Сауат ашу. Қ қ дыбысы және әрпі. (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтық тақырыбы: Қ қ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Қ дыбысы және оның әріп таңбасы туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік:

а.Қ дыбысы мен әріп таңбасының ерекшеліктерімен танысады.

ә.Қ дыбысына байланысты тіл ұстартуға, байқағыштыққа үйренеді.

2. Тәрбиелік:

Байланыстырып сөйлеуге, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, түзу отыруға тәрбиеленеді.

3.Дамытушылық:

Оқушылар тілін,сөздік қорын,ойлау қабілеттерін дамытады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,түсіндіру,таныстыру,көрнекілік.

СТО: Ой қозғау.

Сабақтың көрнекіліктері: Түлкі, "Қ" әріпіне байланысты суреттер(Қолшатыр,қобыз,қайшы,қоңыз,қаз,қарбыз,қалам)

Сабақтың барысы:

-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ.

Халық "қу" деп,

Қылған күлкі.

Айласы көп

Бұл не? /Түлкі/

"Түлкі" деген сөзде бізге не елестейді?

Түлкінің қулығы.

Сонымен, түлкі қандай екен?

Қу екен.

Ендеше, сабаққа жақсы қатысып отырайық, жақсы , белсене қатысқан оқушыға түлкінің қуанышты хабарламасы бар екен.

Тақтадағы суреттерге назар аударайық.

Қайшы,қалам,қарындаш,қобыз,қоныз,қарбыз.

-Қайшы туралы не білеміз?

-Кез келген қағазды, матаны қию үшін қажет.

-Ал,қолшатырды қай уақытта қолданамыз?

-Жаңбыр жауғанда.

-Осы суреттерге қарай отырып өздеріңнің не білетіндеріңді айта аласыңдар ма?

/Оқушылардың ойы тыңдалады./

-Қане, барлық суреттерді атап шығайықшы.Қайшы,қалам,қарындаш,қолшатыр,қоңыз,қобыз,қоян.

Енді,осы өздерің тауып анықтаған суреттерді атағанда бірінші қай дыбыс естіліп тұр?

-Қ дыбысы.

Ендеше, бүгін осы Қ қ дыбысы және әріпі мен танысамыз.

Қ дыбысы дауыссыз дыбыс. Олай болса қ дыбысы былай жазылады: /баспаша,бас және кіші әріптерін көрсету/

Қ әріпінің баспа түрі кітаптарда, газет-журналдарда бізге оқу үшін беріледі, жазба түрін жазу жазғанда үйренеміз.

Қазір мен сендерге тағы да жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ.

Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. /Қалам/

-Қалам бізге не үшін керек?

-Әріп жазамыз, сурет саламыз.

-Иә, қалам бізге өте қажет екен. Енді, осы "қалам" сөзінде "Қ" дыбысы сөздің басында естіліп тұр ма, әлде соңында ма?

-Сөздің басында естіліп тұр.

-Осы қалам сөзін буынға бөліп көрейікші.

-Қа-лам.

-"Қ"дыбысы нешінші буында тұр?

-Бірінші буында тұр.

-Дұрыс.Сонда "қалам" сөзі неше буыннан тұрады?

-Екі буыннан тұрады.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашып,Қ қ әрпін әдемі етіп жазамыз.(Қ әрпін бірнеше жолға орындату). Қ дыбысы кездесетін кісі аттарын атап көрейікші

-Қайрат,Қуат, Қуаныш, Қайсар, Қанат, Қарлығаш т.б

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

-Бүгін, қандай әріп таңбасымен таныстық?

-Қ қ дыбысымен таныстық.

Сендерді бағанадан түлкінің бақылап отырғанын білесіңдер ғой , түлкі сендерге қарап қуанып отыр. Сондықтан барлығыңа да түлкі "қуанышты хабарлама" бергісі келіп тұр. Сонымен, балалар, бүгін тағы бір әріппен таныстық. Ендеше,

"Әріптер" деген өлең жолдарымен сабағымыз аяқтайық.

Әріптер

Әрбір әріп нұрланып,

Бізге сырын ашады.

Әр әріптен бір жарық,

Шұғыласын шашады.

Бағалау.


© 2010-2022