Уәде. Әдебиеттік оқу

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімі

Балғабек Жанар

Сабақтың тақырыбы

Уәде.

Сабақтың жалпы мақсаты

. «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

- жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;

- балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;

- өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ- жауап , түсіндіру .

Көрнекіліктер

«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

- жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;

- балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;

- өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті .

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Атқарамыз әр істі,

Жақсыға біз лайық

Жауаптылық сезініп,

Уәдеде тұрайық!

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысти эссені тапсыру .

Қызығушылықты ояту

Уәде. Әдебиеттік оқуУәде. Әдебиеттік оқуУәде. Әдебиеттік оқу

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің тұсіндірмесі: Әңгіме «Өкініш» Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді.

- Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нөлмен қатырмасақ па?

- Әттеген-ай-а!- деп Қайырбек басын шайқады. - Атам фермадағы бір танысынан есектің қамытын алған екен. «Соны апарып тастарсың»? деп еді.

- Өй, бар болғаны сол ма? Жақып көңілдене күліп қойды.

- Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің... Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр. Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады.

Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да:

- Мейлі ендеше, - деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті.

- Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе?

Қайырбек не дерін білмей абдырап:

- Иә, ата, апарып тастадым, - деді.

- Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым!- Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды.

Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Уәде берсең - орында» деп жазып қояды және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

- Әңгімеде айтылғандай, адам өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындамаса, өзін ғана емес, өзгені де ұятқа қалдырады екен.

- Сендер «Уәде берсең - орында» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

- Сендердің уәде беріп, орындай алмай қалған кездерің болды ма? Болса естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Балалардың жауаптары тыңдалып, өздері қорытындылауға мүмкіндік беріледі:

- Берген уәдені уақытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді. Ата-бабамыз балаларының жауапкершілікті болып өсуін армандаған, сол үшін де «Уәдені - берсең орында» мақалы ұрпақтан ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

Ой толғаныс

Ойын-жаттығу : «Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деп аталатын ойын-жатты-ғуда балалар өз білім-біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады.

Плакатта баспалдақтармен көтерілгелі тұрған баланың суреті берілген. Мұғалім жеке-жеке іс-әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған қатты қағаздарды(үлкен әріптермен) Ақботаның қоржынына салады. Балалар кезегімен тақтаға шығып, қоржыннан қағазды алып, онда жазылған іс-әрекеттерді оқиды, бала осы іс-әрекетті жауапкершілікті болуға қатысты деп тапса, оған «Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деген сөзді қосып айтады. Мысалы:«Мен жауапкершілікті баламын, өйткені уәдемде тұрамын». Мұғалім осы қағазды суреттегі баспалдаққа жапсырады. Егер қоржыннан шыққан қағазда жазылған іс-әрекет жауапсыздықты білдірсе, онда бала оны не үшін жауапсыздыққа жатқызатынын түсіндіріп айтып береді.

Үйге тапсырма беру.

Уәде тақырыбында шағын әңгіме құрау .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



© 2010-2022