Урок по литературе на тему Ғафу Қайырбеков. «Ана тілі»

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков. «Ана тілі»
Cабақтың мақсаты: 1. Ғафу Қайырбековтің «Ана тілі» өлеңінің мазмұнын

түсіндіріп, идеясын ашу.
2. Шығармашылық тапсырмалар арқылы ой- өрісін, тіл

байлығын дамыту
3. Туған жерін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: «Поэзия минуты», «Алгоритм»
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Қолда нылатын стратегиялар

Мұғалім іс әрекеті

Оқушы іс әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

«Ойлан,тап»

Тақырыпқа байланысты жұмбақ беріліп, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінеді.

Бірде төмен,бірде шығып жоғары , Сөз сөйлесең,қозғалыста болады.

(Тіл)

Берілген жұмбақтың шешуін табады.

ІІ.Сабақ мақсатымен таныстыру

Сабақ мақсатымен таныстыру

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

а) Ой шақыру.



ә) «Мәтінмен жұмыс»

1. Ана тілі сөзін естігенде қандай сезімде боласың?
2. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
3. Неліктен қазақ тілін ана тілі деп атаймыз?
4. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне қашан ие болды?

1."Ана тілі "өлеңін мәнерлеп оқыту

2.Өлең мазмұны бойынша түсініктерін сұрақтар арқылы анықтау

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп,ұпай жинайды.

1."Ана тілі "өлеңін мәнерлеп оқиды.

2.Сұрақтарға жауап береді.

ІҮ.Жаңа сабақ бойынша түсінгенін тексеру

«Алгоритм»

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау тапсырмасын беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Өлеңнің авторы: Ғ.Қайырбеков
Өлеңнің тақырыбы: Ана тілі
Идеясы: Қазақ тілінің ерекше байлығы,ұлылығы туралы
Жанр түрі:
Негізгі түйіні, тәрбиелік мәні ана тілін қадірлеу. Кейіптеу: жансызға жан бітіріп сипаттау.

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
Өлеңнің авторы: ----
Өлеңнің тақырыбы:--
Идеясы: ------
Жанр түрі:------
Негізгі түйіні----- тәрбиелік мәні: ------
Кейіптеу:

Ү.Бекіту,

бағалау

«Поэзия минуты»

Өлеңнің бір шұмағын жатқа айтқызу

Оқушылар өлеңнің өздері қалаған бір шұмағын жатқа айтады.

ҮІ.Үйге тапсырма беру

Тілге байланысты нақыл сөздерді жазып келу тапсырмасы беріледі

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады



© 2010-2022