Классный час на тему Таныстырған 42 әріппен, қош бол менің қасиетті Әліппем!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Таныстырған, 42 әріппен, қош бол менің қасиетті Әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Ана тілі оқулығымен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар, слайд.

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ.

2-жүргізуші: Өйткені, 1 сынып оқушылары өздерінің сүйікті Әліппелерімен қоштасқалы отыр.

1-жүргізуші: Міне, бүгін барлық ғылымның атасы болған Әліппені бітіріп отырмыз.

2-жүргізуші: Олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кіші іні-сіңлілерімізге табыс ету сендердің міндеттерің.

1-жүргізуші:Қазір осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп, ән-жырмен өнерімізді ортаға салайық.

1-жүргізуші:

Бала деген, шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая менен жалдай екен.

2-жүргізуші:

Арып-ашып даладан келгеніңіде,

Бал иісін таттырып, алдайды екен,- деп Кенен атамыз айтқандай, кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырып, бал тіліне құлақ салайық!

1-жүргізуші:

Балалар біз осы төрт ай барысында не үйрендік?

  • Оқуды

  • Жазуды

  • Есеп шығаруды

  • Сурет салуды, бояуды.

  • Ән айтуды, ойнауды

  • Денемізді шынықтыруды.

2-жүргізуші:

Мектепке жылдың қай мезгілінде келдіңдер?

  • Күз мезгілі

1-жүргізуші:

Күз мезгілінің қай айында?

  • Қыркүйек айы

2-жүргізуші:

Алғаш мектепке келген күні сабақ қай пәннен басталды?

  • Әліппе

1-жүргізуші:

Алғаш қазақ балалары үшін әліппені кім жазған?

  • Ыбырай Алтынсарин

2-жүргізуші:

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, соны тауып көріңдер?

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?

Хормен:

Ол сүйікті Әліппе!

1-жүргізуші: Олай болса өздерің алғаш рет қолдарыңа ұстаған Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:

Әліппе, әліппе, әліппе.

Әліппе:

Армысыздар, жас достар,

Армысыздар, ата - ана. Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға.

2-жүргізуші: Қош келдің, Әліппе, кел төрлет. Біздің сыныптың балаларының білімі мен өнерлерін тамашала. Қонақ бол.

1-оқушы Айтолқын:

Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Тойға келген қуанып,
Қонақтар, сізге мың сәлем.

2-оқушы Мадина:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.


3-оқушы Салтанат:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!


4-оқушы Адильхан:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.

5-окушы Дильназ:

«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

6-окушы Сабина:

Мама, папа, атын сен,

Бізге үйреттің әліппе.

Бізге нағыз жақын сен,

Сенен білдік әріпті.

7-окушы Ерсұлтан:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің әліппе,

Ақылды сен мұғалім.

8-окушы Асылжан:

Әліппем менің, әліппем

А-деген бастап әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

9-окушы Ризабек:

Осылай алға аттадым,

Әр әріпті жаттадым.

Жаттаған сайын әріпті,

Сөз құрап жаза бастадым.

10-окушы Сымбат:

Әліпем менің, әліппем

Өшпейтін нұрлы әріптен.

Есігін аштым білімнің,

Өзіңнен кілт алып мен.

Әліппе: Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Балалар: Математика, дүниетану, ән күй, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру т.б.

Әліппе:

Ендеше, математикадан білімдеріңді тексеріп көрейін.

  • Табақта бес алма
    Қолымда үш алма
    Қосқанда барлығы
    Болады неше алма? (8)


  • Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды төрт қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қане, кім тез шешеді? (3)



  • Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек

Барлығы неше үйрек? (8)

  • Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан.

  • Бес қиярды алғанда,

Қанша қалды дорбада? (3)

Асылжан:

Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңызды етіп оқыңдар, Математика сабағын.

