Ертеңгілік Рахмет саған Әліппе

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рахмет саған, Әліппе!

( ертеңгілік) Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту:ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу бүгінгі өтілетін шараның мақсатын көздеді. Көрнекілігі: «Қош бол, сүйікті Әліппем!», «Әліппем - білім бастауы» сөздері жазылған плакаттар, суреттер, әріптер, сөздер, слайдтар, шарлар, ертегі рәсімдері т.б.
Барысы: (Мызыка ойналып,оқушылар кіреді.) Ән: «Балдырған» Презенация: «Мектеп өмірінен»
Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 сынып оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Мұғалім: - Бала деген шіркін-ай балдай екен, Тәттілігі жая мен жалдай екен. Арып-ашып даладан келгеніңде, Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
Жазира 1.Армысыздар жас достар, Армысыздар ата-ана. Болашаққа жол бастар, Балаң келді ортаға. Ғ.Жансая 2.Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Болашағы қазақтың, Басталады біздерден.
Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші Іші толған әріпке, Білімдегі жарық не?
Оқушылар: - Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе! (Ортаға әліппе шығады.)
Әліппе ханшайымы: Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің. Қуанышы баланың- Қуанышы халықтың. Жақсы білім көрімдік, Болсын бізге халайық. Не үйреніп, не білдік, Қане ортаға салайық. Махаббат: 3.Сөзімізге құлақ салыңыз, Бір серпіліп қалыңыз. Әліппеге арналмақ, Бүгінгі жыр әніміз. Нурбол: 4.Күмбір-күмбір қоңырау, Соғылған ай қыркүйек. Қалам ұстап қолыма. Жазылған ай қыркүйек. Алина: 5.Келгенімде алдыңа, Қызыл арай гүл алып. Жақын тарттың жаныңа, Шәкіртім деп қуанып. Данияр: 6.Сипадың да басымнан, Әліппені ұсындың. Бақытымның осыдан, Басталғанын түсіндім Әнел: 7.Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп те. Оқимыз қазір ертекті, Үйреткен оны Әліппе. Жаслан: 8.Бұрқыраған білімнің, Қайнар көзін көріп пе ең? Том-том қалың кітаптың, Басы болар Әліппем. Диана: 9.Бар кітапқа бас болған, Әліппе - ғылым анасы. Әліппеден басталған, Даналықтың данасы. Мектебің мынау класың, Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың. Мурагер: 10.Енді біз жаза білеміз, Әріпті қосып әріпке. Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздің Әліппе.
Хор: «Әліппе» әні
11. «Әліппемен» қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз.
12. «Әліппе» деген - алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол, Тырысып бақ намысқа.
13.Қош бол құтты «Әліппем!» Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің.
14.Әліппем менің, Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым білімнің, Ертеңгі сәуле жарықпен.
Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
16.А-ны айтқанда дауысым дірілдейді, Ұстазым көз алдымда күлімдейді. Күн сайын әріптердің атын біліп, Сөз оқимын айырып буынды енді.
17.Ең алғаш қолға алғанда Әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың, Ұстазым маған кілтін алып берді.
Жүргізуші: Ал осымен әріптер, Шежіресін бастайық Басшысы әріптердің, А-дан сөзді бастайық. А - Атыраудың айдыны, Алтай таудың айбыны. Астанамыз - Астана, Алматымыз - бас қала.
Б - Бейбітшілік бар адам жүрегінде, Бейбітшілік бар адам тілегінде.
И - Иба, әдеп, ақыл-ой, Имандылық басы ғой. Иісі қазақ баласын, Инабатты дейді ғой.
Ө - Өнер іздеген өсер, Өсек іздеген өшер.
С - Сыйламаған аз досын, Сыйлай алмас өз басын.
Е - Еріншектің ертеңі, Елге таныс ертегі.
Т - Тәп-тәтті нан таба нан, Таба алмай қалдым табадан.
М - Мен көп тердім мақтаны, Марат мені мақтады.
Н - Нағашым өтінді Назардан, «Науат әкел» деп базардан.
О - Орындықта отырып, Оқулықты оқылық.
Р - «Р-рр» деп бір ит жолықты, Раушан одан қорықты.
Ұ - Ұл атану ұрыншақ, Ұят екен ұғынсақ.
Щ - «Щёткамен тазарт тісіңді» Деп ағам маған бұйырды.
Ы - Ырысбек сүйер жұмысты Ықыласпен жуды ыдысты
І - Ізбасар болар ініміз, Ісінен оны біліңіз.
Х -Хат жолдады Ахмет «Хакім саған рақмет!» Д - Дәмежанға дәрігер, Дәрі беріп әбігер.
Ш - Шабындық жер шалғай ма? Шалғысы бар шал қайда?
У - Улы жыланды Уәлі, Уақ тас алып қуады.
