Сөз және оның мағынасы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

№11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Нурмуханова Райхан Яшковна

Сабақтың тақырыбы:Сөз және оның мағнасы

Сабақтың мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру. Мағынасы жағынан әр түрлі сөздер туралы түсінік беру. 2. Логикалық ойлауын, тілін есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Ұқыптылыққа, таза сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: слайд Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі: - Балаларды сабаққа әзірлеу. - балалар біздерге қазір қай сабақ? - қазақ тілі - Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі біздерге бүгін қонақтар келіп отыр.

Әрбір адам.Туысым, досым, жұрағат Әрбір сабақ Үйрену, ұғу, ұлағат Әрбір ісіңТірлік, тірек, адамдық Әрбір сөзің Шындық, бірлік, адалдық.

2.Үй тапсырмасын сұрау: «Аққала ойыны» - Өткен қазақ тілі сабағында үйге қандай тапсырма берілді? (слайд) Жұмбақ:Көкте жастық сөгілдіАппа мамық төгілді. Үй жұмысы орындалмас бұрын жұмбақ шешейік. Жұмбақ: - Олай болса аққала жасап, қыстың сәнін келтірейік. Үй тапсырмасын әр қатардан үш оқушы оқыды. Сұрақтар: 1. Сөйлем мүшелері деп неге айтылады? 2. Қандай сөйлем мүшелері бар? 3. Бастауыш не? Баяндауыш не? 4. Тұрлаусыз мүше не? 5. Жай сөйлем дегеніміз не? Бағалау (ойыншықтар)

3.Жаңа сабақ: - Енді балалар аққалаға не жетпей тұрғанын табу үшін тағы жұмбақ жасырайын Жасыл тонның бояуы, Жыл он екі ай оңбайды. Діні, бүршіктік салуы Қызқы аязға тоңбайды (шырша) - Шырша тігу ойынымен жаңа сабағымыздан үйренетін тапсырмаларымызды орындайық.

Ой қозғау: (көрнекілік) 1. Сөйлем дегеніміз не? Тиянақты ойды білдіреді. 2. Сөйлем қалай жасалады? Сөйлем сөздерден құралады.

1 - жаттығу (слайд) Берілген суреттерге мұқият қара. Олардың ортақ белгісімен айырмашылығын тап. Топпен жұмыс.

2- жаттығу Ой шақыру. Тақтамен жұмыс.

Сергіту сәті.

3 - жаттығу.Суретке қарап әңгіме құрастыру.

4- жаттығу (слайд) Бас: адамның басы, ағаштың басы, таудың басы. Бас сөзі түрлі мағынада қолданып тұр.

Ереже: Екі немесе одан да көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады.

6- жаттығу топпен жұмыс

  1. топ. Инеге байланысты жұмбақты шешкізіп суретін беру.

II-топ. Кірпі беру. III-топ. Шырша беру. Ортақ сөзін табу. Сөйлем құрау.

Жұмбақ:

1.Танауында арқаны, Бір батып, бір шүміп Жыртықты жамады. (ине)

2. Үсті толы ине Бірақта іс тігіп, Қадамайды түйме (кірпі)

3. Тікен - тікен тік пісте Қысы жазы бір түсте (шырша)

Үйге тапсырма.

  • Балалар міне шыршамызды да безендірдік. Енді шыршаны жағуымыз қажет Ол үшін Жаңа жылдың шыршамызға кім қажет? - Аяз ата. - Дұрыс. Бірақ аяз атаның бірнеше сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Дұрыс жауап берсек шыршамыз жанады.

Қорытынды.

  1. Жаман шайқап сөйлер Жақсы байқап сөйлер (қарама қарсы сөзді тап)

  2. Елдің көркі ерімен,

  3. Отан көркі жерімен (отан сөзіне мәндес сөздер айт)

  4. Жүздің түсін танығанша Бірдің атын біл. (көп мағыналылығын дәлелде)



© 2010-2022