Адамдардың күзгі еңбегі (дүниетану 1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бекітемін: Мулдагалиева С.Х.
Пәні: Дүниетану Күні: 15.12.2015. Сабақтың тақырыбы: Адамдардың күзгі еңбегі Сабақтың мақсаты:
  1. Адамдардың күзгі еңбегі туралы мағлұмат беру
  2. Адам, қоғам, табиғат арасындағы байланысты және қоршаған орта туралы ұғымдарды дамыту.
  3. Оқушылардың еңбекке және табиғатқа қамқорлық пен қарау көзқарасына тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл. Сұрақ - жауап, әңгімелесу, талдау. Көрнекілік: күзгі адамдардың еңбегі туралы суреттер, әр түрлі сабаққа байланысты плакаттар т.б. Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру
  2. Психологиялық дайындық
Алақай - ау алақай! Алақай - ау алақай! Бұдан былай мен енді, Емеспін жай балақай! Осыдан да көлемді, Оқи алам өлеңді. Бардым бүгін мектепке Оқушымын мен енді. - Жарайсыңдар.
  • Балалар, сабаққа қай мезгілде келеміз?
  • Күз.
  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  • Өтілген тақырыптарға шолу
Симантикалық карта

Тірі табиғат

Өлі табиғат

Күн


+

Тау


+

Адам

+


Тас


+

Саз


+

Жануар

+


Құм


+

Өсімдік

+


Су


+

Ауа


+

Құс

+



  • Өлі табиғатқа нелер жатады? - Күн, ауа, су, тау, құм, тас, саз
  • Өлі табиғат заттар несімен ерекшеленеді? - Өлі табиғат заттары қоректенбейді, өспейді, көбеймейді.
  • Тірі табиғатқа нелер жатады? - Тірі табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, адамдар, құстар жатады.
  • Тірі табиғатқа жататындар тіршілік жасай ма? - Олар көбейеді, өседі, тіршілігін тоқтатады.
  • Тірі табиғат өлі табиғатсыз тіршілік ете ала ма? - Тіршілік ете алмайды.
  • Жеміс - жидектердің, көкөністердің суреттерін көрсетіп, бұлардың атауларын сұрау
  • Бақта нелер өседі? - Жемістер мен жидектер.
  • Бақшада нелер өседі? - Көкіністер
  • Балалар, жеміс - жидектерді, көкөністерді қай уақытта егеді? - Көктемде
  • Қай мезгілде күтіп баптайды? - Жазда
  • Қашан жинайды? - Күзде
  • Қыс, Көктем, Жаз, Күз бұлар нелер? - Жыл мелгілдері
  • Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін атап берейікші
  • Қыста қар жауады, күн аяз болады, адамдар қалың киінеді.....
  • Көктемде қар ериді, адамдар жеңіл киінеді, құстар оралады, ағаштар бүршік атады......
  • Жазда күн жылы, адамдар суға түседі, демалады......
  • Күзде күн суытып жиі жаңбыр жауады, ағаштар жапырақтарынан айырылады, жапырақтар сары түске боялады.
  1. Жаңа сабақты хабарлау.
  • Бұл суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Күз
  • Күз мезгіліндегі ауа райын бақылау белгілерін айтайық (шартты белгілер көрсетіліп, оларды атау)
  • Балалар, ата - бабаларымыз ауа райын бақылаған кезде жан-жануарларды, құстарды қарап - ақ біліп отырған.

ҚОЙ

- қысты күні қорадан ерте өргізерде шықпай шегіншектеп, маңырап, шулай берсе, ауа райы бұзылады;

- қыс басында қора қабырғасын жиектеп шашырай жатса, қыс қаһарсыз жұмсақ болар;

- тұяғымен төсін жиі қасыса, сойғанда қарын түгі қалың болса, қыста қар қалың болар;

- жүні қобырап, дымқыл тартса, жиі-жиі пысқырынса, лақ, қозы секендеп ойнақтаса, сақа қойлар құлағын қаққыласа, жаңбыр жауар;

ЖАЛПЫ ҚҰСТАР

- көңілдене сайраса - келер күн ашық;

- жыл құстары топ-тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;

- жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;

  • Күзде ағаштар несімен айырылады? - Жапырағынан

  • Әрине ағаштардың бәрі жалаңаштанып жапырағынан айырылады.
  • Олар қандай түске боялады? Қызғыш, сары түске енеді.
  • Осы жапырақтарды жабайы аңдар не істейді? Астарына төсейді.
  • Күзде құстар қайда кетеді? Жылы жаққа.
  • Жылы жаққа кеткен құстарды не дейміз? «Жыл құстары» дейміз.
  • Күз туралы тағы не білеміз? - Күн суытады, жылы киім киеді.
  • Күзде адамдардың еңбегі туралы не білеміз? - Астық жинайды, бақшаны жинайды.
  • Малға дайындық қалай жасайды? - Қораларын жөндейді, жылы қораға кіргізеді.
  1. Сергіту сәті

Кіріспе сөзі: Күзде көптеген жұмыстар жүргізіледі соған тоқталайық. - Адамдар не істейді? - Қысқа дайындық жасайды - Отбасында саяжайларда жеміс пен жидектерді қайнатады және тұздайды - Мал қораларын жөндейді, азық сақтайтын қоймаларын, шөбін дайындайды, картоп, сәбіз, пияздарын салады. 6. Кітаптан мәтінді оқып беру, талдау. 7. Кітаптағы суретпен жұмыс. «Қыстың қамын жазда ойла». Өздеріне оқытып, мағынасын ашу.
  • Жаз бойы бос жүрме еңбектену керек, еңбегіңнің жемісін қыста қиналмай жеп, рахатқа батасың. Жалқау болмау керек.
  • Әбу Сарсеновтың өлеңін бір оқушыға оқыту талдау
8. Дәптермен жұмыс - Күзге байланысты бір нәрсенің суретін салу 9. Қорытынды:
  • Көкөністер мен жемістерді бақ пен бақшаға орналастыру арқылы тапсырманы орындату.
  • Балалар, орнымыздан тұрайық, мына өлеңді хормен айтайық.
Айналаңды қоршаған Табиғатты сүйе біл. Қауіп қатер төнсе оған, Қамқорға алып сүйе біл. 10. Үйге тапсырма
  • Мәтінді оқу, түсінігін айту
  • Әбу Сарсеновтың өлеңін жаттау
  • Берілген суретті аяқтау
  • Мадақтау
© 2010-2022