Презинтация на казохском языке

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презинтация на казохском языке

Қызылорда обылысы,Жаңақорған ауданы ,№240 Ғ.Мұратбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сыздықова Баян

Ана тілі

3 сынып

Сабақтың аты

Шегіртке мен құмырсқа

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Шегіртке мен құмырсқа мысалының мазмұны туралы түсінік беру.

Олардың іс-әрекетінің дұрыс немесе теріс екенін түсіндіру.

Өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Шегіртке мен құмырсқа мысалының мазмұны туралы білетін болады.

  • Олардың іс-әрекетінің дұрыс немесе теріс екенін түсіне алатын болады.

  • Өзара бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Бейнетсіз рахат жоқ .

Кім еңбек етсе сол тоқ.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

«Суреттер сөйлейді»

Топтық жұмыс

«Аквариум» әдісі

Жеке жұмыс «Тест»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару. 1, 2, 3 санатып топқа бөлу (2-3 минут)

II.Үй тапсырмасын тексеру. (бағалау кретерийлерін айқындау )

1.Үйге берілген тапсырма бойынша үш топ күздің суретін салады.

Топтың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой- пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру.(10мин)

ІІI.Жаңа сабақ.

ІV.Қызығушылығын арттыру.

Жұмбақ шешу.

1.Ат басты,бөрі кеуделі, бөкен санды,арқар мүйізді. Бұл не?

(Шегіртке)

2.Ине бел,қылқа мойын,қара батыр.

Қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не?

(Құмырсқа)

-Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңімен танысамыз.Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крылов шығармасынан аударған.

Біз шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді көз алдымызға елестетіп айтып шығайық.


V.Топтық жұмыс « Суреттер сөйлейді»

Әр топтың оқушылары бірлесе отырып, сұраққа жауап беру арқылы суретті жазбаша

сипаттап,топтың бір мүшесі жауап береді.

-Суретте нелерді көріп тұрсыңдар ?

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген ?

-Шегіртке мен құмырсқаның жағдайлары қандай?

-Шегіртке неліктен жылап тұр деп ойлайсың

Топтар өзара бағалайды (5 мин) VI. Топтық жұмыс. «Аквариум» әдісі Сіздің тобыңызда 5 рөлді:лидер,баяндамашы хатшы,уақытсақшысы және бақылаушы анықтаңыз.Жұмыс төмендегі жоспармен жүреді. Топтарға мәтін 3 бөлікке бөлініп беріледі. Топта оқып ,топтың мүшелері мәнерлеп оқып шығады. Өзге топтар оқыған шумаққа байланысты сұрақтар береді. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топтар арасында екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды. (10 мин)

VII. Жеке жұмыс.

1.Біз немен таныстық?

а) Өлеңмен

ә) Ертегімен

б) Мысалмен

2.Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?

а) И.Бази

ә) И.Крылов

б) В.Сухомлинский

3.Осы мысалда не туралы айтылады ?

а) Мақтаншақтық

ә) Тәкаппарлық

б) Жалқаулық

4.Қай кейіпкердің іс-әрекеті дұрыс ?

а) Көбелек

ә) Құмырсқа

б) Шегіртке

Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі. Жұптар арасында бағалайды. (5 мин)

Кейінгі тапсырмалар

«Еңбек етсең емерсің» тақырыбына эссе жазып келу.

Кейінгі оқу

Шегіртке мен құмырсқа мысалын оқып келу.

VIII. Рефлексия Кері байланыс

1.Не ұнады?

2.Не қиын болды?

3.Ұсыныс ,тілегің?



© 2010-2022