Саяхат және іскерлік ойын тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Білім күні сабағының мазмұны: «ҚАЗАҚСТАН - 2050 стратегиясы: Бір мақсат - бір мүдде - бір болашақ» Сабақтың тақырыбы: «Мен баламын, баламын....» саяхат және іскерлік ойын тәрбие сағаты
Білім күні сабағының мазмұны: «ҚАЗАҚСТАН - 2050 СТРАТЕГИЯСЫ: Бір мақсат - бір мүдде - бір болашақ» Сабақтың тақырыбы: «Мен баламын, баламын....» Мақсаты: 1. Білім күні мерекесі туралы білімдерін, мектепке, оқуға деген ынта-ықыластарын қалыптастыру. 2. Ойлау қабілеттерін, таным - түсініктерін жетілдіру, ойынға жылдам қосылу мүмкіндіктерін дамыту. 3. Бауырмалдыққа, өзара сыйластыққа,мемлекет саясатынан хабардар болуға, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: балалар әдебиеті, оқу құралдар, саз аспаптары, тақырып бойынша суреттер, дид.ойын, ойыншықтар, қоңырау Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Мектеп ауласымен,сынып бөлмесімен танысу, сахатқа шығу; оқу құралдары мен орнын білу және дайындау; ҚР Гимні орындау кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы түсінік беру. Іс -әрекет кезеңі: Ұйымдастыру, балаларды сыныпқа шақыру. Көңілді ән әуенімен сыныпқа кіру, көңіл аудару, тыңдау, амандасу.
  • Балалар қонақтармен амандасайық, шеңберге тұрып, көңіл-күйімізді көтерейік. Енді жаңа тыңдаған әніміз туралы айтайық.
  • Ән не туралы деп ойлайсыңдар?
  • Біз қай елде тұрамыз?
  • Біздің Отанымыз қалай аталады?
ҚР Гимнін орындау, өзін талапқа сай ұстауға үйрену.
  • Елбасымыз кім? Елордамыз қай қала?
  • Бүгін қай күн? Білім күні дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Оқушыға не қажет?.........Әрине,татулық, достық,бауырмалдық,
еңбектену, таза жүру т.б. Ия, елбасымыз сендерді жақсы оқушы болады деп, үлкен сенім артып отыр, сендер бәрін біледі екенсіңдер ғой, жарайсыңдар балалар! Келесі жылы сендер де мектепке, бірінші сыныпқа барасыңдар,сондықтан оқушыға не қажет екенін кім жақсы білетінін байқап көрейік Ойын: «Кім дұрыс және шапшаң жинайды?» (мектепке қажет оқу құралдарын сөмкеге тез жинап салу) Білім туралы кім мақал - мәтел, тақпақтар біледі? (білетін тақпақтарын, мақалдарын айту) Жұмбақ: Бетін адам ашады, білім нұрын шашады. Бұл не? С/сәті - Көңілді жаттығу - муз.әуенімен қимыл-қозғалыс жаттығуы («Қазақстан» әнінің әуеніне туды желбірете т.б.) Тыңдаңдаршы, бұл ненің үні? - ( қоңыраудың үні) Қоңыраудың үні қандай? Қоңырау не үшін қажет?( сұрақтарға өз ойымен толық, анық жауап беруге үйрену) Бүгін мектептерде сыңғырлаған күміс қоңырау үні алғашқы сабаққа шақырады. Қане, кезектесіп қоңырауды сілкіп, ұрып дыбысын тыңдайық. (кезектесіп ұрып, тыңдау) Қорытынды: - Бүгін біз не туралы әңгімелестік? Қандай ән тыңдап орындадық? Қандай күн туралы әңгімеледік? ИЯ, балалар, біздің Отанымыз да,еліміз де, тағдырымыз да бір. Бір сыныпта оқимыз, бірге ойнаймыз, бірге тамақтанамыз, үйге де бірге қайтамыз. Біз қандай болуымыз керек? Әрине, тату, дос, мейірімді. Олай болса шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір-бірімізге достығымызды білдірейік. Хормен: Мен баламын, баламын, Таудай биік талабым. Оттай болып жанамын. Болашақтың өрнегін Бүгіннен-ақ саламын. ( осы кезде тәрбиеші қоңырау соғады) - « Қоңырау бізге не дейді»
  • Үзіліске барыңдар! Қош келдіңдер! Сыныпқа еніңдер! - деп шақырады.
© 2010-2022