Сауат ашу пәнінен қысқа мерзімді жоспар Достық деген не?

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Сауат ашу

Достық деген не?

Д дыбысы мен әрпі

Мектеп: № 10

Күні:

Мұғалім: Ибрагимова Т.С

Сынып:1Б

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар

1.1.6.1.Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас(ым-ишара,қимыл) қолдану.

1.1.9.1.Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан,жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстау.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын қолдана алады және сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан,жіңішке дауыстылар) ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын қолдана алады және сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан,жіңішке дауыстылар) ажыратып дыбыстай алады.

Кейбір оқушылар:

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас(ым-ишара,қимыл) қолданып, сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан,жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстай алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Тілдік мақсат

Дыбыс түрлерін ажырата білу, сұрақ қоя білу.

Сабақтың барысы

Уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Қызығушылығын ояту

Басы

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Екі жұп бір-біріне мұқият қарайды да, сонан соң теріс қарап, өзінен бір нәрсені өзгертеді, мысалы жеңін түріп алады.Қыздар бантигін шешіп тығып қояды.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: дауыс ырғағын пайдаланып сөйлей алу, дыбыс түрлерін ажырата алуымыз керек.

Ортасы

4 мин

Тыңдалым

Ашық хатты көрсету арқылы, не екенін сұрау. Оқушылардың біліміне сүйену.

Ашықхатты ашып , хатты оып беру.

Бізге Дидар хат жазыпты.

Менің досымның аты Дархан. Мен Дарханмен мектепке келгенде таныстым. Дарханның қолы ашық, еш нәрсені қызғанбайды. Менің қаламым жазбай қалған кезде ол маған өзінің артық қаламын берді. Содан бері екеуміз жақын дос болып кеттік. Дарханның армандары көп. Ол өнерлі, сурет салғанды, футбол ойнағанды ұнатады.Дарханмен футбол ойнаған қызық. Мен бұл күндері достық не екенін түсінген сияқтымын. Достар бір-біріне адал, сенімді болуы керек.

хат

7 мин

«Сұхбатқа түс» тапсырмасы

«Менің досым тақырыбында» шағын әңгімелесу жүргізу.

Кез-келген балаға допты лақтыру арқылы сұрақтар қойып, толық жауап алу.

Бір-біріне сұрақтар қою

Сенің досың бар ма?

Ол қайда тұрады?

Оның қандай қасиеті саған ұнайды?

Сұрақтарға толық жауап беру.

Доп

6 мин

Суретпен жұмыс

Суреттердің ішінен д дыбысы бар сөздерді табу. Сол сөздерді атау, буынға бөлу. Әр сөзбен сөйлемдер құрастыру, сызбасын жазу.

Суреттер

7 мин

Жұппен жұмыс

Сөзжұмбақ шешу, тақтада қорғау, дәптерлеріне жазу.

Цифрға сәйкес келетін әріптерді орнына қойып жазады, сөздерді оқиды.10-д; 1-а; 2-н; 1-а - дана

5,3,1,4- олар.

Үлестірме қағаздар

4 мин

Өздік жұмысы

Берілген әріптерді алақандарына жазып көру.

Дәптерде берілген сөздерді жазу

дәптер

Соңы

3 мин

Бүгін өздеріңе қандай жаңалық аштыңдар?

Сабақтың басында қойған сұраққа жауап ала алдық па?

-Бүгінгі дыбысымыз туралы не айта аласыңдар?

Өз-өздерің смайликтер арқылы бағалау

смайлик



© 2010-2022