Әдебиеттік оқу 2-сынып. Тақырыбы: Шана

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Шана. Г. Әзімбаева.

Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнынтүсіну. Кейіпкер үшін мәселе болған оқиғаның себебін іздеу арқылы оқушыға ой салу.

а) Мәтінді түсініп оқу арқылы, қысқы ойын түрлері мен табиғат құбылысы туралы тереңірек мағлұмат беру.

ә)Тапқырлық ептілік дағдыларының жетілуіне мүмкіндік жасау. Құрастыру, іздену, ойлау дағдыларын дамыту.

б) Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, қыс тақырыбына салынған суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Мәтінді түсініп оқу арқылы, қысқы ойын түрлері мен табиғат құбылысы туралы тереңірек мағлұмат беру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптарды қайталау.

3. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Лездеме сұрақтарға жауап беру.

-Жылдың қай мезгілінде қар жауады?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгіліндегі басты мерекені ата.

-Жаңа жыл шыршашысының басты кейіпкерлері?

- Балалардың қысқы көлігі?

Мәнерлеп өлеңнен үзінді оқып беру.

Қандай суық қыс деген

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесе құлағыңды тістеген

Қандай қызық қыс деген

Бәрін шебер істегенбақша-бауды тауды да

Бояған ақ түспенен.

-Бүгінгі сабақ не туралы болатынын аңғардыңдар ма?

IҮ. Жаңа материалмен жұмыс.

Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқып шығу. «Қызық сұрақ» айдарымен жұмыс арқылы оқушылардың мәтін бойынша түсінгендерін нақтылып алу. Топтар бір-біріне кем дегенде екі-үш сұрақтан әзірлейді. Сұрақ-жауап жұмысын қорытындылап өту. «Салыстырмалы карта» бойынша Жәнібек пен ата-анасына мінездеме беру.

Жәнібек

Ата-анасы

Мінездеме

Дәлелдейтін сөз

Мінездеме

Дәлелдейтін сөз


V. Сабақты бекіту.

Мәтіннің соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау, сурет салу.

Жұмбақ шешу:

Қоыл жоқ сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады (аяз)

Қыс болса қыр мен ойды аралайды

Жаз болса қозғалуға жарамайды (шана)

Отқа жанбайды

Суға батпайды (мұз)

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

-«Бес жолды өлең» әдісі арқылы шана сөзіне өлең құрастыр.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Шана мәтінін оқу, мазмұнын әңгімелеу.

ҮІІІ. Бағалау. Оқушылардың бағаларын күнделік пен журналға қойып шығу.

© 2010-2022