Жігіт сұлтаны тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының жоспары 2 (сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып

Тәрбие сағаты :"Жігіт сұлтаны"

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: плакаттар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 2 «Б» сынып оқушылары

Байқау барысы.


1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.

1 - жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.Бұл сайысты алда келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен байланыстырып отырмыз.Яғни біздің болашақ Отан қорғаушыларымызға арнаймыз.

Адина:

Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін
Сен қазақтың ұланысың , ерісің.

Жанель:

Отанының ер ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол!

Еркеназ:

Тыныштық - баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілікке таусылмайтын жыр әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Саида:

Қадамыңыз құтты болсын, Жас ұлан!
Бақ кетпесін халқымыздың басынан,
Ұлтың үшін адал болсын әрдайым,
Табылыңдар игі істердің қасынан!

Жанеля:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені көлі бар,
Қазағымның жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Айым:

Білімді - көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің!

Ән: «Қазақ жігіттері»

Дильназ:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.

Мұғалім:

Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық. (3 адам)

Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы тоғыз жігіт өз өнерлерін көрсетпек.

1.Шыр етіп туысымен адам болды,

Жыл сайын өсіп толып, өрлеп қонды.

Тобықтай тұла бойда бір міні жоқ,

Жігіттер сайысына Асхатта міне, келіп кірді.

2.Қуантады білімімен бізді Темірлан
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
3. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Нұрасыл
Көрінген күштің басынын

4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Алимансур.
5.Өлшеу жоқ өнерінің табысына,

Өріске ойдағыдай барысына.

Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,

Көрсетер үздік өнер Оспан алда.
6. Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Дидар.
7. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Алинұрмұстафа

8. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Хақназар.
9. Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол Дінмұхаммед.

Мұғалім:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! - деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ - жауап сайысы.
ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.
V бөлім «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу
1-кезең. Таныстыру
Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың
І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» кезеңінің бағасын есептей отырыңыздар.

Би: «Бипыл»

2 - кезең. Өнер көрсету
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

(2-кезеңнің бағасын шағара отырыңыздар)
3 - кезең «Білгенге маржан»
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей сұрақ - жауап кезеңін бастайық.

(қағаздарды таңдап алады)
1 - кеспе қағаз.
1. Қазақтың үш биін ата?

2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

3. Жұмбақ.

Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы)
2- кеспе қағаз.

1. Сәби баланың төсегін ата.
2. Наурыз көже қалай жасалады? Тағамның қандай түрлері қосылады?

3. Жұмбақ

«Естіртпе»- деп ине - жіптің күңкілін,
Бүтіндейді қағаз, кітап жыртығын. ( желім)

3- кеспе қағаз.

1. Түйенің сүтін ата.
2. Киіз үйге жарық қайдан түседі?

3. Жұмбақ.

Жүрген сайын жүйрігім,
Қысқартады құйрығын. (ине-жіп)
4- кеспе қағаз.

1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
2. Сөз таптары нешеге бөленеді? Қандай?

3. Жұмбақ.

Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол, кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (киіз үй)

5- кеспе қағаз. 1. Ұлттық тағамдарды атап бер.

2. Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеулері не деп аталады?

3. Жұмбақ.

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Өрінен мен түкенде,

Өңі кірер даланың. (жаңбыр)

6- кеспе қағаз.

1. Сөйлем түрлерін ата?
2. Тұсаукесер дегеніміз не?

3. Жұмбақ

Қатар - қатар тісі бар,
Өзіне тән ісі бар. (қол ара)
7- кеспе қағаз.

1. Сөз құрамы дегеніміз не? 2. Сүттен жасалатын тағамдар түрлерін ата.

3. Жұмбақ

Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын. ( балта)

8- кеспе қағаз. 1. Қазақтың ойын түрлерін атап бер.

2. Мәтін түрлерін ата?

3. Жұмбақ.

Сегіз тарам қайыстан,
Өрімі бар бұзау тіс.
Жұмсақ жағы майысқан,
Айнымаған жылан түс. ( қамшы)
9- кеспе қағаз.

1. Көкпар деген не? Қалай ойналады?

2. 3* 4 көбейтіндінің мәні нешеге тең?

3.Жұмбақ

Ұзын мойны,

Екі ішек,

Қатар -қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. (домбыра)

(3-кезеңнің бағасын шағара отырыңыздар)

4 - кезең.

Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! - дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі.

(3-кезеңнің бағасын шағара отырыңыздар)

5 - кезең. Мергендікті сынау.

Би болатын Жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар Жігіттің,
Мергендік болар жұмысы - дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі Жігітімізді шақырамыз. Ер кезегі 3 ке дейін демекші, 3 рет ата аласыздар.

Әділқазылар алқасы «Құралайды көзге атқан» шартының бағасын есепке алып жалпы бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығарып болғанша сендер балалар мынадай сұраққа жауап бере аласыңдарма?

-Мамыр айында қандай мерекелер бар?

-9 Мамыр -Жеңіс күні.

-Олай болса осы күнге жеткізген аға-апаларымыз бен аталарымыздың еңбектерін бағаламай кеткеніміз дұрыс емес деп ойлаймын.

Асхат:

Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан

Адина:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міні!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

Темірлан:
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем кетті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Жанеля:

Жер бетінде тыныштық
Баянды бақыт адамға
Орнатуға далаға
Сәбилік таза көңілмен
Оспан:

Қамықпаған қиындықтың түбіне
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!

Дильназ:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Алинурмустафа:
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Айым:
Елін жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін!

Нұрасыл:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы

Саида:

Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді әке боп,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып

Дидар:

Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын
Еркеназ:

Әсем әндей, қоңыр күйдей,
Жылдан - жылға жаңғырып.
Жаса, Жеңіс - ел ерлігі
Сен жасай бер мәңгілік!

Дінмұхаммед:

Баламын мен бүгінде
Кіп-кішкентай баламын
Ертең менде өскенде
Ел қорғауға барамын
Жанель:
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс -құт!

Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан
Бұйраланған аршасы
Қорғайтын -ер боламын!
Хақназар:

Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.

Би: «Катюша»

Қорытынды.

Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
Қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.


Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын!





© 2010-2022