Әлем тербеткен – аналар! сыныптан тыс іс-шара

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Әлем тербеткен - аналар!»

Мақсаты: әлемдегі асыл жандардың бірегейлері әйел қауымының адамзат өміріндегі маңызы жайлы ой қозғау. Аналарымыздың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, «шуақты алақан» атты қабырға газеті, тақырыптық суреттер

Барысы:

-мұғалімнің құттықтау сөзі (Жанар Мұқанқыз)

-ортаға 4 оқушы шығады «Көктем таңы» атты өлеңін жатқа айтады

Бар әлем сүйіп ұнатқан,

Шапағат нұрын шұбатқан,

Қаймықпай шыққан жайраңдап,

Қыстайғы суық-сынақтан,

Көктем таңы бұл атқан. (Көркем)

Әуені кетпес құлақтан,

Бұлбұлдың әнін жырлатқан,

Тараштап шашты сипаған,

Самалы ескен қыр жақтан,

Көктем таңы бұл атқан. (Аян)

Қозылар өріп қыраттан,

Су ішкен мөлдір бұлақтан.

Ат мініп бір-бір шабатын,

Бойшаңдау өскен құрақтан,

Көктем таңы бұл атқан. (Алинур)

Еңбектің әні оятқан,

Даланы көкке боятқан,

Шұрқырап шүйгін шалғында

Жусаған мал да тояттан,

Көктем таңы бұл атқан. (Дана)

-ортаға Айзат пен Мәлика шығып мерекелік ертеңгілікті ашады

Айзат:

Қуанышы баланың-

Қуанышы ананың

Мәлика:

Қуанышы ананың-

Қуанышы баланың

Айзат:

Бізді өсірген анашым,

Еңбегің де зор екен.

Мәлика:

Құтты болсын, анашым,

Құтты болсын мерекең!

-келесі кезекте ортаға Елнұр, Мадияр, Амир шығады

«Күнім»,- дейсің мені,

Күн мейірі сенде.

Күннің ыстық лебі,

Құшағыңа тең бе? (Елнұр)

Айналайын ,ана! (бірге)

«Жаным»,- дейсің мені,

Жаратушым бір сен.

Жалғыз өзің тегі,

Жанашырым білсең. (Мадияр)

Айналайын ,ана! (бірге)

Айналайын ,ана! (бірге)

«Құлыным», - деп мені,

Құрақ ұштың дәйім.

Қамқоршым-ау, сені

Қалай ұмытайын. (Амир)

Айналайын ,ана! (бірге)

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық. (Ануар)

-«Ай дидарлы анашым» атты әнімен Б.Аружан ортаға шығады

-келесі өлең жолдары асыл әжелерімізге арналады

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,

Сағынышым - сары ормандай самсаған.

Әке болып жүргенімді ұмытып,

Әлі күнге еркелеймін мен саған. (Ділназ)

Құлыңдаймын асыр салған аңғарда,

Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.

Өзің барда қысылмаймын күлуге,

Жылауға да қысылмаймын сен барда. (Е.Аружан)

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.

Сенің жаның жүрегіме ораулы,

Менің жаным жаулығыңа түюлі. (Азамат)

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.

Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,

Өзің бірге көре алмасаң қызығын?! (Аянат)

-әжелерге арналған «Әжесі мен Бағлан» атты көрініс

- Жүрегім кім менің? (Сабина)

- Мен! (Ескендір)

- Тірегім кім менің? (Сабина)

- Мен! (Ескендір)

- Сәнім кім менің? (Сабина)

- Мен! (Ескендір)

- Ботақаным, бағлан қозым, (Сабина)

Не деген тәтті баласың өзің!

Ой, қарғам менің!

- Жоқ, әже, қарғаң мен емес! (Ескендір)

Жо... жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға «қарқ-қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

-қазақ қыздарына арналған өлең жолдарымен ортаға Сабина, Б.Аружан, Әлішер шығады

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. (Сабина)

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған?

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,

Өмірде қалған із бар Ақтабаннан. (Б.Аружан)

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырым қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді. (Әлішер)

-ұлдар хоры «16 қыз»

1. Ақылына көркі сай қыздарымыз,

Әр ісі өздеріне жарасымды.

Бүгінгі мерекемен құттықтаймыз,

Тіледік өздеріңе жақсылықты.

Қайырмасы:

Малика-ай, Айдана-ай,

Фариза-ай, Көркем-ай,

Аянат, Ділназ-ай,

Дана-ай, Айзат-ай!

Әшекей қыз Аружан

Бәлекей қыз Аружан

Майысқан қыз Фариза-ай,

Шашбаулы қыз Айзат -ай,

Еркелеген Сабина-ай,

Тындаушы еді-ау Алуа-ай!

Қайда кетті Диляра-ай?

Я люблю тебя, қыздар-ай!

2. Қарағым, айналайын, қара көзім,

Сендерді ұмытпаймын достық сөзім.

Біздерде мықты қыздар толып жатыр,

Барлығы жақсы анадан туған өзі.

Қайырмасы:

Өмірге келдім,

Анамды көрдім,

Деді ол: "жаным,

Арайлы таңым".

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай

Бал тілін, әнін. (Ұлағат)

Анамның тілі - айбыным менің,

Анамның тілі - ай-күнім менің!

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан. (Арсен)

-2 «А» сынып оқушылары «Мама мия» биімен ортада

Аялап алақан,

Әлпештен өсірген.

Аяулы жан анам,

Қатемді кешірген.

Сырымды ұғатын,

Өзіңсің қуатым.

Күнімсің шығатын

Айымсың туатын. (Фариза)

О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге. (Ерсұлтан)

Анам үшін күнде мен,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жоқтатпаймын әпкемді,

Қоям шайын қайнатып.

Жылай қалса бөпемді,

Жұбатамын ойнатып.

Сыпырамын үй ішін,

Жуам аяқ - табақты.

Анам бірақ мен үшін,

Оқымайды сабақты. (Дастан)

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Сен берген құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған. (Айдана)

Әлдилеп, аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсең де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын. (Галижан)

Бәрі жақсы ананың,

Бәрі де оның керек-ау...

Бірақ әрбір баланың

Өз анасы бөлек-ау! (Мейір)

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық,алтын бақ. (Акрам)

-балалар аналарына сыйлық береді, саптаяқ пішініне келтіріліп жасалған ашық хат табыстау

-ата-аналармен қоштасу.


© 2010-2022