“Г” дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Г» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Г дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты: Г әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Кіші және бас әріппен жазуды үйрету. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Кішіпейілділікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға,туған жерін құрметтеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік,талдау,топтық,венн диаграмасы,сергіту сәті,ой қозғау.

Сабақтың түрі: Серуен сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаның құралдары, дала гүлдерінің суреттері, көктем мезгілі туралы бейне суреттер, анимациялар, дыбыстық талдауға сөздік схемалар, сергіту сәті - бейнеролик.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқу-құралдарын тексеру. ә) Сабаққа назарын аудару.

II.Психологиялық дайындық. 3-4 жол арқылы.

Қане түзу тұрайық,

Жан-жағымызға қарайық.

Әдептілік білдіріп,

Иіліп сәлем берейік.

IІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

М: - Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

М: - Қане, кім айтады?

О: - Ү дыбысы.

М: - Дұрыс

  1. Оқушылар сөздерге дыбыстық талдау жасайды

“Г” дыбысы мен әрпі

Ненің суретін көріп тұрсындар? (Үй, үкі, үйрек)

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

Үй - 2 дыбыстан тұрады; біріншісі - ү - дауысты дыбыс, екіншісі - й - дауыссыз дыбыс. Сөз бір буыннан тұрады.

Үкі - 3 дыбыстан тұратын сөз; біріншісі - ү - дауысты дыбыс, екіншісі - к - дауыссыз дыбыс, үшіншісі - і - дауысты дыбыс. Сөз екі буыннан тұрады.

Үйрек - 5 дыбыстан тұратын сөз; біріншісі - ү - дауысты дыбыс, екіншісі - й - дауыссыз дыбыс, үшіншісі - р - дауыссыз дыбыс, төртіншісі - е - дауысты дыбыс, бесіншісі - к - дауыссыз дыбыс. Сөз екі буыннан тұрады.

Бүгін біз қоршаған ортаға серуенге шығамыз.

“Г” дыбысы мен әрпі

IV.Ой қозғау.

М: -Қазір жылдын қай мезгілі?

О: -Қазір көктем мезгілі

М: -Дұрыс. Көктемде қандай өзгерістер болады?

М: Суреттерге назар аударып, көктем туралы мәтін құрастырайық.


  1. Күн жылыйды.

  2. Қар мен мұз ериді.

  3. Көктемнің бірінші гүлі - бәйшешек өседі.

  4. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.

  5. Ағаштар гүлдейді.

V. Жаңа тақырыпты ашу.

“Г” дыбысы мен әрпі

М: - Балалар, қыз не істеп тұр?

О: - Гүлді искеп тұр.

М: - Дұрыс,оның қолында қандай гүлдер екенін, келесі суреттен білеміз.

Қандай гүлдерді көріп тұрсыңдар?

О: - Бәйшешек, қызғалдақ, бақ-бақ, ...

М: - Өте жақсы. Осы гүлдердің бәрі, біздің ауылымыздың аймағында өседі.

Гүл - сөзі қандай дыбыстан басталады?

О: - Г дыбысынан басталады.

М: - Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы және әрпі.

VI. Дәптермен жұмыс.

“Г” дыбысы мен әрпі

М: Г дыбысы қандай дыбыс?

О: Дауыссыз.

Неге дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.

М: - Слайдта ненің суретін көріп тұрсындар? Сол сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

О: - Гитара - бірінші дыбыс - Г - дауыссыз, И - дауысты, Т- дауыссыз, А - дауысты, Р - дауыссыз, А - дауысты. Сөз 3 буыннан тұрады.

  • Егін - Г дыбысы екінші орында тұр. Сөз екі буыннан тұрады.

  • Кереге - Г дыбысы соңғы буында тұр. Сөз үш буыннан тұрады.

Жарайсындар, келесі тапсырманы орындайық.Енді балалар Г әріпінің баспа түріне назар аударайық.Тағы бір сызық қоссақ неге ұқсайды. Үшбұрышқа ұқсайды.Өте жақсы.

VII.Сергіту сәті.

VIIІ. Оқулықпен жұмыс. 9 бет

-Бағандағы сөздерді тізбектей оқыту.

“Г” дыбысы мен әрпі

ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту.

Ребус шешу.

“Г” дыбысы мен әрпі


  • Қандай сөздер жасырылған.

  • Гүлнұр, Гүлсім, Айгүл.

  • Табылған сөздер неге жатады?

  • Адамдардың есімдері.

  • Олар қай әріптен жазылады?

  • Адамның есімі үлкен әріптен жазылады.

  • Ал бүгінгі сабағымызда қандай дыбыс және әрпімен таныстық?

  • Жарайсындар балалар! Сағат бізге уақытымыз шектеулі екендігін білдіреді, ендеше серуенімізді аяқтаймыз.





© 2010-2022