Тәрбие сағаты Тәуелсіздік-желтоқсанның жемісі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:« Тәуелсіздік-Желтоқсанның жемісі» (сырласу кеші) Мақсаты:1) Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру.Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді зерделеу.2) Өз Отаны, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. 3) Ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру. Көрнекілігі: Тәуелсіздікке арналған қабырға газеттері, слайдтар. Тәрбие сағатының барысы:

  • Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!
Эфирде сырласу.«Тәуелсіздік-Желтоқсанның жемісі» атты сырласу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бейне көрініс (Желтоқсан көтерілісі жайлы)
  • Бейне жазбадан не туралы көріністерді көрдіңдер?
  • Бұл қандай көтеріліс?
  • Не үшін болды деп ойлайсыңдар ?
  • Себебі не?
  • Не түрткі болды ?
1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізде желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсті, дүрбелең жайлады.Қазақтың көртеген азаматтарының мойынына қыл шылбыр салынды.Әділдік үшін бас көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.Бастарына қара бұлт үйірілді. Иә бұл күнге жеті үшін ата-бабамыз қаның төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан ұрпаққа табыс етті. Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін минут үнсіздік жарияланады. Желтоқсан ызғары.1986 жыл талай қазақ жастарының жүрегінде өз ызғарын қалдырды және ол тәуелсіздігіміздің бастамасы ретінде ұлы өзгерістерге жетелегені даусыз. Сырласу кешіміздің құрметті қонағы, желтоқсан көтерілісіне қатысқан мектебіміздің ұлағатты ұстазы Мукышева Айжан Халеловнаға сөз береміз. (Қонақ сөзінен соң оқушылар өз сұрақтарын қояды)
  • Студияға, қош келдіңіз !
  • Бүгін бізбен сырласуға дайынсыз ба ?
  • Сол жылдар жайлы біздің ұрпаққа сыр шертіп берсеңіз.
/ Оқушылар қойған сұрақтары /.
  • Желтоқсан оқиғасына қалай қатыстыңыз?
  • Жастар көтеріліске неге шықты?
  • Көтеріліске қатысқанда неше жаста болдыңыз?
  • Көтеріліске қатысқаныңыз оқуыңызға әсер етпеді ма?
Жаның қамауда қалғанда, арың талауға түскенде араша болған-Тәуелсіздік.Барың тоналғанда, асылың жоғалғанда қайтарып берген - Тәуелсіздік. Ақиқатыңды айтқызбай, тіліңді тістеткенде, бойыңнан күш кеткенде, есіңді жиғызып, еңсенді көтерген-Тәуелсіздік. Ендеше, экранға назар аударайық. (Бейне көрініс. «Тәуелсіздіктің жемісі») . Біздің Елбасы былай деген: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтанда бұл бақытымыз баянды ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз»
  • Қазір, балалар, туымыз түстес көгілдір қағазға «Тәуелсіздікке» қатысты суретті жапсырыңдар.
Ән: «Туған жер» орындайтын: Еркимбекова Зарина. Кешімізге ой бөлісіп келген қонағымызға естелік ретінде сый ұсынуға рұқсат етіңіздер... Сазды бағдарлама. 1. Ән. «Туған жер» орындайтын Омарова Балнұр. 2.Мәнерлеп тақпақтар оқу. 3.Би. «Қара жорға» Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтарамай алға баса береміз.Осы бақыт үшін баршамыз тәуба дейміз, осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымымыз бен қабілетімізді, қажет болса жанымымыз бен қанымымызды аямай жұмсаймыз. Сүйікті Отанымымыз - Азат Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсің! Бағы жанып, абыройы арта берсің! Кездескенше күн нұрлы болсың, ағайың! Хор: «Көк тудың желбірегені » әні. - Құрметті қонақтар! Тәуелсіздік күніне арналған сырласу кешін жабық деп жариялаймыз. Сау болыңыздар!








«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ















Тәрбие сағаты





Тақырыбы:

«Тәуелсіздік-Желтоқсанның жемісі»

Сыныбы: 2 «А», 3 «Б»

Өткізген:Молдашева Б.Б.

Төкенова А.Ж.

2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022