Жемістер. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппе

Сабақтың атауы

Жемістер. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

Сілтеме

Ғаламтор,әдістемелік құралдар

Сабақтың жабдығы

суреттер, жемістердің суреттері.

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

1. Оқушының дыбыс түрлері жайлы түсініктерін қалыптастыру, жемістер туралы әңгіме жүргізу;
2. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау дағдыларын дамыту;
3. Оқушыларды тазалық пен әдемілікке тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Жемістер арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Көкөністер жайлы әңгімелетемін.
Сұрақтар қоямын.
- Балалар, көкөністерге нелер жатады?
- Көкөністердің қандай түрлері болады?
- Көкөністерді қалай өсіреді?
Оқулық бойынша пысықтап, әңгімелеу.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Балаларға жемістер туралы айтып түсіндіремін.
Суреттері арқылы жемістермен таныстырамын.
Балалардың өздері білетін жемістері туралы сұрап әңгімелеу.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суреттерді таныстырамын.
Алма, шие, алмұрт, өрік.
Әр сөйлемде неше сөз барын анықтатамын.
Әр сөзде неше дыбыс бар, неше буын барына көңіл аудартамын.
Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларға сөйлемдер құратамын.
Алманың түрлері көп.
Балаларға жемістердің суреттерін көрсете отырып, дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратамыз.
Тақтаға сөздер жазып, сол сөздер арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік беремін.
Оқушыларға «Жеміс бағында» өлеңін оқып беріп талдау.
Жеміс бағында
Бағбан ата Бименге
Үшке толған шағында.
Аралатып көрсетті
Жемістерді бағында.
Мынау - алма, айналдым,
Түрлі - түрлі болатын.
Бірі ерте, бірі кеш,
Кезектесіп салатын.
Мынау өрік күнім
Ерте ашар гүлін.
Қара өрік, сары өрік,
Ектім екі түрін.
Мынау шие шырағым,
Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Ұрлыққа торғай түседі.
Мынау анар құлыным,
Қабығы қалың болатын.
Мөлт - мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын.
Бағымда менің қарағым,
Жеміс - жидек тағы бар.
Қарақат, алма, құлпынай.
Дастарқаннан табылар.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.

Сергіту сәті

Кел балалар, ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық,
Үзіп алып бақтардан,
Жолдастарға сыйлайық.

Оқушылар тақпаты жатқа айтады

Үй тапсырмасы

Суретті сөйлету

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау фигураларын тарату

Оқушылар зерін баңалайды

Кері байланыс



© 2010-2022