Айсана:

1-дегенім бесік
Шықтым содан өсіп.
Дильназ:

2-дегенім егін
Далам,тауым,көлім.
Ризабек:

3-дегенім үміт
Үміт жақсы жігіт.
Салтанат:

4-дегенім төзім
Төзе білем өзім.
Мадина:

5-дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алдияр:

6-дегенім ақыл
Тыңдағаның мақұл.
Нұрдәулет:

7-дегенім жалау
Жүректегі алау.
Айша:

8-дегенім сөзім
Серт беретін кезім.
Ақнұр:

9-дегенім тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
Гүлназ:

10-дегенім Отан
Қорға соны ботам.

Ән: Отан. (Алдияр, Мадина)

Ана тілі:

Балалар, енді сендер Ана тілі кітабын жалғастырасыңдар. Кәне, онымен жақын танысайық!

Ана тілі:

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Хормен:

Сәлеметсіз бе, Ана тілі!

Әліппе:

Ана тілі отырып, оқушылардың өнерін тамашалаңыз!

11-окушы Алдияр:

Әліппені бітірдім,

Жаза аламын әріпті.

Әліппені бітірдім,

Бала болдым ақылды.

Көп нәрсеге үйреттің,

Таныстырып әріппен.

Тақылдатып сөйлеттің.

12-окушы Нұрдаулет:

Мынау менің әліппем,

Көгілдір туым түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.

13-окушы Ақнұр:

Әліппе - білім анасы,
Әліппе - кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?

14-окушы Аймұрат:

Өзім оқып кітапты,

Жалынбадым ағама.

Қуанды апам оқудан,

Алған бестік бағама.

15-окушы Гүлсаида:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.

16-окушы Айсана:

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.

17-оқушы Батырхан:

Ата-апа атын сен,
Бізге үйреттің әліппе
Қоштасқалы тұрсың сен,
Жақын келші әліппе.

18-оқушы Бахыт:

Қош бол құтты Әліппем, Тіл тұсауын кестің сен. Аяулы апам болып сен, Айыбымды кештің сен.

19-оқушы Аяулым:

Әліппені сыйлаймыз
Қоштасуға қимаймыз
Бізбен бірге отырып
Ән шашуды тыңдаңыз.

20- оқушы Мансур:

Алғаш рет өзіңнен
Білім алды балалар
Оқу сырын өзіңнен
Ұғып алды балалар.

21-оқушы Айша:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

22-оқушы Гүлназ:

Қош бол құтты әліппем!

Тіл тұсауын кестің сен.

Аяулы апам болып сен,

Айыбымды кештің сен.

1-жүргізуші:

Балалар, енді Әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті. Әліппе кітабының әріптерін танып білдік. Ұқыпты, таза ұстадық. Не себепті?

2-жүргізуші:

Ертең алтыға толатын,

Сендердей әпке болатын.

Әліппені алып қолына,

Үлгілі шәкірт болатын,- кішкене бүлдіршіндерге әліппені тапсырайық.


Хормен: Бәрімізді сүйіп өткен, Балаларға үйреткен. Әліппе мен ұстазға, Бас иеміз құрметпен!
Ән: «Әліппеге рахмет!»

Әліппе:

Ал, енді мен сендермен қоштасамын.
Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Қош болыңдар, балалар!

1-жүргізуші:

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!

2-жүргізуші:

Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!

  1. Ұлдардың орындауында ән: «Отан».

  2. Қыздар биі «Современный танец».

  3. Түрік биі. Орындайтын Салтанат.

  4. Флешмоб.

  5. Ән: «Мен қазақтың қызымын». Орындайтындар: Айсана, Дильназ, Мадина.

  6. Қыздар мен ұлдардың орындауында би.

  7. Қыздардың орындауында ән: «Қуыршақ».

  8. Ән «Отан». Орындайтындар: Мадина, Алдияр.

  9. Вальс.

  10. Хор: «Қазақстан».

1-жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

2-жүргізуші:

Уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасып келіп отырғандарыңызға көп рахмет, осымен концертіміз аяқталды.

1-жүргізуші:

Қош, сау болыңыздар!



© 2010-2022