Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану

Қапанова Қарлығаш Қапанқызы

Шағын топ тәрбиешісі

Жоспары: Кіріспе бөлім: І. Байланыстырып сөйлеуін дамытуда тиімді әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тәрбиелік мәні. Негізгі бөлім: І. 1. Тиімді - әдіс тәсілдері пайдалана отырып, сабақтар да балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту жолдары.

ІІ. 2. Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда - монологтық және диалогтық сөйлесудің алар орны.

ІІІ. 3. Сахналық қойылымдар арқылы жүргізілген жұмыстар.

Қорытынды бөлім: І. Тәрбиеші еңбегі - нәтижелі жұмысымен көрінер. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі - қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің мазмұны баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді. Ол заман талабына орай барлық мектеп жасына дейінгі балаларды жалпыға бірдей міндетті мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі мақсаты мен міндеттері бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру. Заман қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту кезек күттірмейтін мәселе. Біздің экономикалық және қоғамдық жаңару сұраныстарына сәйкес келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет. Осы мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі шағын топта да оқу-тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастырып жүргізу. Шағын топқа келген де балалардың тілінің дамуында жеке ерекшеліктер байқала бастайды, олар балалардың сөздік қоры, байланыстыру және грамматикалық сауаттылық, шығармашылық сөйлеу қабілеттері жағынан айырмашылықтары айқын көрінеді. Бұндай айырмашылықтарды балалардың сөздік қорларының деңгейлері арқылы анықтауға болады. Төменгі деңгей. Бала қысқа хабарламаларда, әңгімелегенде, ертегі, әңгімелер құрастырғанда қиналады, мазмұндық, логикалық және грамматикалық қателер жібереді. Монологтық сөйлеуде қиналады, диалогтық сөйлесуде белсенділік, өзіндік мәнер танытпайды, құрбыларының әңгімелерін қайталайды, дайын үлгілерді қолданады. Дыбыстарды айтуда қателіктер жібереді. Сөздері анық, мәнерлі емес. Орташа деңгей. Бала қысқа хабарлама, әңгіме, ертегілер құрастыруға қызығушылық танытады, грамматикалық, логикалық қателер жіберсе, өзі жөндеуге тырысады. Сөйлескенде белсенділік танытады, сөздік қоры жақсы, мәнерлеу құралдарын әрқашан қолдана бермейді. Сөздері таза, дұрыс, дегенмен, кейбір дыбыстарды айтқанда, сөздік екпіндерде қателер жібереді. Жоғарғы деңгей. Баланың сөздік қоры жақсы. Қысқа хабарламалар, әңгіме, ертегілер ойдан құрастырғанда сипаттау, баяндау тәрізді композициялық заңдылықтарды қолданады. Әр түрлі тілдік құралдарды қолдана біледі, монологтық және диалогтық сөйлесуді грамматикалық дұрыс құрады, сөздік қоры мол, мәнерлі сөйлеу құралдарын қолдануда белсенді. Өзінің сөйлеудегі қателерін таба алады, оны түзетуге тырысады. Шағын топта тәрбиелеу мен оқытуға көшуіне байланысты, балалардың сөйлеу дайындығына баса назар аударылады. Ол үшін белгілі бір әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілінің дамуын жүйелі түрде зерттеп отыру керек. Шағын топтағы тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, жолға қойылуы тәрбиешінің топтағы барлық балалардың тілінің даму ерекшеліктерін білуімен тығыз байланысты. Бұл тәрбиешінің жұмысын дұрыс жоспарлауға, балалардың материалдарды меңгеруіне байланысты түзету жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасайды. Балаларды таңдау арқылы зерттеу тәрбиешіге балалардың материалдарды меңгеру дәрежесін бақылауға, жекелеген әдістемелік тәсілдердің, дидактикалық ойындардың, жаттығулардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді . Жан-жақты, жекелей зерттеулер баланың тілінің даму деңгейін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді, бірақ көп уақыт жұмсауды қажет етеді. Уақытты үнемдеу мақсатында таңдау арқылы зерттеумен қатар, сөйлеудің әр түрлі тарауларын меңгеруін анықтауға мүмкіндік беретіндей біріктірілген тапсырмаларды қолдануға болады. Мысалы: баланың көркем әдебиетті білуін анықтау барысында, оған қандай да бір ертегіні әңгімелеу (немесе өлең оқу) тапсырылады, тәрбиеші бір мезгілде дыбыстырды айтуын, дауыс ырғағын, дауыс аппаратымен жұмыс істей білуін белгілеп отырады. Бала сурет бойынша әңгіме құрастыру барысында (байланыстыра сөйлеу дамуын айқындау) тәрбиеші қандай сөйлемдер қолданатындығына (сөйлеудің синтаксистік жағының қалыптасуын анықтау), қандай лексикалық құралдар пайдаланатындығына (сөздік қорын анықтау), қандай дыбыстарды таза айтып, қандайын айтуда қиналатындығына назар аударады. Балалардың тілінің даму деңгейін анықтау үшін оқу-тәрбие жұмыстарында және күнделікті өмірде жүргізілетін арнайы бақылаулардың маңызы зор. Тәрбиеші белгілі бір уақыт аралығында тек бақылау ғана жүргізбейді, бала тілінің кемшіліктері мен бағдарламалық материалдарды меңгеруіндегі алға басуларын, грамматикалық нысандарын меңгеруін де анықтап отырады. Балалардың сөйлеуін зерттеу мақсатында қолданылатын төмендегі материалдар балалардың сөздік қарым-қатынасының қалыптасу деңгейін (қарым-қатынас мәдениеті) тағайындауға, сөйлеуді жүзеге асыру және оны қабылдау дағдыларын, лексикалық қорын, әңгімелей білуін анықтауға бағытталған әр түрлі тапсырмалардан тұрады. Балалармен сөйлеудің екі түрін дамытуды жалғастыру диалогты және монологты. Көркем шығармаларды мазмұндау, суретке және ойыншықтарға қарап баяндау әңгімелерін құрастыру. Ойдан ертегі құрастыру, қиялдау, елестету дағдыларын дамыту. Тәрбиеші балалардың тілі дамуының деңгейіне байланысты белгілі бір міндеттерге тоқталады. Грамматикалық нормаға сай сөйлеуін қалыптастыру. Күрделі сөйлемдермен сөйлеуін жеделдету. Лексикасының сапалық жағын дамыту. Күнделікті оқу-тәрбие барысында, жаңа сөз үйрету, зейін, қабылдау қабілеттерін жетілдіріп отыру қажет. Жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтежиесінде:

