Презентация по родному языку на тему В. Сухомлинский. Ақ шаш Ғ. Орманов. Ана

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Мектеп директорының бастауыш кластар жөніндегі орынбасары:________________ Қ. Баймахан


Әдебиеттік оқу

3 «а» сынып Күні: 21.01.2015

Сабақтың тақырыбы

В. Сухомлинский. Ақ шаш Ғ. Орманов. Ана

Сілтеме

Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж. Оқыту әдістемесі. Интернет желісі

Жалпы мақсаты

Оқушылар мәтінді және «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйренеді; оқу дағдысын қалыптасып, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыланады; сөздік қоры, тіл байлығын дамып, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже

Топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.

Еркін сөйлейді,сөздік қоры дамиды

Негізгі идеялар

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада

Тапсырмалар

Психологиялық дайындық. «Кезбе тілші», «Ой қозғау» әдісі, топтық жұмыс. «Тұлғаны танып -біл». «Т кестесі». «Көзқарас».

«Қимылмен сөйле» ойыны. «Шатастырылған логикалық баулар» ойыны. «Өрмекші» әдісі, «Синквейн» әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар берілген суреттер бойынша топқа бөлінеді (әке,ана, бала)

Психологиялық ахуал

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық бәріміз

Арайлап атқан күнге

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Кезбе тілші»

ІІІ. «Ой қозғау әдісі

«Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. (Ана)

Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы - өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.

«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе!

Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.

Сонымен ана дегеніміз - төзімділік пен адамгершііліктің тәңірі.

Топтық жұмыс:

І топ: Ана (топтастыру) ІІ топ: Аналарың сендерді қалай еркелетеді? Топтастыру

ІІІ топ: Бес жолды өлең құрастыру

ІV.Мағынаны тану.

«Тұлғаны танып -біл»

Ақын, жазушылардың суреттерін көрсете отырып, олар туралы не білетінін сұрау.

Оқулықпен жұмыс

І топ: Мәтінді мәнерлеп оқиды

ІІ топ: Мәтінді рөлге бөліп оқиды

ІІІ топ: Мәтінді мазмұндайды

«Т кестесі» толтыру

Миша

Байқампаз. Сенгіш, ойы жеңіл, анасын ойламайды, тентек. т.б.

Анасы

Шашы ақ, Мишаны көп ойлайды, уайымшыл, мейірімді т.б.

«Көзқарас»

-Мәтінде басты кейіпкер кім?

-Мишаның іс-әрекеті дұрыс па?

-«Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қатысты екенін әңгімелеп көр

Жағдаят тудырту сәті:

Менің қандай қылықтарым анамды қуантуы мүмкін.

Менің қандай қылықтарым анамды ренжітуі мүмкін.

Мишаның орнында болсам мен не істер едім?

Сергіту сәті

«Қимылмен сөйле»
- Аналарыңды неге теңейсіңдер? \ күнге\

-Аналарына қалай еркелейсіндер? \ қимыл \

-Дүниеге келгенде біз қандай болдық? \ отырады\

-Әке-шешеміздің арқасында қалай өстік? \ тұрады\

-Аналарыңды қалай жақсы көресіңдер ? \ өздерін қатты құшақтайды\

«Шатастырылған логикалық баулар» ойыны

Шарты: Орны ауыстырылған өлең шумақтарын қалпына келтіру

Мәпелейсің мені, анам. Сен жалықпай жетектеп,

Қолыңдағы құсыңдай. Мен жаттыға жетермін.

Құлпыра өсіп дем алам, Айтқаныңды екі етпей,

Құшағыңда қысылмай. Ақ сүтіңді өтермін.

Үмітіңдей көзіме, Біліп тұрсың, жан анам,

Көп қарайсың үңіліп. Міндеті үлкен ботаңның.

Еркелеген сөзімде Күтері сол баладан

Ертеңіңіз тұр күліп. Ана менен Отанның!

Өлеңді мәнерлеп оқу

Өлеңдегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқыту.

Топтық жұмыс

І топ:

«Даналық сөзден дән ізде» Ана туралы мақал - мәтелдер жазу

ІІ топ:

Өлеңді аяқта.

-------------------- барамыз,

-------------------- саламыз.

-------------------- сыйлаймыз,

-------------------- тыңдаймыз.

ІІІ топ: Ребус құрастыру

Осы сөздерді пайдаланып өз анамызға бір сөзбен тілек жазамыз.

V. Рефлексия. Кері байланыс

Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім.....

Меніңше мен ........ орындай алмадым, өйткені..

«Өрмекші» әдісі арқылы бағалау

Кейінгі оқу

Мәтінді мазмұндау, өлеңді жаттау

Презентация по родному языку на тему В. Сухомлинский. Ақ шаш Ғ. Орманов. Ана

Сәлеметсіздер ме? Сіздерге әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген сабағымның жоспарын жіберіп отырмын. Өткен жолғы жіберілген сабағымның біреуі журналдарыңыздың №5 номеріне шықты. Ол үшін рақмет.

Қай номерге шығатынын хабарласаңыздар екен. Мүмкіншілік болса жақын арадағы номеріне шығарсаңыздар екен. Өтініш

Сәлемнен: Есаханова Мейрамкүл Темірбекызы

№ 123 Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Презентация по родному языку на тему В. Сухомлинский. Ақ шаш Ғ. Орманов. Ана







© 2010-2022