Тақырыбы: Қазыбек бидің шешендігі

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бекітемін:

Күні:

Әдебиеттік оқу

Сабақ № 8

Сабақтың тақырыбы:

Қазыбек бидің шешендігі

Сілтеме

4 сынып әдебиеттік оқулығы, интернет ресурстары.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан - жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой - өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазыбек би туралы мәлімет беру. Топпен жұмыс

Оқу нәтижелері: Өлеңді саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төселеді. Мәтіндегі негізгі ойды аша біледі.

Тапсырмалар

Топтық, жеке жұмыс. Пікір алмасу, кері байланыс.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Білу 1. Сыныпта жағымды ахуал туғызу. 2. Асықтар арқылы топқа бөлу. 3. Үй тапсырмасын тексеру. 4. Сабақ тақырыбын оқушыларға ашқызу барысында ой салу. Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы - қазақ халқының XVII - XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек - есімдері елге белгілі әділ билер болған.Тақырыбы: Қазыбек бидің шешендігі
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне тілек айтады. Өткен материалды пысықтау. Оқушылар вербалді емес бағалау жүргізеді. Оқушылар дана билер туралы слайдтар көріп тамашалап, өз мақсаттарын айқындайды. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған

ІІ. Түсіну

  1. «Мағынаны тану» (мәтіннің мазмұнын толық түсіну үшін кейбір сөздердің лексикалық мағынасына тоқталу қажет)
кемеңгер- Дана, данышпан адам несие- бұл жерде: берген тәрбиенің жемісі Өлең мазмұнын сұрау. Өлең не жөнінде деп ойлайсыңдар?
  1. Сұрақ - жауап.
-Мәтін не жөнінде айтылған? Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы.
I топ. "Қазыбек бидің шешендігін" анықта. II топ. Танысқан мәтіндердерден бір - біріне байланысты тап. ІІІ топ. Мәтіндегі негізгі түпкі ойы не?

ІІІ. Қолдану «Болжам жаса және дәлелде»

  • Қазыбек би қандай адам болған деп ойлайсың?
  • Қазіргі уақытта билердің орнын кімдер атқарып отыр деп ойлайсың?
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап айтып, өз ойларын дәлелдейді.

ІҮ. Талдау

Мақал - мәтелдерің мағынасын түсіндір:.


1 топ: 1.Ердің сыншысы болма, адамның сыншысы бол.
2. Оқу инемен құдық қазғандай

2 топ: 1.Көп сөз көмір, аз сөз алтын.
2. Өлімнен ұят күшті./мысалдар арқылы дәлелде/
3 топ: 1. Атаңның баласы болма, елдің баласы бол. /Өз ойыңды мысалдармен дәлелде/ Топ басшылары жұмыс барысында қадағалап отырады, әр оқушыны смайлик беру арқылы бағалайды.

Ү. Жинақтау

НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?
Қандай қазақ би - шешендерімен таныстық?
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Шешендік - билер жалпы қандай болуы керек?
Яғни, қайраткер, дау, билік, дарынды, сауатты, ұтымды болулары керек. Бабаларымыз айтқандай «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер.» Сондықтан да оқушыларымыз дайындаған шағын көрініске назар аударайық. (Рөлдік ойын)

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, талдайды.

БАТА
- Ата, бата деген не?
- Бата - ақ ниет, жақсы тілек, халқымыздың ежелгі мұрасы.
- Ендеше ата маған батаңызды беріңіз.
«Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсың қайратың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің,
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!»
- ӘУМИН!

ҮІ. Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

ҮІІ. Үйге тапсырма Мәтінді мәнерлеп оқып, өз ойыңды әңгімелеп кел.

Кері байланыс

Тақырыбы: Қазыбек бидің шешендігі

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022