  1. Түрлі заттар туралы түсініктері кеңейіп , олардың түр -түсі , көлемі,
пішіні туралы белсенді сөздермен сөздік қорлары молаяды. 2. Антоним ,синоним сөздерді дұрыс айта білуге үйренеді. 3. Жалпы ұғым беретін -адам, отбасы, үй жануарлары, ыдыс- аяқ, тағам, құс, аң т .б . сөздердің мағынасын түсініп , дұрыс айтуға үйренеді.
  1. Ертегі, әңгімелердің мазмұнын жүйелі , өз ой-қиялы бойынша айта
білуге үйренеді.
  1. Өз ойынша әңгіме құрауға ,әңгімені аяқтауға, логикалық
байланыстыра әңгімелеуге үйренеді. 6. Монологты сөйлеудің 2 түрін әңгімелеу және қайталап айтып беру және диалогты сөйлесуді бір - бірінің сөзін күтіп , тыңдай білуге үйренеді. Мен балалардың жекелеген дыбыстарды дұрыс айтып, толық сөйлем құрап, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіруде ашық сабақтар, дидактикалық тапсырмалар мен тілдік жаттығулар , ертегіден қойылымдар, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал -мәтел, өлең-тақпақтар, ойын әрекеттерін тіл дамыту сабағында ғана емес, жекелеген жұмыс түрлері арқылы да, күнделікті жоспарлы, жүргізіп отырамын. Сурет бойынша әңгіме балалардың байланыстыра сөйлей білуімен қатар сөздік қорының молаюына әсер етеді Мен балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретемін. Шағын топта балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: - балалардың сөздік қорларын молайту;

- жаңа сөздерді меңгерту; - байланыстырып сөйлеуін дамыту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың байланыстыра сөйлеуін дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.



© 2010-2022