Уроки на тему «Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары» (4 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән:Дүниетану

Сабақ №45

Сыныбы: 4 «в»

Күні 19.02.2016

Тексерген

Сабақтың тақырыбы:
«Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары»

Жалпы мақсат:

Су қоймасы» деген ұғымның мағынасын түсіндіру арқылы еліміздегі көлдер, өзендер, тоғандар туралы білімді еске түсіру. Су ішіндегі тіршілік жағдайлары, өсімдіктері, жануарларының алуан түрлілігі туралы білімдерін кеңейту.Оқушының сөздік қорын молайту, оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту.Бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, жақсы мен жаман әдет қылықтарды ажырата білуге, жауапкершілік сезімі бар жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сілтеме:

Т.Қ.Оспанова,Ш.Х. Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,

Б.М.Қосанова.К.Ә.Ерешева,М.В.Маркина,Атамұра

Оқу нәтижелері:

Өсімдіктердің түрлерін білу;

Өсімдіктер не үшін қажет екенін білу;
Суретпен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрену.
Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.

Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру .

Топтық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынады.

Бірлесіп жұмыс жасай алатын болады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық,тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар,

маркер,стикер, күлегештер.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан

алынған видео, автор туралы мәліметтер.

Тапсырмалар

Тапсырма түрлері

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

2мин

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.
Сейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.
Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

Оқушылар қағаз қиындыларының түсіне байланысты төрт топқа бөлінеді.


1)Білу.

5мин


Қызығушылықты ояту
«Даналық ағашы»
1.орман - тоғай туралы не білеміз?

2.Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді?

«Топтастыру»
2 - 3 оқушының жауабын тыңдау.
- Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
- 3 топқа
- Ағаш, бұта, шөп
Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтардың жауабын өсімдіктер тобына орналастыру.
1) Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Күннің көзі болмаса,
Бұғып қана өсермін.
(Күнбағыс - шөп)
2) Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да,
Айналар нанға да. (Бидай - шөп)

3) Іші толған шербет,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - (Жүзім - бұтақ)

4) Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - (Жаңғақ - ағаш)

5) ) Жапырақты тасалап,
өсетін жері - бақша - бақ.
Күрең қызыл, шіркін - ай,
Оның аты - (Таңқурай - бұта)

6) 6) Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - (Шабдалы - ағаш)


Үйге берілген тапсырманы айтады.

Талдайды.

«Бас бармақ» бағалауы.

Бас бармақ жоғары 5
бас бармақ орташа 4
бас бармақ төмен 3

2) Түсіну.

10мин


Мағынаны тану

Су қоймасы өсімдіктері жануарлары Қазақстанда үлкенді - кішілі өзен, көлдер көп.

Су өсімдіктері туралы қосымша ақпарат беру.

«Су өсімдіктері»

Сарыкөл көлінің қамысты жағалауы. Біздің өлкеміздегі Жәнібек ауданы маңындағы ұсақ тұзды және кермектеу келген көлдер бар.

Қамыс - Самар көлі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы су айдындары. Бұл жерде қамыс құрақ су өсімдігі кең тараған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп жемістенеді. Құрақты сиыр, жылқы жейді. Құрақтан себет тоқылады, құрылыста қолданылады. Химиялық өңдеу жолымен сірке қышқылы қағаз алынады.

Ақ тұңғиықтар. Олардың көптеген керемет қасиеттері бар. Гүлдері жаңбыр алдында жабылып, Саяхатшыларға белгі береді.Жас 2-3 күндік гүлдер жабылып, суға батады. Күнде таңертең су бетіне шығып, тез ашылады. Гүлдеп болғаннан кейін күлтелері түспейді, олар жас жемісін зақымданудан қорғайды.

Балықот,Балдырлар

«Су жануарлары»

Инелік Сүңгуір қоңыз Тоспа ұлу

Мөңке Құндыз Кәмшат

«Су құстары»

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.

Түртіп алу. Дәптерге жазып алу.

