Әдептілік әлемі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Әдептілік әлемі

Мақсаты: Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерін ажырата білуге

үйрету, әдеп әліппесінің кілтін және әдептілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Оқушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға үйрету.

Әдісі: ротация, көрнекілік

Жаңашылдығы: ақпарат техникасьн пайдалану (ақпаратты танымды пайдалану).

Көрнекіліктер: әдептілікке байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1) Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады.

  • Балалар әдептілік белгісі не?

  • Иіліп сәлем бергені.

- Олай болса, бәріміз иіліп сәлем берейік. Енді қасыңдағы екі көршіңе бүгінгі күнге сәттілік тілеп, төс қағыстырамыз.

Әдептілік әлеміӘдептілік әлемі

2) Топқа бөлу

Оқушылар сурет қималарымен топқа бөлінеді.

1 топ 2 топ 3 топ 4 топ

Әдептілік әлеміӘдептілік әлеміӘдептілік әлеміӘдептілік әлемі

Әдептілік әлеміӘдептілік әлемі

  • Балалар суретте нелер бейнеленген?

(Оқушылар жауабы)

  • Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болады?

(Оқушылар жауабы)

  • Дұрыс, біз бүгін «Әдептілік әлемі» тақырыбы төңірегінде жұмыс жасаймыз. Енді сіздердің алдарыңыздағы суреттерге түсініктеме бересіздер.

3) «Ротация» әдісі

Оқушылар өз тобына сай түсті маркерді алып, сағат тілімен флипчартты бір - біріне беріп суреттерге түсініктеме береді.

Әдептілік әлеміӘдептілік әлеміӘдептілік әлемі

Әдептілік әлеміӘдептілік әлемі

4) Жағдаяттарды талдау

Көше бойлап аяндайды,

Адам тасып аялдайды. (Автобус)

Темiр тайым,

Тамақты еш жоқтамайды. (Велосипед)

Суда - көлiк,

Құмда - өлiк. (Қайық)

Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет. (Тікұшақ)

Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар. (Трамвай)

1 топ

Әдептілік әлеміӘдептілік әлемі

Көліктегі тәртіп ережесі

  1. Мына суреттегі Жанат егер әдепті және тәрбиелі болса, не істер еді?

  2. Жанат қоғамдық көлікте орын бермес үшін түрлі заттармен айналысып отырады. Мысалы: кітап оқу, терезеге қарау, қалғып отыру, сөзжұмбақ шешу. Ал, сіздер бұлай жасайсыздарма?

  3. Жанатқа кеңес беріңіздер егер қоғамдық көлікке бала көтерген әйел, қарт кісі немесе таяқ ұстап кірген адам болса не істеу керек?

2 топ

Әдептілік әлеміӘдептілік әлемі

Менің телефоным шырылдады

  1. Алмат сыныптас қызға телефон шалып, оятып жіберді. Оған сағат қаншаға дейін қоңырау шалу керектігін айтып жіберіңдер.

  2. Достарыңа жай күндер мен демалыс күндері қай уақытта қоңырау шалу керектігін білесіңдерме? Алмат қоңырау шалғанда неден бастау керек?

  3. Сіз досыңызға қоңырау шалдым деп, басқа үйге түсіп кетсең не істейсің?

  4. Сіздер досың қоңырау шалдыңыздар бірақ, досыңыз үйде жоқ екен, ата-анасының біреуі тұтқаны көтерді. Сіз аты-жөніңізді айтасыз ба , әлде, өзі тацып алар кім қоңырау шалғанын деп, тұтқаны қоя саласыз ба?

  5. Телефонмен сөйлесу қанша уақытқа созылу керек?

Өрт сөндіру 101

Милиция 102

Жедел жәрдем 103

Газ 104

3 топ

Әдептілік әлеміӘдептілік әлемі

АСЫҢЫЗ ДӘМДІ БОЛСЫН

  1. Қай бала әдепті сақтап отыр?

  2. Даниярдың өрескел қателіктерін ата.

  3. Данияр мен үстел басында отырып , тамақ ішер ме едің?

  4. Таңғы ас, түскі ас, кешкі асты қандай әдепті сөздермен бастайсың?

«Асыңыз дәмді болсын!» ойыны.

  • Балалар қазір мен сіздерге тамаққа қатысты және қатысты емес сөздер айтамын тамаққа қатысты болса, «Асыңыз дәмді болсын!» дейсіз, ал егер қатысты болмаса үндемейсіз.

4 топ

Әдептілік әлемі

Әдепті жол

1. Қоғамдық көлікте балмұздақ, самса, бәліш жеуге бола ма? Жауабыңды түсіндір. Егер қарның ашып бара жатса не істейсің?

2. Саматтың артында сөмкесі бар, ол жолаушыларға кедергі жасап тұрма?

3. Самат өз қателігін дұрыстау үшін не істеу керек?

Балалар сіздер тақырыпқа сай қосымша материалдар әкелу тапсырылды. Оқушылар тақтаға әкелген мәліметтерін іледі.

5) Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді айт:

  1. Рахмет …

  2. Мен білдім…

  3. Маған ұнады…

  4. Мені таңқалдырды…

Суретке сай мимика жаса!



№ 53 орта мектебі


Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Әдептілік әлемі»


Әдептілік әлемі




бастауыш класс мұғалімі:

Султанова А.У.




Ақтөбе, 2013 жыл

© 2010-2022