Ана тілі (3-4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2,4 сынып Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көктемдегі өзгерістерді қыс мезгілімен салыстыра әңгімелеу. Көктемгі табиғаттың ерекшелігін байқату.

Дамытушылық: оқушының таным белсенділігін арттыру, ойын және тілін дамыту.

Тәрбиелі: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және оны қорғай білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіз бе?

Бізде қазыр ана тілі сабағы.

Сабағымыздың тақырыбы: «көктем».

Балалар, біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Сыныптың іші күн шуағына толып тұр. Өздерін де күн сияқты жайнап тұрсындар. Сабағымыз осы күннің көзі сияқты жарқырап өтуіне үлес қосайық.

Үнтаспадан музыка көктем туралы.

Сценка Жер - Ана.

Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді, бір қария: Әй, балам, Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой, - деді. Таңқалған Бейбіт: Менің анам үйде, аты Зейнеп, - деді. Балам, онда сол Зейнеп анаңның сұра, түсіндіреді, - деп қария кете берді. Бейбіт үйге келіп, анасынан Жер - Ана туралы сұрады. Балам - ай, ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер бәріміздің анамыз. Онсыз өмір жоқ. Жер - ана дейтін себебіміз - ішетін суымыз, жейтін нанымыз жердікі. Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады.... Бейбіт анасының әр сөзін зеінмен тыңдады. Түстен кейін бақшаға барып, шашып ойнаған топырақты тегістеді.

Сыныпқа бір бала жүгіре кіреді.

Алақай! Алақай!

Көктем келді (Жер - Ана мен қызы кіреді). (Іші толы тапсырмалар салынған сандықшаны мұғалімге ұсынады).

Мұғалім: Ал, балалар, Жер - Анамыздың тапсырмаларын мұқият орындап, риза қылайық. Төрлетіңіз Жер - Ана.

ІІ Дидактикалық кезең.

  1. Ассоциация құру.

Мұғалім: - Балалар, Жер-Анамыздың 1 тапсырмасы көктем туралы екен. Сендердің көктем туралы білетіндерінді тыңдағысы келеді. Көктем бізге күннің мол шуағымен келеді ғой. Ендеше осы күн сәулесінің тұсына көктем туралы білетінімізді айтайық.(Күн сәулесінің ортасына «көктем» деген сөзді жапсырып қоямын)


көктем

Күн жылынады

Құстар қайтып оралады

Күн мен түн теңеледі

Мал төлдейді

Қар ериді

Ағаштар бүршік жарады



Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіндер.

  1. Венн диаграммасы бойынша.

Балалар, бұл суреттерде жылдың қай мезгілдері бейнеленген?

  • Ал енді, балалар Жер - Анамыздың бізге әкелген келесі тапсырмасы: қыс пен көктемді салыстыру екен. Яғни әр мезгілдің өзіне тән және ортақ белгілерін атауымыз керек.

2 сынып - қысты сипаттайды.

4 сынып - көктемді сипаттайды. ҚЫС ОРТАҚ КӨКТЕМ

Жыл мезгілдері жылы,

3 ай, күн, ай, жаңбыр

аспан, жер жауады

құстар келеді

Суық, қар,

жауады, боран

болады,ағаштар

жалаңаш










Дұрыс, балалар қыс пен көктемнің айырмашылығын мен ұқсастығын жақсы біледі екенсіңдер.

  1. Ойын «Құстарды қарсы алайық».
  • Балалар, «Жыл құстары» деп қандай құстарды айтамыз?
  • Күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта айналып ұшып келетін құстарды айтамыз.
  • Жер - Ана бізге жыл құстарын ертңп келіпті. Енді осы жыл құстарынқарсы алайық. Сандықшаның ішінен құстарды алып, артындағы тапсырманы орындау.
1. Жыл мезгілдерін ата? 2. Көктем айларын ата? 3. Көктемде болатын қандай мерекелерді білесің? 4.Көктемдегі табиғат құбылысына байланысты бір жұмбақ айт. 5. Көктем туралы қандай тақпақ білесің? ІІІ Дидактикалық кезең. Оқулықпен жұмыс.
  • Балалар, біз құстарды қарсы алдық. Енді Жер-Анамыздың келесі тапсырмасын орындауға көшейік. Қазір оқулықтарымызды ашамыз.
  • 2 сынып 204-205 бет.
  • 4 сынып 223-224 бет.
  • Көктем туралы өлең бар.
  • Мен сендерге өлеңді оқып беремін, сендер өлеңді мұқият тыңдандар және көз алдарыңа елестетіндер.
  • Оқимын 2 сынып
  • Мен осы өлеңді оқығанда қөз алдарына не елестеді?
  • Тағы өздерін екі рет оқып шығындар.
4 сынып Сұрақ- жауап Тағы бір рет оқып шығыңдар. Көздеріне не елестеді соған сурет салындар. (музыка) Салған сурет бойынша 1-2 оқушы тақтаға шығып әңгімелеп береді. Балалар, біз бір сыпра жұмыс жасап тастадық енді бой жазайық. Сергіту сәті Қарлығашқа ұқсайық Кәне, қанат жазайық Қарлығаш боп ұшайық Ұшып-ұшып алайық. Ал балалар, тақтаға назар аударайық, тапсырманы мұқият тыңдайық. 2 сынып Сөздердің байланысын табу керек Бұлбұл қарқылдайды Шымшық қаңқылдайды Қарға сайрайды Қаз шықылықтайды
4 сынып Қай сөйлем дұрыс жазылған: а) Келді құстар қайтып. ә) Құстар қайтып келді. б) Қайтып келді құстар. Дәптермен жұмыс. -Енді Жер -Анамыз біздің айтқан, көргенімізді жазба түрінде көргісі келеді. - Қазір дәптерімізді ашамыз «Көктем» туралы шығарма жазамыз. (музыка ойнайды) 1-2 оқушыға оқыту. Енді Жер-Анамызға сөз берейік. Қорытынды: Біз сабақта не істедік? Не туралы айттық? Мұғаләм: - Балалар, сабағымның соңын мен мына бір өлең шумағымен аяқтағым келеді: Ауа қандай, дала қандай әдемі Көктем, көктем, болармысың кәделі. Сенің мынау ұланғайыр сыйыңнан Туған жердің жасаруда бедері.



© 2010-2022