Тапқыр достар сайысы 2 сынып жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ТАПҚЫР ДОСТАР!


Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін кеңейту, шапшаңдық, логикалық ойлау, есте сақтау дағдыларын арттыру.Ұйымшылдыққа, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірту.
Түрі: Топтық сайыс Әдісі: сұрақ- жауап, суретті сұрақтар, ой қозғау, тірек сызба, топтық жұмыс. Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе әріптер, кеспе сөздер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Оқушылармен амандасу, түгендеу. - Сайыстың тақырыбымен, мақсат міндеттерімен және шарттарымен таныстыру. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. І. Таныстыру. Әр топ өз топтарының аттарымен, ұрандарымен таныстырып өту. «Достық» тақырыбына ментальді карта құрастыру. ІІ. Ширату. Әр топтың топ басшысына жасырын сөздер көрсетіледі. Топ басшысы біреуін таңдап топ мүшелеріне жұмбақтап түсіндіру керек. Түсініктеме ары қарай жалғасады. 3 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа 1 ұпай Керек сөздер: Мектеп, теледидар, көзілдірік, дәрігер ІІІ. Мақалмен жауап беру. Дұрыс жауапқа 10 ұпай

Тапқыр достар сайысы 2 сынып жоспары Ұяшықтарға берілген сұрақтарға мақалмен жауап береді. Т- Білім күшті ме? Білек күшті ме? (Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады. ) А- Жақсыдан да, жаманнан да үйренуге бола ма? (Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен) П - Қорқақ қалай өледі,батыр қалай өледі? (Қорқақ мың рет өледі, батыр бір рет өледі.) Қ - Әдептілік белгісі неде? (Әдептілік белігісі - иіліп сәлем бергені) Ы - Ата-ана көрген не істейді? (Ата көрген- оқ жонар, ана көрген -тон пішер) Р - Отансыз адамды не деуге болады? (Отансыз адам - орманысз бұлбұл) Д - Өнердің алды не? (Өнер алды -қызыл тіл)
О - Туған жерге не тігуге болады? (Туған жерге туың тік) С - Оқуды немен қазуға болады? (Оқу инемен қазғандай) Т- Еңбек пен жалқауға не тәтті? (Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті) А - Күн мен ананың несі жылы? (Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы) Р - Отан неден басталады? (Отан -отбасынан басталады) ІҮ. Сиқырлы әріптер. Әр топқа бірнеше әріптер беріледі. Топ басшысы бір әріпті таңдап алады және қойылған сұрақтарға сол әріптен бастап жауап беру керек. Уақыт: 3 минут . Дұрыс жауапқа 1 ұпай Керек әріптер: Т, Қ, Ж, А, С.

  1. топқа сұрақтар:

1.Қай қаланы жақсы көресің? 2. Қандай кітап оқисың? 3.Атың кім? 4.Жасың нешеде? 5. Біздің сынып қандай? 6. Әншінің аты. 7. Сүйікті мультфильмің 8. Өскенде кім боласың?
  1. топқа сұрақтар:

1.Фамилияң қалай? 2.Нешінші сыныпта оқисың? 3. Ата-анаң қандай адамдар? 4. Қандай ақынды білесің? 5. Сүйіп тыңдайтын әнің 6. Қандай мамандық ұнайды? 7.Кітапханаға қашан бардың? 8. Сүйікті ертегің.
  1. Топқа сұрақтар

1.Кімнің баласысың?

2.Нешінші партада отырасың?

3.Досыңның аты кім?

4. Біздің мектеп қандай?

5. Қай қалаға саяхат жасағың келеді?

6.Сүйікті спортшың кім?

7. Кімге еліктейсің?

8.Қандай кітабың бар?

Ү. Ғажайып алаң.

Тапқыр достар сайысы 2 сынып жоспары Әр топ оқушылары 10, 20 балдық сұрақтарға жауап береді. 10- Үш ересек адам және бірнеше бала тізбектеліп қол ұстасып келе жатыр. Ересек адамның әрқайсысы екі баланың қолынан ұстаған. Үлкендермен бірге неше бала келе жатыр?Жауабы: 6 10- Қайың ағашында 2 алма, ал қарағайда 3 алма өсіп тұр. Барлығы неше алма өсіп тұр? Жауабы: алма өспейді 10- Жанар бір шырпы сатып алса, бір теңгесі қалады. Ал екі шырпы сатып алса, бір теңгесі жетпейді. Жанардың неше теңгесі бар? Жауабы:3 теңге Тапқыр достар сайысы 2 сынып жоспарыЖауабы: Желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік монументі. Тапқыр достар сайысы 2 сынып жоспарыЖауабы: Тоқтар Әубәкіров, 1992 жылы
Тапқыр достар сайысы 2 сынып жоспарыЖауабы: Кенесары хан, Астана қаласында орналасқан.
Топтың жұмысы қорытындыланып, ұпайлары есептеледі. Топтарға атақтар беріледі.



« № 35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ












ТАПҚЫР ДОСТАР!


Тапқыр достар сайысы 2 сынып жоспары









Жетекшісі: Күнслямова М.М.

Сынып: 4 «Б» сынып



2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022