Сабақтың тақырыбы: Бірдей сандарды қосу, азайтуды қайталау. 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

19.02 Математика 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бірдей сандарды қосу, азайтуды қайталау.
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтап қайталау.

Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, тапқырлығын дамыту.

Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру және ұқыптылыққа баулу
Түрі: қайталау сабақ

Сабақтың жүргізу әдісі: Ойын, сұрақ - жауап, өзіндік және жұптық, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

1.Психологиялық дайындығы

Математика сабағын ,
Жақсылап ұғып аламыз.
Сәулесі деп сананың
Мәнінен ой табамыз.
2. Топқа бөліну. Геометриялық фигуралармен топқа бөліну.

3. Үй тапсырмасын тексеру. № 5

4. Көркем жазу. Екі таңбалы жұп сан жазу. 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, т.б
5. Миға шабуыл. Сиқырлы санды сөйлет.

Әр тапсырманың бірінші әріпін аламыз.

1

2

3

4

5

6

7

8

қ

а

й

т

а

л

а

у

1.Ақ ұлпа / қар /

2.Ең жақын адам / ана /

3.Ай сөзіндегі ең соңғы дыбыс / й /

4.2 мен 2-нің қосындысы / төрт /

5.Ініден үлкен / аға /

6.Ешкінің төлі / лақ/

7.Әліпбидегі бірінші әріп / а /

8.Дауыссыз да,дауысты да болады /у/

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ Білімдерін тексеру.

Математикалық диктант. Дұрыс жауапты тақтадан көрсету.
12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Сонда әр тәрелкеде неше алмадан салынды? / Жауабы: 3 алма/
Әжей шарадағы 4 литр қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды. Әр кесеге неше литр қымыз құйылды? / Жауабы: 1 л қымыз/

Ойын «Кім жылдам?» Топпен жұмысы
Әр кеседе тапсырма бар. Егерде тапсырманы тез және қатесіз орындасаң, әжейдің қымызынан ауыз тиеді.
4 кеседе 12, 14, 15, 16, 18, 20 деген сандар бар. Осы сандардың нәтижесінде нөлге шығатындай етіп, бірдей сандарды азайт.
Мысалы: 12 - 6 - 6 = 0
12 - 2 - 2 - 2 - 2 - 2 - 2 = 0
«Балық аулау» ойын. Ауызша орындау
Балықтағы есепті шығару

17 + 12 = 69 + 30 = 78 + 22 = 43 + 56 =

29 - 12= 99 - 30 = 100 - 22 = 96 - 56 =

35 + 15 = 54 - 14 = 12 + 10 = 50 - 10 =

Сергіту кезеңі

«Ойлан, тап !» . Оқулықпен жұмыс. Топпен орындау. 4 есеп

Теңдеулерді шеш: Жұппен орындау.

27+х=90 90-х=63 Х-27=63

«Кім зерек?». Семантикалық карта

Мысал

71

53

35

54

33

47

34+19


+





71-18


+





46+25

+






53-18



+




50-17





+


71-24






+

Рефлексия: - Біз не үйрендік?

Өз-көңіл күйлеріңді білдіріңдер.

Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: №6 №7 (3 бағаны )

Логикалық есептер шешейік

  • 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?

  • 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

  • Сыныпта 5 шкаф, ал одан 2 - уі кем терезе бар. Сыныпта неше терезе бар?

  • Үстіңгі сөреде 4 кітап, ал астыңғы сөреде 3 кітап артық. Астыңғы сөреде неше кітап?

  • Қорада бірнеше күрек болды. 3 күректі алғанда 5 күрек қалды. Қорада неше күрек болып еді?

  • Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?

  • Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды?


17 + 12 = 69 + 30 = 78 + 22 = 43 + 56 =

29 - 12= 99 - 30 = 100 - 22 = 96 - 56 =

35 + 15 = 54 - 14 = 12 + 10 = 50 - 10 =


© 2010-2022