Я дыбысы мен әрпі тақырыбына қмж

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Юнусованың әліппе пәнінен

қысқа мерзімді сабақ жоспары

2014-2015 оқу жылы

Күні

26.11.2014

1

Сабақтың тақырыбы

Я дыбысы мен әрпі

2


Білімділік: Я дыбысы мен әрпі және басқа да өтілген дыбыстар туралы түсініктерін арттыру, Я дыбысы бар сөздерді дұрыс және мәнерлеп оқуға баулу Сурет бойынша жұмыс жүргізу арқылы сөздік қорларын арттыру Дамытушылық: Оқулықтағы сөздерді оқып, дыбыстарға талдау жүргізу,сөйлем құрау. Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтау, тиянақтау Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы тыңдау мәдениетін қалыптастыру, сыйласымдылыққа тәрбиелеу.

3

Табыс критерийлері Я дыбысы мен әрпі және басқа да өтілген дыбыстар жайында түсініктері артады, ү дыбысы бар сөздерді дұрыс және мәнерлеп оқуға үйренеді. Сурет бойынша жұмыс жүргізу арқылы сөздік қорлары артады Оқулықтағы сөздерді оқып ,дыбыстарға талдау жүргізеді,сөйлем құрайды. Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтап, тиянақтайды. Топтық жұмыс арқылы тыңдау мәдениетін қалыптастырып, сыйласымдылыққа тәрбиеленеді.

4

Түйінді идеялар Топтық жұмыс, салыстыру, топтастыру, формативті бағалау,зерттеушілік әңгіме, талдау-жинақтау.СТО

5

Ресурс

Интернет көздері, оқулық,әдістеме

6

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Шаттық шеңберін» жүргіземін

Оқушылар «Шаттық шеңберін» жүргізеді.

«Мектебім» өлеңін жатқа айтады.

Өткен сабақтарда өтілген тақырыптарды қайталау

  1. минут

1. «Қоян»өлеңін жатқа сұрау

2.Жеке жұмыс

Әр балаға суреттер таратып беремін,олар суреттегі заттың атын атап,буынға бөліп ,сол сөздерді қатыстырып,сөйлем құрайды.

3.Жұппен жұмыс

Балаларға сөздер жазылған үлестірмелі қағаздар таратып беремін,олар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады

Әр бала дыбыстар және буындар жайында түсініктері артады.

Балалар өздеріне берілген сөздеге дыбыстық талдау жасайды

Сергіту жаттығуы

2 минут

«Сұр қоян» жаттығуын қимылмен айту

Топпен жұмыс

5 минут

Постер бойынша жұмыс

Әр топқа постер таратып беремін

Балалар топпен суреттегі заттардың атын жазба түрімен жазады

Ойын

«Кім көп біледі?»

3 минут

Зат есімнің жекеше және көпше түрі жайында түсініктерін арттыру

Суреттегі заттарды атап,олардың көпше түрін айтады.

Оқулықпен жұмыс

  1. минут

1.Мәтінмен жұмыс «Сыйлық»

2.Үлестірмелі қағаздар арқылы жұмыс

Сыйлық туралы өздерінің білетіндерін айтады.

Балалар өздеріне берілген мәтіндер мен өлеідерді оқып береді./ әр топтан 2 оқушыға беру/

Ойын

«Жоғалған дыбысты тап»

3 минут

Бірнеше сөздер жазып қоямын,әр топ жарыса отырып, жоғалған дыбыстарды табады

Әр топ жарыса отырып, жоғалған дыбыстарды табады

Сабақты қорыту

3 минут

-Бүгін қандай жұмыстыр жүргіздік?

-Я дыбысы қандай дыбыстар қатарына жатады?

-Енді сендермен «Тиінге көмек» атты ойын ойнайық

-Я дыбысына және басқа да өтілген дыбыстарға байланысты

-Дауысты дыбыс

Жаңғақтардың ішінен я дыбысы бар сөздерді теріп себетке саламыз

Кері байланыс

2 минут

Сабақта алған әсерлерін «Бармақтар» бойынша айту

Сабақта алған әсерлерін «Бармақтар» бойынша көрсетеді.



© 2010-2022