МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ – НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ - НӘТИЖЕЛІ

БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ


САТТАРБЕК АСЕЛ САТТАРБЕКҚЫЗЫ


«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп

отырғанда ғана мұғалім,

ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен

оның мұғалімдігі де жойылады»

К.Д.Ушинский. Таң ата жұмысына қуана барып, кеш бата үйіне қуанышпен оралатын адам ең бақытты адам. Біздің өмірімізде кәсіби қызметтің қандай орын алатындығын айтқанның өзі артығырақ болар. Онда абзалдықтың бастауы жатыр. Кәсіби қызмет өзіңнің жан - жақтылығыңды көрсетудің, өзіңді дамытудың үлкен мүмкіндігі, ол қарым - қатынастың кең ауқымын береді. Соңғы жылдары біздің елімізде білім беруді дамытудың ең ауқымды мәселелерінің бірі ол педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру болып табылып отыр. Нарықтың экономиканың шарттарына сәйкес еңбек қызметінің барлық саласының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар артып отырғанын ескерсек бұл қалыпты жағдай. Педагогтың кәсібилігінің деңгейі мен оның шығармашылығының бірегей «Менін» қалай және не арқылы анықтауға болады? Тек үнемі өзін - өзі дамыту арқылы ғана ол заман және кәсіп талабына сәйкес келе алады, тіпті асып түсуі де мүмкін. Ерте қытай ойшылы Конфуций (551-479) « Кім ескіге қарап, жаңаны аша алатындай болса , ол оқытушы болуға лайық » деген екен. Кәсібилікпен жеке тұлғаның дамып, кемелденуіне жетудің түрлі жолдары болуы мүмкін. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытудың жолдары жеткілікті. Бірақ оларды тізбектеп айта беру үшін аз уақытын кетпейді және бұлардың барлығының жүйелілігі болады ма? Сондықтан да мен ең әуелі кәсіби іс - әрекеттерде жақсы әрі сапалы нәтиже берген, кейбіреулеріне ғана тоқталып өтейін. Мұғалімге өзін шығармашыл, рухтанған, жігерленген жеке тұлға ретінде сезіне білу өте қажет қасиет. Бұл қасиетсіз мұғалім жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі әдісі өзін жоғары бағалауы, белсенді кәсіби қозғалысын , ішкі жан дүнесінің тыныштығын, шығармашылдық мүмкіндігін сақтап қалуы мүмкін емес. Ішкі жан - дүнесінің оянуы педагог үшін де, педагогикалық үдеріс кезіндегі қойылған мақсаттарының әсерлі орындалуы үшін де, білім беруде, тәрбиелеуде, оқушының дамуында туындайтын мәселелерді шешуі үшін де өте қажетті жағдай. Шығармашылдық жағдайы мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі болып табылады. Ол тек қана белгілі бір қызмет үдерісінде ғана көрінеді. Басқаша жағдайда бұл жайында әңгіме болуы да мүмкін емес. Кәсіби қызметтің өзі педагогтың шығармашылдығын дамытуға көп мүмкіндік береді. Бірақ бұл тек іс - әрекет шығармашыл болған жағдайда ғана. Өз жұмысының шығармашыл табиғатын сезіне алғанда ғана ол жаңадан өсіп келе жатқан жас буынға нақты білім жиынтығын беруге жеңіл және ұжымдасының жаңашыл тәжірбиелерімен алмасу ретінде қарайды. Шығармашыл мұғалім шығармашыл емес мұғалімнен қандай қасиеттерімен ерекшеленеді? Ең әуелі мақсатына жетудің жолын біледі, өзінің қателіктерімен жұмыс жасай біледі, білім берумен тәрбиелеудің күнделікті тапсырмаларын ғылыми тұрғыда шешуге тырысады. Оны уақытша сәтсіздіктер қорқытпайды. Ол үнемі ізденіс үстінде болады. Педагогтық қызметтің ең қызықты тұсы да осы шығармашылығында. Шығармашылдық жұмыстармен жұмыс жасауды күшейту барысында мұғалімнің өзінің мамандығына деген қызығушылығы арта түседі, өзіндік ойға ие болады және орташа жылдамдық жинайды. Бұндай мұғалім болашаққа сеніммен жұмыс жасайды; ол аяқ астынан туындаған педагогикалық тапсырмаларға есеңгіреп қалмайды, олардың бағасы мен орнын біледі. Мұғалім - зерттеуші өзінің алдына оқушыларды шығармашылыққа дайындаумен тығыз байланысты қиын психо-педагогикалық және әдістемелік тапсырмалар қоя алады. Тұлғаның кәсіби өсуіндеге маңызды орын алатыны оның адамгершілік - психологиялық қасиеті. Бұл барлық адамға қаншалықты тән болса, соншалықты белгілі бір тәжірбие алаңындағы негізгі маман үшін де соншалықты қажет. Әлеуметтік қоғамда белгілі бір қағидалар бар екенін, мұғалімнің жеке тұлғасы үшін қойылатын талаптар бар екендігін білудің өте қажетті екенін түсінуі керек. Олар қоғамның тарихи дамуында, оның нарықтық әдеттерінде, салт - дәстүрінде, жалпы қабылданған бағаларында айқын көрініп тұрады. Мұғалімнің рухани өсуінің бастауы оның құнды бағдар жасай білуі болып табылады. Не нәрсеге ұмтылатындығы, қызығушылымен қажеттілігі қаншалықты екенін білу арқылы тұлғаның мақсатқа жетуінің көріністерін байқап көруге болады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің маңыздыларының бірі болып олардың барлығы үшін гуманистік психология болып табылады. Ол кімде болмасын өз бойынан қайталанбас тұлға екендігін және бойында құнды қасиеттер жатқандығын, қауіпсіз жағдайдың қажеттіліктер баспалдағына ие, сыйластықпен махаббатқа және т.