Үлгілі сабақ К дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пәні: Әліппе Сабақтың тақырыбы : К дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты : 1. Оқушыларға Көгершін мәтінін буындап оқып үйрету . 2. К дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау , сөйлемдер құрату . 3. Оқушыларды сауаттылыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу . Сабақ түрі : қайталау Әдіс - тәсілі : түсіндіру , сұрақ - жауап , әңгімелеу . Көрнекілігі : К дыбысы мен әрпіне арналған кестелер , суреттер , Көгершін суреті , слайд . Сабақтың барысы :
  1. Ұйымдастыру кезеңі :
Психологиялық дайындық . Жылулық шеңбері Қуанамын менде , Қуанасың сенде . Қуанайық достарым , Арайлап атқан күнде .
  1. Ой ашар
К дыбысы қандай дыбыс?- дауыссыз. Қандай дауыссыз дыбыс? - Қатаң дауыссыз . К дыбысынан келетін сөздер құрау , сөздерден сөйлем құрау .
  1. Жаңа сабақ :
Ой толғау. Балаларға жаңа сабақтың тақырыбын айтып таныстырамын . Тақтаға көгершіннің суретін іліп , оның қай дыбыстан басталып тұрғанын анықтатамын . Көгершін сөзіне дыбыстық талдау жасатамын . К- қатаң дауыссыз Ө - жіңішке дауысты Г - ұяң дауыссыз Е - жіңішке дауысты Р - үнді дауыссыз Ш - қатаң дауыссыз І - жіңішке дауысты Н - үнді дауыссыз Оқулықпен жұмыс :
  1. Мәнерлеп оқу
  2. Буындап оқу
  3. Ойын : жалғастыр ойыны
Сұрақтар мен тапсырмалар орындау
  1. Айман мен Берік неліктен көгершіндерге қамқорлық жасайды?
Көгершіндерді жәбірлеуге болмайды . Көгершін - бейбітшілік белгісі .
  1. Көгершін туралы не білесің?
Ақ көгершін көгершін Қол қанат құс сен едің. Бар кезіп қайт ел үшін Кең дүниенің көлемін . Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып , Гүлге ұқсап демалам . Қанатымды бір қағып , Гүлдей болып жайқалам . Дәптермен жұмыс : К әрпінің бас әрпінің элементтерімен таныстыру . К әрпін тақтаға жазып көрсетемін . Ауада жазып көрсету . К әрпінің бас әрпін жазғызу . К әрпінің дәптердегі үлгісі бойынша бастыра жазады . Кесе, кілем, кітап сөздерін қайталап жазады . Дауысты және дауыссыз әріптерді белгілейді .
  1. Сабақты қорыту :
Ой қорыту
  1. Бүгінгі сабақта қандай тақырып оқыдық? Көгершін
  2. Көгершін деген не? Құс
  3. Көгершін ненің белгісі екен? Бейбітшілік белгісі
  4. Сендер көгершіндерге қандай қамқорлық жасайсыңдар ? Оларға жем , су береміз .
5 . Үйге тапсырма Көгершін мәтінін оқып келу 6 . Бағалау .

© 2010-2022