Сабақтың тақырыбы: Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№46 орта жалпы

білім беретін мектебінің І санатты сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі

Рахметова Ақгүл Жәрдемқызы

Сабақтың тақырыбы: Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»

Сабақтың мақсаты:

1. Халқымыздың асыл сөзі - бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздердің мағынасын, идеясын ашуға мүмкіндік беру.

2. Оқушыларға бата сөздерді жинақтауға, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға жаттықтыру.

3. Бата сөз - ата-баба сөзі мирас, мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатынына сенімдерін арттыру. Бата арқылы жақсы сөз, тілек айтуға үйрету.

Сабақ көрнекілігі: плакат, тақта, маркер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІI.Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды топқа бөлу.

І топ "Жас ақын"

  • Неліктен мәтін "Төрт тентек" деп аталған?

ІІ топ "Қаламгер"

  • Мөңке баланың бойында байқалған қасиеттері

ІІІ топ "Тілші"

  • Мөңке баланың жауабын айт

IV топ "Суретші"

  • Мәтіннің берер тәрбиелік мәні

V топ "Көрермен"

  • Сөздік бойынша жазылған шағын әңгіме

ІV. Мағынаны тану

Сабақтың тақырыбы: Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»

  1. Бата сөз дегеніміз не?

  2. Бата сөздегі негізгі ойды түсіндіріңдер?

  3. Бата сөз кімдерге беріледі?

  4. Бата сөз қандай жағдайда беріледі?

  5. Қандай бата сөз білесіңдер?

Әрбір топқа шығармашылық тапсырмалар беріледі де, жауаптары тыңдалады.

  1. Астана туралы өлең жазу

  2. "Егер де мен ..."

  3. "Таңшолпан" бағдарламасы

  4. Сурет жобасы арқылы таныстыру

  5. Елордама тілек

Сабақтың тақырыбы: Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»

Дихан Әбілев 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Жетіжылдық бастауыш мектепті бітірген. 1934 - 1937 жылдары Семей ауылшаруашылық техникумын, Алматыдағы журналистер институтын бітірген. Жас кезінен әрнәрсеге зерек болып, өз бетімен хат тануға талпынған .

Сабақтың тақырыбы: Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»Сабақтың тақырыбы: Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»

- Ақ Орда соңғы дамыған құрылыс әдісімен салынған жаңа резиденция. Президенттің жаңа резиденциясы-Есілдің сол жағалауындағы басты офистік ғимарат-административтік шаршы метрді құрап, қазақстандық мәрмәр және гранитті пайдаланып салынған. Ғимараттың ең биік шыңы , шарқыған қыранның бейнесін көрсеткендей 80 метрді құрайды.

- Астананың ең көрнекті жерлерінің бірі, сол жағалаужағы ұлы ғимараттардың -"Бәйтерек" монументі. Астананың визит карточкасы, оның символдық бейнесі. Сол монументті салуға Көк-төбеде өсіп тұрған ертегі ағашы Бәйтерек туралы аңыз негіз болды. Бұл аңыз бойынша қасиетті құс самұрық, оның жапырағына жыл сайын бір алтын жұмыртқа-күн тастап отырған. Жыл сайын айдаһар оны жеп қойып отырған, бұл күн мен түннің, қыс пен жаздың, жақсылық пен жамандықтың, жарық пен қараңғының ауысқаның білдірген. Бұл аңыз ауыздан -ауызға тарап отырған. Есілдің сол жағалауында, "Астана-Бәйтерек" монументі жапырағын жайды. Оның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тонна, 500 қазық қағылған. Әлемді тұңғыш рет диаметрі 22 метрді, салмағы 300 тоннаны құрайтын хамилион тастан жасалған, яғни күн сәулесіне байланысты түсін өзгертетін шар 97метр биіктікке көтерілді. Бұл жаңа астананың 1997 жылы пайда болғаның еске түсіреді.

Сабақтың тақырыбы: Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»Сабақтың тақырыбы: Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»

  • Қаланың кіре берісінде биік тұғырда орнатылған , барыстар қаланың қақпасын ашып, оны қорғап және тез арада жаумен шайқасуға дайын тұрғандай.
Жағалауға көз шалып тұрған ''Барыс'' бейнесін жасау идеясы шығыс экзотикалық раритеттерінің батыс трактовкасын еске түсіреді. Ескерткіш авторы: Т.Досмағамбетов.

V. Ой толғау

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын,

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын-туысқа пейілді болсын,

Өнеге-білімге зейінді болсын,

Он саусағы майысқан шебер болсын,

Ел қорғайтын батыр болсын,

Шындықты айтар ақын болсын,

Абыройы өрлесін,

Жаманшылық көрмесін.

VІ. Үйге тапсырма, бағалау

  • Бата сөз жазып келу.

© 2010-2022