(Оқушылар өздері дайындалып келген мәліметтері бойынша қысқаша айтып өтеді)

Қалыптастырушы

(«бағдаршам» әдісі) және жиынтық (бағалау парағына) бағалау әдісімен

3мин

Сергіту сәті

«Ақ бұлақ » Бейне таспа

Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді

3) Қолдану

10мин

Ой-толғаныс

«Ойлан - жұптас - талқыла»
1 - топ: Орман тоғай өсімдіктері
2 - топ: Орман тоғай жануарлары
3 - топ: Су өсімдіктері
4 - топ: Су жануарлары

5-топ:Су қоймалары

6-топ: Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар
Постер қорғалады.
- оқушылар қорғар алдында ескерту: Басқа топтың жұмыстарын мұқият тыңдаңыздар.
Постерлерін қорғап болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін күлдіргілер тарату.

Бірінің білімін бір толықтырады

4) Талдау.

5мин Сәйкестендіру
Суретпен жұмыс Кубизм әдісі

Тез жауап береді

5) Жинақтау.

5мин

Өзіңді тексер.

І нұсқа

1. Суға тапшы аймақ.

а) дала в) шабындық с) шөл

2. Ормансыз тегіс алқап.

а) дала в) шөл с) құм

3. Шалғын қандай жерлерде өседі?

а) тау етегінде в) өзен аңғарларында с) жазық жерде

4. Пішен дайындалатын жер қалай аталады?

а) шөл в) дала с) шабындық

Орман құсы.

а) шымшық в) бұлдырық с) бөдене

6. Алматы облысы Шелек өзені бойын мекендейтін жануар

а) елік в) доңыз с) бартоғай бұғысы

7. Суыр төмешігінің аумағын көрсет.

а) көлденеңі 1-5м, биіктігі 1м. в) көлденеңі 5-10м, биіктігі 1,5м.

с) көлденеңі 10-15м, биіктігі 1м.

8. Мақта өсірілетін аймақ.

а) Солтүстік Қазақстан в) Оңтүстік Қазақстан с) Шығыс Қазақстан

9. Даланың неше түрі бар.

а) 3 в) 2 с) 4

10. Шөлді жерді мекендейтін жануар

а) қасқыр в) арқар с) кесіртке

ІІ нұсқа

1. Дала өсімдігін ата.

а) селеу в) жусан с) қарағай

2. Улы өсімдікті белгіле.

а) боз в) бетеге с) сарғалдақ

3. Қайсысы артық?

а) шалғынды, орманды в) дала, шөл с) қала, ауыл

4. Күріш қай облыста өсіріледі?

а) Батыс қазақстан облысы в) Қызылорда облысы с) Талдықорған облысы

5. Шалғын жануары.

а) бөдене в) жапалақ с) шымшық

6. Даланың неше түрі бар?

а) 4 в) 2 с) 3

7. Жылқы сүті қалай аталады?

а) қымыз в) шұбат с) көже

8. Күн сәулесі көп түспейтін орманды тап

а) кайыңды орман в) көктеректі орман с) шыршалы орман

9. Топырағы ылғалды әрі құнарлы өлке.

а) Солтүстік в) Оңтүстік с) Батыс

10. Шөл жануары

а) қосаяқ в) бартоғай бұғысы с) жаман сары

(тест жауабы) І нұсқа 1с. 2а. 3в. 4с. 5а. 6с. 7с. 8в. 9а. 10с. ІІ нұсқа 1в. 2с. 3с. 4в. 5а. 6с. 7а. 8с. 9а. 10а.


- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- Нені білдік?

- Нені үйрендік? ( оқушылардың ойларын тыңдау) Сабақты қорытындылау.

Өз бетімен жұмысты орындайды.

«Бағдаршам» арқылы бағалау

6) Бағалау.

3мин

Осы алған білімдеріңді достарына, ата аналарыңа айтып бере аласыңдар ма?

Балалар жауаптарын айтады.

Критериалды бағалау

9-10 жауап -«3» ұпай

6-8 жауап - «2» ұпай

4-5 жауап - «1» ұпай

Үй тапсырмасы:

2 мин

41-бет мазмұндау тест құрау

Рефлексиялық кезең

Сабақтан алған әсерлерін тақтаға қоңырау кезінде жазып кетеді.


© 2010-2022