«Қош бол, құтты Әліппем»

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айдархан Раушан Жұмаханқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

І категория


«Қош бол, құтты Әліппем»

Мақсаты:

  1. Оқушылардың ең алғаш сауат ашқан сүйікті кітаптары әліппені қалай меңгергендіктерін, әріпті қалай жаттағандықтарын қорытындылау.

  2. Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахна гүлмен және шарлармен безендірілген, қанатты сөздер, әріп белгілері, үнтаспен демеу т.б.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ, ән айту, би билеу, кестелер, тапсырмалар.

Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар!

Бүгін сіздер қуанышты «Қош бол, құты Әліппем» атты ертеңгілікті тамашалап отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы да - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы әліппе арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтермекпіз. Олай болса оқушылардың сіздерге әліппені қалай оқып меңгергендерін, қалай есептеп, қалай жаза алатынын, жұмбақ, мақал-мәтел жаттап үйренді. Ендеше, мерекемізді бастаймыз.

1-жүргізуші:Қайырлы күн, уа халайық!

2-жүргізуші: Армысыздар ата-ана, ұстаздар.

Бірге: Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!

1-жүргізуші: Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

2-жүргізуші: Көз салып қараңдаршы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

1-жүргізуші: Балалар «Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?»

Барлығы: Барлық ілім-ғылымның,

Әжесі ол - Әліппе.

Болашаққа жол бастар,

Ол сүйікті әліппе, әліппе!

2-жүргізуші: Ендеше сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық!

Барлығы: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Ортаға Әліппе шығады.

Әліппе көзі: Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

4-ай бойы білім нәрін сепкен мен Әліппемін,

Рахмет мені таза ұстадыңдар,

Ризамын құрметті шәкірттер.

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

1-жүргізуші: Келесі шырқалар ән сіздерге арналады.

2-жүргізуші: ән «Әліппе» орындайтын хор.

1-жүргізуші: Әліппенің тойында,

Әркім құмар ойынға.

Әріптер сыр ашады,

Әсем биге басады.

Бастайық кәне, айтысты,

Жібермейік намысты.

2-жүргізуші: Олай болса Әліппемізді төрге шақырайық.

Әріптер ортаға шығады.

1-оқушы: Алфавитті біліңдер,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.

Ақсезім:

Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адам болып өскенің.

«А» дыбысын өткенде та-анамыздың еңбегін бағалауды түсіндік.

Аружан:

Ата-баба жерінің,

Қасиетін мен білдім.

Әжеміз ғой үйреткен,

Әліппесін өмірдың.

«Ә» дыбысын өткенде кемшілік жасамауды үйренді.

Димаш:

«Ш» дегенің шапағат,

Тие берсін баршаға.

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылдықты жақтаймыз.

«Ш» дыбысын өткенде шыншыл болуды үйрендік.

Аяу:

Дүлдүл аттап баптаған,

Дәркенді жұрт мақтаған.

«Д» дыбысын өткенде дөрекі болмауды үйрендік.

Бақжан:

«Қ» әріпінен құрылған,

Бас аяғы қазақтың.

Жарылқасын бір Аллам,

Жасай берсін Азат күн!

«Қ» дыбысын өткенде қазақылықты үйрендік.

Жансая:
Жан, жақсылық, жаңалық,

Жатыр Ж-дан басталып.

«Ж» дыбысын өткенде жақсы оқуды түсіндік.

Еркебұлан:

«Р» дегенің рақым,

Мейірің мен пейілің.

«Р» дыбысын өткенде рақымшыл болуды үйрендік.

Эльриза:

Кенілік-ау, кенілік,

Мағжан:

«О» дегенің «Отбасы»,

«Отан» деген ұғымдар.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

«О» дыбвсын өткенде ою оюды үйрендік.

Ақсезім:

Мектеп берген біліммен,

Марқаясың, жас ұлан.

«М» дыбысын өткенде мектеп ережесі мен таныстық.

Бақберген:

«Ө» әрпімен өрістеп,

Өмір атты дүниенің.

«Ө» дыбысын өткенде өмір туралы түсіндік.

Шынар:

Інілерді ағалар,

Ісімен бағалар.

Ілер жүлде жарыста,

Іркілмеген балалар.

«І» дыбысын өткенде іскер болуға ұмтылдық.

Нұрмахан:

«Ұ» әрпі ұлыстың,

Ағайының өз елің.

«Ұ» дыбысын өткенде ұлылықты түсіндік.

1-жүргізуші: Ән «Көңілді күн» орындайтын хор

Шыңғыс:

Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықтың.

Жанерке:

Бірінші беттен елімнің,

Ел таңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың,

Ұрпағымын сәнімін.

Ақназар:

Келгенімде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ермекте,

Үйреткен оны Әліппе!

Сымбат:

Мынау менің Әліппем,

Көгілдір туым түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.

Мұхамеджан:

Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Фариза:

Әсем ою өрнекпен,

Көмкерілген Әліппем.

Сен болмасаң білімге,

Бастайтын жол біліп пе ем?

Шерхан:

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті «Әліппеммен».

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.

