Сын тұрғысынан ойлау. Коучинг сабақтың жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№2 коучинг-сессия

Тақырыбы

Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын стратегиялар

Жалпы мақсаты

Сын тұрғысынан оқыту туралы түсініктерін кеңейту,СТО дамытуға бағытталған стратегиялар пәндер жүйесінде тиімділігі.

Оқу нәтижелері

Мұғалімдер:

-сын тұрғысынан ойлау стратегияларын білу;

-сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын Блум токсаномиясы бойынша иерархиялық модельін білу

-оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуде сабаққа тиімді стратегияларды таңдай білу

-өз жұмыстарында кері байланыс жасағанда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану.

Түйінді идеялар:

-Сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік;

-СТО стратегияларының тиімділігі;

-СТО дамытуға бағытталған стратегиялар пәндер жүйесінде тиімділігі.

-Әріптестерімен тәжірибе алмаса алуы;

Кезеңдері

Мазмұны

уақыты

Сергіту сәті

Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында музыкамен

билету

2 мин

Топқа бөлу

Тыңдаушылар өлең аттарымен топтарға бөлінеді,өз топтарын таныстырады

5мин

Кіріспе тапсырма

Топ ішінде талқылау:

1.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

2.Блум таксономясы туралы не білесіңдер?

3.Сын тұрғысынан ойлауға үйрететін қандай стратегияларды білесіңдер?

Әр топта осы сұрақтар төіңірегінде пікірлесіп,ойларымен бөліседі. Әр топ кезекпен өз ұсыныстарын, стратегияларын,әдіс-тәсілдерін айтады.Бірінікін -бірі қайталамайды.

10 мин

Тапсырма№1

Power Point презентациясы

1 слайд

Топта талқылау:

«Сын тұрғысынан ойлау-замануи түсінік» презентациясын мұқият талдап, не белгілі,не белгісіз екенін анықтау.

10 мин

Тапсырма №2

«Балауыз шамы» стратегиясы

Power Point презентациясы

2-слайд

Жеке жұмыс.

Әр топтың үстеліне балауыз шамы жағылады.Баяу ойналатын музыка жіберіледі. Музыка ырғағымен балауыз шамының жануына қарап 10 минуттық эссе жаздырту. Жазылған эсселерін оқыту

10минут

10минут

Тапсырма №3

Балауыз шамының жануын зерттеу

Power Point презентациясы

3-слайд

Топпен жұмыс:

  1. Балауыз шамының жануын 5 жасар бала тарапынан зерттеу.

  2. Балауыз шамының жануын 70 жасар қария тарапынан зерттеу.

  3. Балауыз шамының жануын дәрігерлер тарапынан зерттеу

15 минут

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен , «Қаражорға» билеп ,демалу.

2 минут

Тапсырма №4

Power Point презентациясы

Эдвард де Бононың « 6 ойлау қалпағы»

Тыңдаушыларды 6 топқа бөліп, отырғызу.

Эдвард де Бононың «6 ойлау қалпағы» әдісімен таныстыру.

Талқыланатын тақырыпты аукционға салып,таңдап алу.

«6 ойлау қалпақ» стратегиясының мазмұнымен таныстыру.

Таңдап алынған тақырып бойынша 6 қалпақты пайдаланып талқыға салып, «пісіру».

20минут

Рефлексия

«Тілек ағашы»

«Тілек ағашы» сіздердің тілектеріңізбен гүлденуі керек. Топ мүшелері өздерінің жазған тілектерін ағашқа іледі.

4 минут



© 2010-2022