Математика 3 сынып Қосындыны санға бөлу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пәні : Математика Сыныбы: 3 «Б» Қолданылған технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау элементтері, АҚТ Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу. Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Қосындыны санға бөлудің тиімді әдістерін қолдану арқылы сабақты меңгерту. 2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау танымдық қабілеттерін, белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3) Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ынтымаққа, достыққа баулып тәрбиелеу. Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап. Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ноутбук, видео сұрақтар, таратпа материалдар, видео бейнелер. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Құрметпенен сіздерге Бас иеміз біз Қайырлы таң ! Қайырлы күн ! Күліп шықты күн бүгін Мерекелі осы күн.

Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру үшін сергіту сәтінен бастау.(интерактивті тақтадағы көрсетілген қимылдарды әуенмен қайталай отырып, билейді)

Сыныпты топтарға бөлу. Оқушыларға геометриялық фигуралар тарату: үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, дөңгелектер арқылы сыныпты 4 топқа бөлу. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. Дәптерлерін ашып бүгінгі күнді жазып шығады. Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық. Сұрақ-жауап өткізу.

  • Наурыз айында қандай мереке күндері бар ?
  • «Аналар» мерекесі мен «Ұлыстың ұлы күні - наурыз» мерекесі.
  • Наурыз тойында қазақтың қандай ұлттық ойындары ойналады ?
  • Бәйге, көкпар, қыз қуу, алтыбақан және асық ойындары.
  • Оқушылар бүгінгі сабақта сендердің білімдеріңді «асықпен» бағалаймын. Өйткені асық қазақтың ұлттық ойынының бір түрі. Асықты алған оқушы бағаланып отырады.
Сабағымызды қазақтың ұлттық ойындарынан бастаймыз. «Көкпар» ойыны. Оқушылар тапсырмаларды топпен ноутбуктерде орындап шығады. №1. «Үшбұрыш» т. «Тіктөртбұрыш» т. «Шаршы» т. «Дөңгелек» т. (12+8):2 (10+6):2 (16+8):4 (9+12):3 (15+25):5 (18+27):9 (14+21):7 ( 50+10):5 (120+20):10 (300+60):9 (100+200):3 (600+200):2 «Қыз қуу» ойыны. Оқушылар тапсырманы интерактивті тақтада орындайды.Оқушылар есептің шартын құрып, шешуін табады. №3. Сыныпта 12 қыз бала және 14 ер бала бар. Ойын кезінде олар тең 2 топқа бөлінді. Әр топта қанша баладан болды?

Тапсырманы дұрыс орындаған топтарды асықтармен бағалап отыру.

«Үш қол» ойыны. Оқушылар қолдардың түсіне қарай қимылдар жасайды.

Қызыл - амандасады

Көк - арқасымен амандасады.

Сары -иығымен амандасады.

«Арқан тартыс» ойыны. Оқушылар дәптерлеріне жеке, жұппен, топпен тапсырманы орындайды. Бірінші болған топ тақтада орныдау тапсырылып, сол топ жеңіске жетеді. №5.Өрнектерді баған түрінде жазып, тексеру. «Үшбұрыш» т. «Тіктөртбұрыш» т. «Шаршы» т. «Дөңгелек» т. 318+567 676+167 346+95 435+278 784+136 168+725 389+175 434+486 Сергіту сәтін өту.

Дөңгеленіп тұрамыз

Уықтарды құрамыз.

Айналамыз, айналамыз.

Киіз үйді құрамыз. Шығармашылық тапсырма. Өмірізде кездесетін жағдаяттардан шығу жолдарын қарастыру. Сөйлеу жаттығулары: Жағдаятты шешу. Жағдаят. Жаздың бір шуақты күнінде Айгүл мен Болат ата-анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады. Айгүл мен Болат суға шомылып, күнге қыздырынып болған соң, анасы оларды тамақтануға шақырды.Тамақтан соң олар ұзақ ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді. Қарбызға тойған соң олар қарбыздың қабықтарын көлге лақтырып ойнады. Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге лақтырып, қалған қоқыстарды жинамастан балаларына:

  • Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз, -деді. Сөйтіп, олар машинаға отырып үйлеріне кете берді.
Сұрақ: Сендер осы көрініске қалай қарайсыңдар?
  • Қандай ой қорытындысын жасар едіңдер ?
Оқушылардың ой қорытындысы тыңдалады.
  • Оқушылар біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында: «Қазақстан-ауасы таза, суы-мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс» ,- деген болатын
  • Ойландыратын сұрақ: Осы жағдаятқа байланысты.
  • Егерде сіздерде «1000 000 000 теңге» болса, осындай жағдайларда не істеген болар едіңіздер?
  • Оқушылардың ойлары тыңдалады.
Сабақты пысықтау. Топпен жұмыс. «Бәйге» ойынын ойнай отырып, сабақты қорытындылау. Әр топқа сұрақтар мен видеосұрақтар беріледі, ондағы сұрақтарға топ оқушылары жауап береді.Топтар өздерінің жинаған асықтарына қарай бағаланады.Математика 3 сынып Қосындыны санға бөлу
Математика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлу
Математика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлуМатематика 3 сынып Қосындыны санға бөлу




1-сұрақ. (600+300):3 2-сұрақ. Видео сұрақ. Асанда 45 асық бар, әр балаға 9 асықтан бөліп беретін болса, әр бала неше асықтан алады? 3-сұрақ. (120+200): 4 4-сұрақ. Видео сұрақ. 4 дәптерден 5 рет сатып алатын болсам, қанша теңге төлймін? 5-сұрақ. Видео сұрақ. Сыныпта 3 қатарда 5 партадан тұр. Сыныпта барлығы неше парта бар? 6-сұрақ. Видео сұрақ. Қорапта 2 литр шырын бар. Осындай 3 қорапта неше литр шырын бар? Сабақты мынадай өлең жолдарымен қорытындылау. Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан. Барлық ғылым саған үйір болады. Досың солар табылатын қасыңнан. Оқушылардың жинаған асықтарын санап, топтарды бағалау, оқушыларды мадақтау. Үйге тапсырма: №5 есеп
© 2010-2022