Әліппе: Жарайсыңдар балалар, сендер көп нәрсе үйреніпсіңдер. Ал енді менің сендерге қояр сұрағым бар, соған жауап беріңдерші.

  1. Әліппе оқулығын ең алғаш рет жазып беріп кеткен кім?

  2. Әліппе оқулығынан қанша әріп үйрендіңдер?

  3. Қанша дауысты дыбыс бар (15).

  4. Қанша дауыссыз дыбыс бар (25).

  5. Қандай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болып келеді?

  6. ҚР Президенті кім?

  7. Біз қай қалада тұрамыз?

  8. Бір аптада неше күн бар?

Жарайсыңдар балалар!

Ризамын Ризамын балалар,

Меңгердің болмадың босқа тер.

Ана тілі атты әпкем бар,

Сендерді жетелеп әкетер.

Ана тілі шығады.

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме балалар?

Бірге: Хош келдің, Ана тілі.

Ана тілі: Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тілің мен.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізгі менде білімнің.

Ана тілің - құралың,

Ана тілің - ұраның.

Ана тілің болмаса,

Мықты болмас тұрағың.

Мадина:

Ақыл ойын даланың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Гүлназ:

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.

Ана тілін сүйеміз,

Басымызды иеміз.

Айсана:

Ана тілің арың бұл,

Аятың болып тұр бетте.

Басқа тілдің бәрін біл,

Өз тіліңде құрметте.

2-жүргізуші: Ән «Оқуда озат боламын». Орындайтын хор.

Әліппе: Олай болса балалар, менің уақытым жетті. Сендерге тілерім:

Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақтарың,

Ақ жол болсын, балалар.

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің беске толсын.

Әліппе кетеді.

Бірге: Хош бол, Әліппе!

1-жүргізуші: Достарым! Азғана уақыттың ішінде көп нәрсені - оқуды, жазуды, есептеуді меңгердік. Осының бәрін кім үйретті?

Барлығы: Мектеп, Әліппе, ұстаз, ата-ана.

2-жүргізуші: Әліппе, даңғыл жол ашты,

Жаңа пәнмен жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет, ұстаз алғашқы.

Барлығы: Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл берді Әліппе,

Ақылшыл сен мұғалім.

1-жүргізуші: Ән «Мектебім» орындайтын хор.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Сендер Әліппемен бірге «Математика» оқулығын оқыдыңдар. Олай болса қане, қайсың жүйріксің?

Математикалық жұмбақ. Логикалық сұрақтар.

Мұз айдында жеті бала,

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың

Санын айтсақ - жарадық!

Жаңа ғана шалғында,

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып.

2-жүргізуші: Ретімен тізбелі,

Әрбір санды даралап.

Қайсың барсың бізге енді,

Айтып берер санамақ.

1-оқушы: Санамақ айтады.

Ислам:

Мен айтайын санамақ,

Аңғар санын санап-ақ.

Бір - білеу,

Екі - егеу,

Үстік үшеу,

Сабы - бесеу.

Саны нешеу?

Оймен ғана өсейік,

Ойлы жұмбақ шешейік.

Ердаулет:


Сендерді әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілік сияқты қасиеттерді бойымызға сіңірген өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Рахима апайға не дейміз?

Оқушылар: Мың алғыс.

Мұғалім : Біз денемізді шыңдаған, бойымызға күш қуат сыйлаған салауатты өмір салтына баулыған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сержан ағай не дейміз?

Оқушылар: Мың алғыс.

Мұғалім: Осыдан бөлек ағылшын тілінде меңгердік.

Ағылшын тілінің мұғалімі Мөлдір, Меруерт, Ұлжалғас апайларына: мың алғыс, апайларын қошеметтеп ортаға шақырайық.

Шерхан:

Уинтэ, уинтэ,

Ин зе сноу.

Уинтэ, уинтэ,

Уинтэ, уинтэ.

Айсана:

Сноу он зэ граунд,

Сноу он зэ три.

Сноу он зэ хаус,

Сноу он ми.

Алихан:

Ай лав май мазэ,

Ай лав май фазэ.

Ай лав май систэ энд бразэ,

Ай лав ю.

Ән «Хэпи-хэпи» орындайтын хор.

1-жүргізуші: Келесі кезекте 1-а сынып оқушыларының шағын концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.

2-жүргізуші: Ұстазым әні орындайтын Дәуітбек Ақсезім.

Қазақ биі: Ақсезім, Эльриза, Арсен.

Орындайтындар: Азамат, Айсана, Сымбат, Алихан, Аяулым, Ақназар, Жансая, Шерхан, Ердаулет.

Би: «Аққу»: Гүлназ, Жанерке, Шынар, Аружан, Мадина, Ақсезім.

Акробатика көрсету.

Орындайтын: Мұса Эльриза.

Вальс биі.

Би: «Би тобы».

1-жүргізуші: Бұл мереке сенің арқаң анашым,

Бір мен үшін керектіні табасың.

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп, қуанып бір қаласың.

2-жүргізуші: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаға үйреткен,

Ата-ана мен ұстазға.

Хормен: Бас иеміз құрметпен.

1-жүргізуші: Хор: «Көк тудың желбірегені»

Мұғалім сөзі.




© 2010-2022