ҚМЖ Туынды зат есімнің жасалу жолдары 3 класс, қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді: С. Калназарова

Пән мұғалімі: Өтеуова Гүлсана Бейбітқызы Күні:16.02.2016ж Пәні: қазақ тілі Класс: 3 "Г"

Сабақтың тақырыбы: Туынды зат есімнің жасалу жолдары

Сабақтың мақсаты: Сөйлем ішіндегі зат есімді дұрыс танып, оларға сұрақ қоя білуге үйрету. Зат есім, олардың сұрақтары,жалқы және жалпы есім, жайлы алған білімдерін кеңейту. Негізгі және туынды зат есімнің айырмашылығын білу. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жасау жолдарын үйренудегі дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын мысалдар арқылы дәләлдеуге үйрету.

Сабақтың міндеттері: А) Негізгі және туынды зат есім жайлы түсініктерін арттыру, білетіндерін толықтыру. Топпен жұмыс жасату;
Ә) Ой - өрісін, жазбаша, ауызша сөйлеу тілін, өз бетінше жұмыс істеу, күрделірек және шығармашылық тапсырмаларды орындай білу қабілеттерін дамыту;
Б) Ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрету;

Күтілетін нәтиже: - Оқушылар негізгі және туынды зат есім туралы алған білімдерін толықтырады. Топпен бірлесіп жұмыс жасайды. Сөздік қоры, тілі дамиды.

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-тыру кезеңі

Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау:

-Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын,

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Жүректің артына жазылған өрнектердің бірдей мәндері арқылы топқа бөлу.Топ басшысын анықтау.

24:6+10

2*7

8*6-34

(20+8):2

5*5-11

8+6

25:5+3

2*4

7*2-6

(90+8)-90

70:7-2

9-1

8:2+16

10*2

48-4*7

(80-40)-20

40:2

35-15

5+1

3*2

76-7*10

20:2-4

18:3

76-70

Тренингке қатысады,

топқа бөлінеді.

Топ басшысын анықтайды.

От шашу

Смайликтер

Қызығушы-лықты ояту

Ой қозғау: "Адасқан әріптер"

а т з с м е і

"Алтын балық" (суреттен зат есімдерді айту)

- Бұл сөздердің бәрі қай сөз табына жатады?
Ережелерді қайталау.

- Зат есім деген не?
- Зат есім нешеге бөлінеді?- Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?-Зат есім
-Зат есім дегеніміз не?(Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Олар кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.)
-Жалқы есім дегеніміз не?(Жеке я дара заттарға берілген атауларды жалқы есім дейміз. Мысалы: Ертіс, Қызылтаң, Алатау)
-Жалпы зат есім дегеніміз не?-Бір тектес заттың ұғымдарын қамтитын атауларды жалпы есім дейміз. Мысалы: өзен, көл, адам, құс, ағаш)
-Негізгі зат есім дегеніміз не?
-Туынды зат есім дегеніміз не?
Үй тапсырмасын тексеру. 23 - жаттығу, 151-бет

Сурет бойынша әңгіме құрап жазу. Зат есімдерді табу.

Дидактикалық ойын. Бір оқушы жекеше түрде зат есім болса, көпше түрде жауап қайтарады. Туынды зат есім болса, негізгі зат есімді атайды.

1.Шана, арба, балық, мұз, коньки, көл, қалам, ағаш.

2.Суретші, сыйлық, қапшық, сусын, үйшік, құлыншақ, асхана, суат,жұмысшы, жыршы, әнші.

-Өткенді қайталайды.

-Сұрақ қояды

-Оқушылар өз білімдерін көрсетеді.

Өткенді қайталайды.

-Оқушылар өз әңгімелерін оқиды.

Зат есімдерді тауып айтады.

Бірін-бірі бағалауы

Бағалау парағымен өзін-өзі бағалайды.

Топ басшысы бағалайды.

Слайд

Дәптер

Мағынаны тану

Күн ретін жазу. Көркем жазу. Тақырыпты түсіндіру.