б қарым - қатынастарға лайықтымын деген сенімдерін оята алады. Гуманистік психологияның басты қағидасының бірі ол баланы қандай болса да сол күйінде қабылдау, оған жағымды қарым - қатынас жасай білудегі шексіз, керемет махаббат. Бала өзін жақсы көретінін, оны қандай да бір келеңсіз іс - әрекеттері үшін жек көріп кетпей қабылдай алатынын білуі және ұғынуы тиіс. Ол тек сол жағдайда ғана өз - өзіне сенімді болады және жақсы жаққа қарай дамуға талпынады. Ал басқаша жағдайда ол кері бағытта тәрбиеленіп кетеді. Гуманистік мұғалім басқалардың жан дүниесін түсіне, сезіне білуге және түсінгендігін жеткізе білуге, оқушылармен қарым - қатынас барысында тек қана шынайы болуға, олармен бірігіп жұмыс жасау барысында барынша ашық болуға, өзінің бар болмысын көрсете білуге қабілетті болуы тиіс. Гуманист - мұғалімнің бұл қасиеттері оқушының дамуы жолындағы көмек беруінде дұрыс педагогикалық қалыпта болуына көмек береді. Гуманистік психологияның құндылығы болып біріншіден оқушының ішкі жан - дүниесіне үңіле білу, тұлғаның оқу мен қарым - қатынасын дамыту барысында дұрыс бағдар беру; екіншіден, оқушымен қарым - қатынаста болудың жаңа әдістерімен түрін, құралдарын іздеу. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі баланың жеке басының дамуына орасан зор әсерін тигізеді. Мұғалім үнемі оқушының талап еткен қажеттілігін қамтамасыз ететін ақпараттар бастамасы болуы тиіс. Мұғалім тарапынан ақпарат игеруде қойылатын талап оқушының үлгерімімен анықталмауы тиіс. Нақты ақпаратқа деген қызығушылық оятудың маңызы өте зор. Сол мақсатта оқушы бойында өзіндік білім игере алу мен оны қабылдай алу қабілетін қалыптастыру қажет. Неміс педагогы А. Дистервег (1790-1866) : «Нашар мұғалім шындықты айтып , жеткізіп береді, ал жақсы мұғалім оны өзі іздеп табуына көмектеседі» - деп жазып кеткен екен. Осыған байланысты оқушы танымының әр түрлі уәждемесіне қарай мұғалімнің бағыт - бағдар беруінің қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Мұғалімнің кәсіби білім беруінің құрылымына қойылатын талаптар көп жоспарлы және ол қоғамның сұранысымен анықталады. Жүйеленген ақпараттың болуы - бұл мұғалімнің қарастыра бастауының ең алғашқы сатысы. Жаңа білімге қойылатын талап оның кәсібилігінің дамуының негізі болып табылады. Әдістемелік шеберліктің жоғары деңгейі оның кәсібилігі жағынан ешқандай кері немесе артық сұрақ туындатпайтындығы және кәсіби жинақтың құрылымдық бірлігі ретінде өз орнын табатыны сөзсіз. Заманауи әлеуметтік - нарықтық жағдайда мұғалім абыройлы, барлығын тегіс қамти алатын, ақпараттың жан - жақтылығының жалғыз бастамасы емес. Ағылшын жазушысы Р. Олдингтон (1892-1962) : «Білу керектің барлығын үйретуге болмайды және мүмкін емес. Мұғалім тек қана бір нәрсені - бағыт - бағдыр беріп, жол көрсетуді жасай алады » - деп айтып кеткен екен. Педагогпен оқушының арасындағы қарым - қатынас екпіні өзгеріске еніп, алға басушылықтар болып келеді. Заманауи оқушылардың арасында танымал және табысты болып тұрғаны өз ойын еркін айта алатындығымен, оқушылармен тіл табыса алатындығымен, ашықтығымен, белсенділігімен, зерделілігімен, нақтылығымен, жол тауып кете алатын жылдамдығымен көзге түсетін мұғалімдер. Осы қасиеттердің жиынтығы жеке тұлғаның әмбебаптығын анықтайды Дегенмен мұғалімнің барлық кәсібилігі оның жеке құрылымымен, яғни оның мәдениетімен, құндылықтарымен, мінез - құлығымен тығыз байланыста. