Қыз - қызғалдақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ тақырыбы: «Қыз-қызғалдақ»
Мақсаты: Егеменді Қазақстанның болашағы қыздарымызды әдемілікке, сұлулыққа адамгершілікке және қазақ халқының салт-дәстүрін бойына сіңіре өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, үнтаспа, қыз туралы жазылған қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.
1-жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты асыл аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар!
Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді.
2-жүргізуші: Аналар! Көктемгі гүлдей жарқырап келген гүл мерекелеріңіз, құтты болсын.
Сіздерге тек дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын күн сәулесінің шапағын тілейміз. Енді сіздерге арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар!
1-оқушы
Мен үшін не керек Айналайын анашым Бәрін іздеп табасың Көкте күн боп жанасың Айналайын анашым Ет жүрегің елжіреп Құшағыңа аласың.
2-оқушы
Сыйлаған маған өмірді Мейірі анам - күн нұры Анашым менің аялы. Шапағы мол шашылған Жүрегі жұмсақ көңілі Сен өмірдің бұлбылы Күн шуақты саялы Гүлім менің ашылған

3-оқушы
Дүниеде ең кемеңгер дананы Ана табады, аялайды, бағады. Сол үшін де құдіретіне бас иіп Құрметтейік қасиетті ананы.
4-оқушы
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін Махаббатың жүрегімде жүр менің Күн нұрындай жадырай бір күлгенің Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
5-оқушы

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
6-оқушы
Ер жеткізіп елге берген баласын Ақылдысың ардақтысың данасың Қарайтыным қас-қабағың бір сенің Қайратыңнан қайта көрме анашым.
1-жүргізуші: Ал кұрметті қауым «Қыз-қызғалдақ» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын, сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасын тағайындап алайық. (әділ қазылармен таңыстыру)
2- жүргізуші
Мен қазақ қыздарына қайран қалам Жанары жаны жаздай жайраңдаған «Қыз өссе - елдің көркі» деген сөзді Қапрысыз қалай айтқан - қайран бабам, - дегендей, ортаға бүгінгі «Қыз -қызғалдақ» сайысына қатысатын аруларды ортаға шақырамын.
1-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып Келеді міне ортаға толқып тасып Аруларын сыйлаған халқым менің Көңілді қошеметпен қарсы алайық. 2-жүргізуші: Алдымен байқауымыздың кезеңдерін таныстырайық.
1-жүргізуші: Байқау 6 кезеңнен тұрады.
1-кезең Қыздардың өзін таныстыруы.
2-жүргізуші: 2-кезең «Менің қол өнерім» (Қолдарынан келген өнерлерін ортаға салу)
1-жүргізуші: 3-кезең «Білімді - мыңды жығар білекті - бірді жығар» (Аруларымыз сұраққа жауап береді)
2-жүргізуші: 4-кезең «Өнерлі өрге жүзер» (Аруларымыздың бойындағы өнерін тамашалаймыз)

1-жүргізуші:
5-кезең «Сән үлгісін» көрсету
2-жүргізуші: 6-кезең «Ас адамның арқауы» (дастархан мәзірі)
1-жүргізуші. Баға 5 балдық жүйемен қойылады.
Олай болса кешімізді бастайық.
Гүл көңілің қуаныштан өрілді
Жанарыңнан жалын нұры төгілді
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен
Көпшілікке таныстыршы өзіңді
2-жүргізуші
1-кезең - Таныстыру әділқазылар алқасын аруларымызға. Таныстыру бөлімі бойынша баға берулеріңізді сұраймын.
1-жүргізуші: Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетіп Біз айтайық төрелігін соңынан - деп кезекті ою оюға береміз. «Менің қол
өнерім кезеңі» 2-жүргізуші: Біздің сайыскерлеріміздің жасаған заттары дайын болғанша
біз музыкалық әуен тамашалайық.
1-жүргізуші: Жас ару жас ғұмырдың талғамысың Қуантқан әрбір үйдің арманысың Дәл бүгін қанат қолдап сый аларда
Сан сұраққа сүрінбей самғап ұшқын - деп 3-кезең «Білімді - мыңды жығар білекті - бірді жығар» 1-ші Тақтадағы сандардың бірін таңдап жасырылған сұраққа кезекпен жауап беру. 2-ші Гүлге жасырылған сұраққа жауап беру
2-жүргізуші: Даусың қандай сырлы еді Табиғатты тыңдатқан Көркің қандай нұрлы еді Таң шолпанмен астасқан Өнеріңді кәне бәрін көрсетші Мына жұртқа, қошеметпен қол соққан. 3-кезең «Өнер сайысына» кезек берейік
1-жүргізуші: 5-кезең «Сән үлгісі»
Ал халайық ықыласпен демейік
Арулардың сән үлгісін көрейік
Сырыменен сымбатына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берейік - Аруларымызды қарсы алайық. 2-жүргізуші: Көрсетеді әр салада сайысып Қимылдары жүргендей жай ұшып Мерекелік ас мәзірін жасайды Қыздарымыз бармақтары майысып 6-кезең «Ас адамның арқауы» Аруларымыздың аспаздық шеберлігін сынау. 1-жүргізуші: Аруларымыз ас мәзірін дайындап болғанша «Таэквон-до» спортының шебері Асланның өнерін тамашалайық.
2-жүргізуші: Осымен аруларымыз 6 кезеңнен өтіп өздерінің өнерлерін көрсетті. Әділ сайыс қорытындысын шығарғанша кезекті тағы бір әнге берейік. 1-жүргізуші: Міне сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Енді сөзді әділқазыларға берейік. Марапаттау 2-жүргізуші: Осымен 8 - Наурыз мерекесіне арналған шағын сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!
© 2010-2022