Әліппе ханшайымы: Ал балалар сендер мені жақсы меңгеріпсіңдер.Енді менің сендерді сынауға әкелген тапсырмамды орындайсыңдар ма? Өте жақсы.Ендеше мені мұқият тыңдаңдар: 1-тапсырма: Сендер қазақ алфавитінде неше әріп бар екендігін білесіңдер ме? Ендеше алфавитті бәріміз әнімен айтып шығайық. Алфавитте нелер бар? Әріптерден басқа тағы не? Әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не? Неше дауысты дыстар бар? Неше дауыссыз дыбыстар бар? Дауысты дыбыс дегеніміз не? Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай дауысты дыбыстар бар? Қандай дауыссыз дыбыстар бар? Өте жақсы. Сндер менің қойған сұрақтарымның бәріне жауап бердіңдер. Енді мына тапсырмаға назар аударайық. 2-тапсырма: Тақтада екі үй көріп тұрмыз. Бұл үйлердің түстері қандай? Дұрыс бұлар қызыл және көк түсті үйлер. Енді сендер осы үйлерге тиісті дыбыстарды қоныстандыруларың керек. Яғни дауысты дыбыстарды қай үйге орналастырамыз? Дауыссыз дыбыстарды ше? Өте жақсы бұл тапсырмамды да орындап шықтыңдар. Келесі тапсырмаға кезек берейік пе?уынға бөліп беріңдерші. Қоян сөзінде неше әріп бар? Неше дыбыс бар? Неше буын бар? Неге екі буын? Кірпі сөзінде неше әріп, неше дыбыс, неше буын бар және неге екі буын? 3-тапсырма: Өте жақсы бұл тапсырмамды да орындап шықтыңдар. Келесі тапсырмаға кезек берейік пе? Балалар бізге қонаққа кімдер келген? Дұрыс айтасыңдар қоян мен кірпі.Енді кім айтады бұл екі сөз қандай сөздер? Дұрыс айтасыңдар: жуан және жіңішке сөздер. Ендеше қоян сәбіз жақсы көреді. Сендер қоянға сәбіз жинап берулерің керек. Бірақ та тек қана жуан дауысты дыбыстары бар сәбіздерді жинаймыз, ал кірпі сөзі жіңішке болғандықтан оған біз жуан дауысты дыбыстары бар алмаларды жинап беруіміз керек. Мұқият болайық, әйтпесе қоян мен кірпі ренжіп қалулары әбден мүмкін. Енді осы кірпі мен қоян деген сөзді маған тақтаға жазып, буынға бөліп беріңдерші. Қоян сөзінде неше әріп бар? Неше дыбыс бар? Неше буын бар? Неге екі буын? Кірпі сөзінде неше әріп, неше дыбыс, неше буын бар және неге екі буын? 4-тапсырма: Балалар сендер 3 тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Ені келесі соңғы тапсырмаға назар аударамыз: «Адасқан сөздер» Берілген сөздердің тиісті орнын табуымыз керек. Пайдалы бал өте. Жүзді көлде үйрек. Досы адамның ит. Осы сөздердің орнын тауып,дұрыс сөйлем құрастыру. Сөйлем неден құралады? Сөйлемде неше сөз бар? .Әліппе ханшайымы: Балалар сендерге көп рахмет. Сендер мені жақсы оқып, жақсы меңгеріпсіңдер. Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық. Бәрі: Рахмет саған ата-ана!
Ән: «Ақ мамам»
Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін. (Ақырын музыка ойналып тұрады)
Мен есепші боламын. Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде,жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
Мен әкім боламын. Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.
Мен білім министрі боламын. Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
Мен дәрігер боламын. Кез- келгн аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.
Мен мұғалім боламын. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.
Мен полиция қызметкері боламын. Еліме адал қызмет етемін.
Мен кәсіпкер боламын. Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.
Мен Біліммін. Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.
15.Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем! Сенің арқаң оқи, жаза білгенім, Сауатты адам санатына кіргенім.
17.Біз енді Әліппемен қоштасамыз, Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз. Білімнің бұлағынан сусындауға, Көптеген кітаптармен достасамыз.
18.Әліппем,менің әліппем, Өмірді келем танып мен. Қайталап айтам 1000 рет Өзіңе көп-көп рахмет
Әліппе:Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар! Қош сау болыңыз әліппе.Сізге мыңда бір рахмет! Хормен: Әліппемен қоштастық, Ана тілімен достастық.
Ана тілі: Туған елдің тілімін, Ақылыммен танылам. Түсіндірер бәріңе, Ана тілі пәнімін. Ана тілім-елдігім, Ана тілім-ерлігім. Ана тілім болмаса, Бүтінділмес кемдігім. Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.
Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!
Бәрі:Қош сау болыңыз. Қош сау болыңыз әліппе.Сізге мыңда бір рахмет! Хормен: Әліппемен қоштастық, Ана тілімен достастық.
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,. Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі жазып - оқитын халге жетті, Құтты болсын қадамы балалардың! Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы әрқашан мықты болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын, Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.





Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Талшық орта мектебі





Ертеңгілік

Рахмет саған, Әліппе!















Өткізген:М.Е.Бактыбаева

2014жыл


© 2010-2022