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты жемісті тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімнің жеке тұлғалығын ешқандайда керемет деңгейдегі білім беру жеңілдіктері де, шеберлікпен орындалған әдістемелік өңдеуде, ұсыныста айырбастай алмайды. Педагогтың жеке тұлғасын оның қызметіндегі сапалы жетістігінің көрсеткіштерінің әдістерімен құрылымының ажырамас бөлігі ретінде қарау керек. Дәл осындай ой қорытындысының мәнмәтіні арқылы біз оның қоғамдағы белгілі бір ерекше міндетті табиғаттан берілген қабілетпен орындай алушылығын, биімділігін айта аламыз. а) Мұғалімнің жеке тұлғасында маңызды орынды оның құнды құрамдас бөлігі алып жатыр. Бұл әлеуметтік реттеу барысындағы адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасы және жеке тұлғаның тәртібі, оның қоршаған ортадағы абыройын реттеу барысындағы әлеуметте болатын фактор. Әрбір адамның тек өзіне ғана тән жеке құндылықтары болады. Мұғалім өзінің оқушыларының рухани дамуына белгілі бір деңгейде әсер ете отырып, құнды бағыт береді. Педагогтың құндылықтарының жүйесі қаншалықты жоғары деңгейде қойылған болса, тұлғалар арасындағы қарым - қатынас байланысы соншалықты негізді болып табылады. б) Еркіндік, танымдық, әсершілдік сияқты психика өрісіндегі барлық негізгі қасиеттерін қамтитын тұлғаның мінезтанымдық құрылымының маңызы өте зор. Ақылда, сезімде, еркіндікте өз кезектерінде мінез - құлыққа әсерін тигізеді. Мінез қарым - қатынас барысында айқын көрінеді. Мысалы: басқа адамдармен қарым - қатынасы барысында, өз - өзіне деген қарым - қатынаста, өзіндік жеке мүлкіне деген қарым - қатынаста. Бұл қарым - қатынастардың әрбірінде жеке тұлғаны өз - өзіне тартатын немесе кері итеретін қажеттіліктер жатыр. в) Педагогтың мәдени құрылымының қалыптасуы оның жеке тұлға ретінде де, жалпы педагогикалық кәсіби мәдениетті қалыптастыру ретінде де орны ерекше. Өтпелі емес, мәңгі сақталатын, педагогтың жалпы мәдениетінің негізін қалайтын мәдени құндылықтар бар. Педагогикалық қарым - қатынас үдерісінде жақсы тіл табысып кету мен күрмелген мәселелерден шығып кетуге апаратын мәдени диалог құра білуді үйренудің маңызы зор. Мұғалімнің мәдениеті арқылы оның кәсіби сапасы мен жеке тұлғалық ерекшеліктері айқындалады. Ол өмір сүру барысының кез - келген тұсынан айқын көрініп тұрады. Педагог мәдениеті жалпы мұғалім мәдениетінің бір бөлігі болып табылады . г) Тілдің маңыздылығын жіберіп алмау керек. Тіл мұғалім үшін тек қана қажетті ақпаратты хабарлау және қойылатын талаптарды айту құралы ғана емес, ол сондай - ақ , өзіндік бейнесін қалыптастыру жолында оқушыларды өзіне тартушы болып та табылады. Олар мұғалімді жақсы көруі және сыйлауы, олар үшін маңызды сұрақтардың шешімін табушы ретінде қарауы керек. Енжар, жай, тіпті, беймаза, жаңғалақтықпен сөйлеу мұғалімге өз-өзіне сенімсіздік бейнесін туындатады. Оқушы үшін мұғалімнің оларға болашаққа сеніммен қарауына, олардың келешігінің жағымды жақтарын қалыптастыруына, дүниеге сеніммен шаттана қарауына үміт беруі, сенім білдіруі өте маңызды. Осындай жеке тұлғаның құрамдас қасиеттері педагогтың кәсіби құзыреттілігінің бірі болып табылады. Болып жатқан жағдайларды бақылап отыру арқылы жұмыс жасау арқылы келеңсіздіктерге жолығып, өз - өзіне қанағаттанбай жүргенге қарағанда, өзіндік педагогикалық тәжірбие жасау мұғалімнің жаңашылдыққа ұмтылуына түрткі болады. Біздің мамандығымыздың қиыншылығы ол тек қана өзіндік күйзеліс факторы емес, басқа да көптеген кәсіби күйзеліс факторларымен соқтығысып қалып отырады. Бұл зияткерлік, әсершілдік, уәждемелік, еріктік дайындықты талап етеді. Жылдар өте өз - өзіңді сабырлылыққа тәрбиелейтін өзіндік ережелер жинақталып отырады. 1. Жаңылысулар мен дұрыс ұйымдастырылмаған жұмыстар кездеспеуі үшін жұмыс барысын жиі әрі үнемі жоспарлап отыру қажет. 2. Өзіңді қолайсыз жағдайда қалдырмау үшін, жағдайын мен мүмкіндігін жетіспейтіндей сезімді бастан өткізбес үшін кейбір шектерді мойындай және қабылдай да білу керек. Тек қана бағындыра алатын мақсатты таңдау қажет. 3. Қажетсіз бәсекеден қашу. Жеңіске деген өте қатты қажеттілік пен ұмтылыс көп жағдайда келеңсіз оқиғалар туындатады, ашушаңдық туындатады, өзін еркін ұстай алмай үнемі шаршаңқы жүреді. 4. Өте жағымды тұлға болу керек. Өзгелерді сынаудан қашқақтау қажет, олардың жағымды қасиеттеріне назар аударып, оларды мақтау арқылы өзіңді ұната бастауың қажет. Егер адам өз жұмысына жауапкершілікпен қаншалықта көп күш - жігер жұмсаса, ол соншалықты жағымды әрі қажетті факторға айналады. Және нәтижелі іс - әрекеттер көріне бастайды, өзіде мақсатына жетіп қанағаттана алады. Ешқандай әрекет етпей, күш - жігерін салмастан жоғары жетістікке жету, қанағаттану мүмкін еместігі дәлелденген. Осы жерде өзімдік жеке тәжірбиемдегі алдыма қойған мақсаттарым мен бірнеше өз шығармашылығымдағы әдістерді ұсына кетейін.

