Урок «Өсімдіктің тіршілігі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 2 «Ә»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі. «Өсімдіктің тіршілігі» бөлімін қайталай отырып, оқушылардың біліктерін арттыру. Алған білімдерін бекіту.

  2. Дамытушылығы. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, дүниетенымын кеңейту. Топ алдында еркін сөйлеу, өз ойларын қорытындылап, жүйелі айта білуге баулу.

  3. Тәрбиелігі. Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баули отырып, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойын, топтастыру

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, интерактивті тақта, нақыл сөздер, ребус, тест

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сыныпқа қонақтар келгенін ескеру. Сәлемдесу:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!

2. Психологиялық дайындық жүргізу.

- Бүгін біздің дүниетену сабағымыз қандай болсын деп ойлайсыңдар?

(көңілді, сәтті, жақсы бағалар алайық, әдепті болайық)

  • Олай болса келісім шартқа тұрайық. Сабағымыз сәтті өтсін десеңдер біз бір-бірімізді сыйлауымыз керек. Бір-бірлерімізді тыңдап отыруымыз керек.

  • Тыныштық сақтайық. Келістік пе?

3.Оқушылардың ұранымен таныстыру.

Ұқыпты ұтар,

Іздеген табар,

Оқыған озар!

  1. Сыныпты үш топқа бөлу.

Әр топқа ат қою үшін тапсырма беріледі. Есептеулер жүргізіп, әр топ өз атын шығарады.

1 топ - «Ағаштар»

2 топ - «Бұтақтар»

3 топ - «Шөптер»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Өсімдіктердің көбеюі» тақырыбы

Үй тапсырмасы мына жоспар бойынша тексеріледі:

1 - топ: Көбеюдің тірі табиғатқа тән қасиет екенін дәлелдеу.

2 - топ: Өсімдіктің көбею жолдары.

3 - топ: Өсімдіктің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Тұқымнан

Урок «Өсімдіктің тіршілігі»


Пияшықтан

Урок «Өсімдіктің тіршілігі»


Түйнектен

Урок «Өсімдіктің тіршілігі»


Тамырсабақтан

Урок «Өсімдіктің тіршілігі»


ҚУрок «Өсімдіктің тіршілігі»алемшеден


Урок «Өсімдіктің тіршілігі»

Жапырақтан

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

Қызығушылықты ояту: Ребус шешу

Урок «Өсімдіктің тіршілігі»,,, Урок «Өсімдіктің тіршілігі» ,,,, ,,,, ,, ,,,,,

Өрік сімдік ің іршілі Урок «Өсімдіктің тіршілігі» і

Шешуі: Өсімдіктердің тіршілігі

ІV. Негізгі бөлім.

  • Балалар біз «Өсімдіктің тіршілігі» атты үлкен бөлімді оқып бітірдік. Бүгінгі сабақта біз сол бөлімді қайталаймыз.

  1. Миға шабуыл:

  • Балалар өсімдіктердің қандай топтары бар?

1 топ: Ағаш атауларын жазады.

2 топ: Бұта аттарын жазады.

3 топ: Шөп түрлерін жазады.

Урок «Өсімдіктің тіршілігі»

1.------------------ 1.--------------------- 1.-------------------

2.------------------ 2. -------------------- 2. ------------------

3.------------------ 3.--------------------- 3.-------------------

2 - тапсырма: Өсімдік мүшелері және оның қызметі.


  • Өсімдіктің қандай мүшелері бар екен? Топтастыру.

Урок «Өсімдіктің тіршілігі»

Урок «Өсімдіктің тіршілігі»Урок «Өсімдіктің тіршілігі»Урок «Өсімдіктің тіршілігі»Урок «Өсімдіктің тіршілігі»Урок «Өсімдіктің тіршілігі»Урок «Өсімдіктің тіршілігі»


1 топ: Тамыр туралы айтады.

2 топ: Сабақ туралы.

3 топ: Жапырақ туралы.

3 - тапсырма: Сөзжұмбақ. Оны шешкенде «Жапырақ» деген сөз шығады.

1. Аспанда түнде болады.

2. Ағашта өсетін жеміс.

3. Оқушылар отыратын үстел.

4. Қазақтың тұңғыш педагогы.

5. Өзімен кесуге де болады, кейде жәндік те болады.

6. Қыста не жауады?

7. Сиырдың сүтінен жасалатын тағам.

Ж





А

П

Ы


Р


А

Қ


- Ерекше жолдан қандай сөз шықты? (жапырақ)

- Қазір қандай жыл мезгілі?

- Ағаштарда жапырақтар бар ма?

- Олар қайда кетті?

- Қай жыл мезгілінде жапырақтар сарғаяды екен?

4 - тапсырма: Күзгі орманға саяхат.

1 - топ: Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

2 - топ: Қатесін табу.

