиелігі: Әнді әуенімен дұрыс орындауға, музыканы бағалай білуге тәрбиелеу. б)Дамытушылығы:Ойын арқылы қызығушылықтарын ояту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, музыкалық суреттер, қазақ үй.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын қарау.

Психологиялық дайындық

Куй тартайық күмбірлі,

Ән айтайық көңілді.

Би билейміз ырғақты,

Жақсы оқимыз сабақты .

1-топ. Қобыз Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-Мұқасан2-топ. Домбыра Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-Мұқасан

3-топ. Жетіген Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-Мұқасан деп үш топқа бөліп алу.

Оқушыларды топқа бөлу арқылы үй жұмысын сұрау.

1-топ. Эстрада күнделікті бізбен бірге тақырыбын әңгімелеу.

2-топ. Құтты болсын әз -Наурыз!

3-топ.Біліп ал.

Үй жұмысына шыққан оқушыларға қосымша сұрақтар беру .

Өткен сабақты пысықтау. Сұрақ-жауап арқылы пысықтау .

1-топ. Қобыз

1.Сен қандай халық әндерін білесің ?

2.Эстрада жанрларын ата?

2-топ. Домбыра

1.Эстрада әндерін кім шығарады ?

2. -Әннің авторы кім?

3-топ. Жетіген

1.-Ән не туралы айтылған?

2. Наурыз айында қандай мерекелер тойланады?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар қазақтың ұлттық аспаптарының суретін құрастырады.

Ой қозғау: әуенді жасыру арқылы жаңа сабақты ашу.

Жаңа сабақ: «Дос-Мұқасан».

«Дос-Мұқасан» туралы түсінік беру.

Суретте Қазақстанға танымал вокальды -аспапты «Дос-мұқасан» ансамблі. Ансамбльді политехникалық институттың студенттері 1967 жылы ұйымдастырды. Ал ансамбльдің атауы ансамбль құрамындағы студенттердің атының бірінші буынынан құралған. «Дос»-Досым Сүлеев, «Мұ»-Мұрат Құсайынов, «Қа»-Қамит Санбаев, «Сан»-Саня Литвинов. Ансамбль мүшелері ән айтып, бірнеше аспапта ойнай білетін.

«Дос-мұқасан» ансамблі халық компазиторларының әндерін өңдеп, орындай бастайды. Электрлі аспаптар сүйемелдеуімен орындалатын халық әндері жаңаша әуенмен халықтың жүрегіне бірден жол табады. «Дос-мұқасан» халықтың сүйіп тыңдайтын ансамбліне айналады.Ансамбль мүшелері кәсіби музыканттар болмағанымен, жаңа әндер де жаза бастайды. «Дос-мұқасан» орындауындағы «Той жыры», «Алматы түні», «Құдаша», «Сұлу қыз», «Куә бол» , т.б әндері әртүрлі мерекелік кештердің, той думандардың, концерттердің сәніне айналды.

«Дос-Мұқасан» әндерінен үзінді тыңдау.

Дәптермен жұмыс: Біліп ал!

Поляктың халық әні «Сұлу қыз» әнін орындау.

Сергіту сәті. Әр өткен тақырыптар бойынша 1 шумақтан ән айту.

«Әуенді тап» ойынын ойнаймыз. Әртүрлі әндерден үзініді беріледі, балалар әннің атын табады.

Бекіту сұрақтары.

-Қандай ансамбльмен таныстық?

-«Дос-Мұқасан» ансамблі қай жылы құрылды?

-«Дос-Мұқасан» ансамблінің орындаған қандай әндерді білесің?

Үйге тапсырма. «Дос-Мұқасан» тақырыбын әңгімелеу.

Мадақтау.

Бағалау.

Кері байланыс: - Көп нәрсе үйрендім.

- Ұнады ,алайда түсініксіз ұғымдар бар.

- Маған қиын болды, түсінбедім.

Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-Мұқасан

Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-Мұқасан

Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-МұқасанМузыка пәнінен ашық сабақ Дос-Мұқасан

«Атамекен орта мектебі»ММ







Ашық сабақ

Тақырыбы: « Дос-Мұқасан »

Дайындаған: Бахытжанова Құндыз

Сыныбы: 3 «Ж»

Музыка пәнінен ашық сабақ Дос-Мұқасан



2015-2016 оқу жылы

6


© 2010-2022