  1. Жоспарланған іс - әрекет пен мақсатқа жету жолындағы сәттілікпен жетістікке үнемі сену.
  2. Өмір жолында және жұмыс барысында қозғалудың жауапкершілігін өз мойнына алу. Өзіңнің жағдайыңның иесі ретінде өзіңді қаншалықты жоғары сезінсең, соншалықты қанағаттану мен қозғалыс болады.
  3. Әр түрлі кезде, әр түрлі деңгейде кездесетін жағдайларға арнап, өзіңнің нақты мақсатын айқындап алу. Өз алдыңа нақты және айқын мақсаттар қою білу, содан кейін жетістікке жету жолдарын жоспарлап алу.
  4. Құлдырауға жеке тұлғаның дамуының қажетті бөлімі деген түсінікпен қарау.
  5. Ойлаған, бастап қойған жұмысты соңына дейін жеткізу. Жоспарланған, армандаған ісіңнен бас тартпау.
Кез - келген адам өзінше бір жеке тұлға екенін үнемі есте сақтау керек. Менің педагогикалық ұстанымым: «Алға қарай жүрмеу - ол артқа қарай жүру деген сөз», «Бала үшін барлығы жеткіліксіз, егер ол үшін барлық жағдай жасалмаған болса». Халықтық даналықта шақырылған көп, бірақ таңдалғаны аз деген сөз бар. Мұғалім жай ғана «шақырылған» емес, «таңдалған» болуы үшін біз, біздің барлығымыздың қоғамымыз жауапты.

ТҮЙІН Бұл мақалада менің айтпақ ойым кәсіби құзыреттілікке қатысты анықтама және оның құрамды бөліктері, олардан аңғарғанымыздай маманның кәсіби құзыреттілігіне мүғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттері жайында еді. Өзінің іс - әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, оқушылармен дұрыс қарым - қатынас орнықтыра білу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мүғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата - аналарына сыйлы болатына даусыз. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс-тәжірибелерді шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мүғалімнің құзыретгілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы түлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. - Алматы: КазПИ,1991.

3. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. - Москва: Академия, 2004.

4. Кенжебеков Б.Т. Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. Жоғарғы оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби қүзіреттілігін қалыптастыру. - Қарағанды, 2005.

5. А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.

6. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

5


© 2010-2022