Қыста - жапырақтар түседі;

Күзде - жапырақтар көктеп шығады;

Көктемде - өсімдіктер пісіп жетіледі;

Жазда - өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды.

3 - топ: Орны ауысқан сөздерден өлең құрастыру.

Ағады, аулаққа, бұлт,

Бау-баққа келіпті күз

Жаңғақ та, піскен, жаздай,

Жан-жаққа шашылады.

Сергіту сәті:

Қазақстан елім менің,

Жерің қандай кең!

Тауларың биік сенің,

Суларың терең сенің,

Ақ бидай өсіп,

Көк аспанмен таласқан!

5 - тапсырма: Барлық топтарға орта тапсырмалар:

Ойын «Ағаштағы жапырақты жинау»

  • Балалар біздің ағашымызда біраз жапырақтар қалып қойыпты. Қане, соны біз теріп алайық. Егер ағашта жапырақтар қалып қойса не болады? (Қар жауғанда қардың салмағымен ағаш сынып кетуі мүмкін)

  • Дұрыс. Олай болса біз ағаштағы қалып қойған жапырақтарды жинап, ағашқа көмектесейік. Бірақ, бұл ағаш жай ағаш емес, бұның жапырақтары сиқырлы екен. Өйткені, жапырақтардың артында бізге бірілген жұмбақтар бар. Егер біз бұларды дұрыс шешсек, онда ағашқа көмектескеніміз.

Жұмбақтар.

  1. Көк ала костюм киеді,

Күн көзін сүйеді. (Қарбыз)

2. Түбі толған құмалақ. (Картоп)

3. Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. (Бидай)

4. Сырты тәтті,

Іші тәтті

Ортасы сүйек. (Өрік)

  1. Тігіп алып көк шалбар,

Қызылкүрең доп жатыр. (Қызылша)

  1. Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)

  1. Көкпеңбек еді көктемде

Қызарды күз жеткенде. (Алма)

  • Балалар, біздің жұмбақтардың шешуін бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Ендеше жеміс деген не?

6 - тапсырма: Ойын. Шырынды жемістер мен құрғақ жемістер.

7 - тапсырма. Ойлан, тап! (логикалық тапсырмалар)


10


10

30

20


30

20

30


20

10

10-Мәтінді оқып, балалардың атын тап.

Балалар далада ойнап жүр. Арман мен Алма аққала жасады. Аузының орнына картоп, мұрнына сәбіз қойды.

10-Өсімдік тіршілігі үшін не қажет?

10-Жабайы өсімдіктер қайда өседі?

20-Мәдени өсімдіктер қайда өседі?

20-Сексеуіл жай өсетін өсімдік. Ол 1 айда 2 см-ге дейін өсетін болса, 1 жылда неше см өседі?

20-Өсімдікке байланысты мақал-мәтел айт.

30-Табиғат әсемдігін бейнелейтін өсімдік қалай аталады?

30-Бәйшешек гүлі көктемнің хабаршысы. Ол 20 ақпаннан бастап, наурыздың 20-сына дейін ғана өмір сүреді. Бәйшешек қанша күн тіршілік етеді?

30-қайың, емен, қарағай қатар өсіп тұр. Олар 50, 100, 1500 жыл өмір сүреді. Егер емен ең ұзақ жасайтын а,аш болса, қайыңның жасы ең қысқасы екені белгілі болса, қай ағаш қанша жыл өмір сүреді?

8 - тапсырма: Өсімдіктерді қорғау ережелері.

  • Көгалды жерлерді таптамау керек

  • Өсіп тұрған ағашты, жас талды сындырмау керек

  • Жеміс ағаштарының түбін әктеу керек

  • Өсіп тұрған ағаштың қураған бөлігін кесіп, кескен жерін сылау керек

  • Орманда, бақта қоқыс тастауға болмайды

  • Көбірек ағаш отырғызу керек

V. Бекіту. Тест тапсырмаларын орындату.

VІ. Қорытындылау. Қ.Р. Конституциясындағы «Қ.Р. әрбір азаматы табиғатты қорғауға міндетті» - делінген. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша еліміздің жерлерінде тал-теректер, қайыңдар отырғызып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атамекен жерімізді, орман-тоғайларымызды, әсем табиғатымызды аялап, қадір тұтайық!

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік!

Бір -бір ағаш егейік,

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз.

Таза ауа үшін күресейік! - дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймын.

VІІ. Үйге тапсырма. Бөлімді қайталау

VІІІ. Бағалау. - Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Урок «Өсімдіктің тіршілігі» Алдарыңда дөңгелектер жатыр. Сабақ ұнаса алдарыңдағы дөңгелектің ішіне мынадай қылып салыңдар

Урок «Өсімдіктің тіршілігі»

- Сабақ ұнамаса мынадай қылып салыңдар

  • Бүгін сендер барлығың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

«5» - алма «4» - алмұрт «3» - қияр


© 2010-2022