-Сабақтың мақсатымен таныстыру

24- жаттығу. Тақтамен жұмыс.Күннің бетін жауып тұрған бұлтты әр топтан 1 оқушыдан шығып,алып, сөзді тақтаға жазып, сөз құрамына талдайды.

Түбір сөзге сұрақ қойып, олардың қай сөз табына жататынын анықта.

Сөздердің кейбіреуін қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.

Адалдық, астық, ұзындық, көрік, жолдас, сызғыш,қырат,өшіргіш,татулық.

25-жаттығу.

Әділдік-әділ, батырлық-батыр, достық-дос, сөздік-сөз, балалық-бала, сыйлық.

26 - жаттығу. Өлеңді оқу. Өлең кім туралы?

Құрылысшы сөзінің туынды зат есім екенін дәлелде.

27-жаттығу.Жеке орындайды. Дәптерлеріне жатқа жазғызу. Туынды зат есімдерді тауып, сөз құрамына талдату.

Талант қартаймайды,

Білім ортаймайды.

28-жаттығу.Берілген жұрнақтарды жалғап, қандай зат есімдер жасауға болатынын айт.

қыш, -ғыш, -лық, -дік,

-кіш, -гіш, -лік, -дық

- Сергіту сәті.

-Сұрақтарға жауап береді.

-Сұрақтарға жауап береді.

-Дәптерлеріне жазады.

Қорытынды жасайды.

ҚМЖ Туынды зат есімнің жасалу жолдары 3 класс, қазақ тілі

1. Жасыл түс - мен тапсырманы орындадым, өзіме ризамын.
2. Сары түс - мен тапсырманы орындағанда біраз қиналдым, өзіме ризамын.
3. Қызыл түс - тапсырма күрделі сияқты, маған көмек қажет.

От шашу

Слайд

Тақта

Дәптер

Оқулық

152-153бет

Ребус

Ой толғаныс

30-жаттығу. Ребусты шешсең, туынды зат есім шығады.

Топпен жұмыс. "Білім" тақырыбына эссе жазу Топтық жұмыс

Туынды зат есімдерден негізгі зат есімді ажыратып жаз.
1. Достық-дос
2. Сөздік-сөз
3. Балалық-бала
4. Сыйлық-сый
5. Әділдік-әділ

-Оқушылар тапсырманы топпен орындайды.

Үш шапалақ

А3 парағы түрлі-түсті маркерлер

Кері байланыс

"Кубизм" стратегиясы

1.Зат есім дегеніміз не? (ережесін айту)
2.Жалқы зат есім дегеніміз не?
3.Жалпы зат есім дегеніміз не?
4.Негізгі зат есімдер дегеніміз не?
5. Туынды зат есім дегеніміз не?
6. Сөз таптары нешеге бөлінеді? (ата) Не білдік?

Не үйрендің?

Сұрағың бар ма?

-Түсінбеген тапсырмалары болса сұрақтарын қояды

От шашу

Сұрақтар жазылған текше

Рефлексия

- Өздеріңе ұнаған бес саусақтың біреуін таңдаңдар.Әр саусақ сендердің бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен көңіл-күйлеріңді білдіреді:

Бас бармақ - мен үшін маңызды және қызықты болды.

Балан үйрек - мен көп нәрсені білдім.

Ортан терек - маған қиындау, бірақ қызықты болды.

Шылдыр шүмек - менің көңіл-күйім көтеріліп қалды.

Кішкене бөбек - мен үшін жеткіліксіз болды.

ҚМЖ Туынды зат есімнің жасалу жолдары 3 класс, қазақ тілі-айтады

Мадақтау

Қорытынды-лау

Бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Үйге: 29 -жаттығу, 153-бет , мәтінді көшіріп жазып келесіңдер.Зат есімдерді тауып, олардың қайсысы негізгі, қайсысы туынды зат есім екенін айт.Туынды зат есімдерден негізгі зат есімді ажыратып жаз.Бағалау

Көңіл-күйлерін білдіреді.


© 2010-2022