Отбасы өмірінің заңдары ата-аналар жиналысы (2В сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасы өмірінің заңдары Ата-аналар жиналысы 2 «В» сыныбында өтті. Рефлексия: -Құрметті ата-аналар, ең алдымен бір-бірімізге жақсы тілек айтып лебізімізді білдірейік. - Ал, мына визиткалар, мұны сіздердің балаларыңыз арнайы дайындады. Онда өз портреттерін салды, қандай екенін, нені жақсы көретіндерін жазды. - Балаларыңызды таныстырыңыздар. - Ал , енді жиналысымызды бастайық, Жиналысымыздың тақырыбы: Отбасы өмірінің заңдары. Мақсаты: пікір алмасу арқылы отбасының өзара қарым-қатынас ережелерін, өмір сүру заңдарын анықтау, енгізу.

  • Алдымен сіздерге бір аңыз айтып берейін.
Баяғы заманда бір шаһарда дана қарт болыпты. Оның ақылы мен даналығына бүкіл жұрт бас иеді екен. Дегенмен сол шаһарда қарияның беделін қызғанатын бір адам болған екен. Ол жатса да, тұрса да дананың беделін түсіруді ойлаған екен. Бір күні ол мынадай ойға келеді: «Көгалға барып көбелек ұстап алайын. Оны алақаныма жұмып қарияға барайын. Одан менің қолымдағы көбелек тірі ме, өлі ме?» - деп сұрайын. «Тірі» десе алақанымды қысып көбелекті өлтіремін, «өлі» десе, алақанымды жазып көбелекті ұшырып жіберемін. Көрейін сонда ол енді кімді «дана» дейтінін. Бәріде солай болды. Тек жартылай жамулы алақанға қарап дана қария: «Бәрі өзіңнің қолыңда» - дейді. Бұл аңызды тыңдап отырған ата-ана ретінде қандай ой түйдіңіздер! (Пікірлерін сұрау) Яғни, баланың қандай болуы әр отбасының өз қолында.
  • Сіздер - білімдері, мінездері, өмірге көзқарастары, тағдырлары әр-түрлі адамсыздар. Бірақ сіздерді біріктіріп тұрған сіздердің балаларыңыз, бір сыныпта оқитын ұл-қыздарыңыз. Оларға әрбіріңіз үлкен үміт артасыздар, олар болашақтағы қуаныштарыңыз да, қайғыларыңыз да болуы мүмкін.
Күндердің бір күнінде балаңыз бақытыңызға айналып, өзіңізге «текке өмір сүрмедім» дейтін сәт туар. Ал бүгін осы партада отырып ата-аналық педагогика формуласын жасап, отбасы заңдарын түйіндеп үйренейік. Заң деп айтылғанымен әрбір отбасының қарым-қатынас ережесі, құндылықтары, бәрі бағынатын ортақ талаптары бар екені айқын. Сіздерге таратылып берілген қағаздарда қандай да бір отбасының өмірінен көрініс берілген. Осы отбасы қандай заңмен өмір сүреді немесе сізге белгілі қандай ұстаным орындалмайтынын анықтауға тырысайық. 1-жағдай: Теледидардағы қызық футбол қызық ойнын тамашалаған Айдар мен әкесі бүкіл дүниені ұмытқан. Жуынатын бөлмеден шыққан анасы Айдарға: «Сен әлі отырмысың! Жат. Түннің бір уағы болды!»-деді. Жатқысы келген қипақтаған Айдар жалтақтап әкесіне қарай берді. Ұлының өзінен бетер футбол жанкүйері екенін білсе де, әкесі неге қайдам үндемей қойды. 2-жағдай: мұғалім оқушылары жазған сауалнама жауаптарын таңдады. Оның назарын «жоғары баға алып келгенде ата-анаң не дейді?» деген сұраққа «ештеңе де демейді» деп жауап берген. Мұғалімнің ойынша бұл оқушылардың ата-аналары қандай заңды орындамай отыр? 3-жағдай: бұл отбасы мүшелерінің әрбірінің үй шаруасында өз міндеті бар. Анасы екі ұлын да жұмсайды. Біреуі дастархан жайса, екіншісі - ыдыс жуады. Біреуі еден жуса, екіншісі - шаң сүртеді. Бөлмелерді тазартқанда, кілем қағу сияқты ауыр жұмыстарға әкесі көмектеседі. Әкесі жұмыстан ерте келген күні немесе демалыс күндері асты өзі әзірлейді. Өте дәмді болған. 4-жағдай: әйелдің екі қызы бар. Әкелері отбасын тастап кеткен. Қыздарын өз қатарынан кем қылмаймын деп шешелері күні-түні жұмыс істейді. Тапқан-таянғанынын қыздарының ішіп-жеуіне, киінуіне жұмсайды. Біртіндеп әйел өзін күтуден, жібі түзу киім киюден қалады. Бар үмітін қыздарының болашағына артып, солар есейгенде бар жақсылыққа кенелемін деп армандайды. Есейіп келе жатқан тете қыздардың қажеттіліктері де арта берді. Екеуі шешесінің азын-аулақ ақшасын біріне-бірі қимай , қызғанып жанжалдасуды шығарды. Бұл отбасыда қандай заңдылықтар орындалмай жатыр. Ол неге әкелуі мүмкін? Сонымен ортақ отбасылық заңдар құрап шықтық. Отбасы қмірінің заңдары: 1.Әке мен шешенің балаға қоятын талаптарының бірлігі заңы. 2. Бала үшін мадақтаудың маңыздылығы заңы. 3. Отбасының әрбір мүшесінің бүкіл отбасы өміріне шамасына қарай еңбектеніп өз үлесін қосу заңы. 4. отбасының материялдық және моральдық құндылықтарын ересектер мен балалар арасында тең бөлу заңы. Егер бұл заңдар отбасында орындалып отырса, егер ата-ана өз баласымен тату, достық қарым - қатынас орнатса, онда бала адам ретінде, тұлға ретінде қалыптаса алады. Құрметті ата-аналар, сіздедің балаларыңыз, менің шәкірттерім де өз отбасыларын сүйеді, оны танып білуге өзінше әрекет жасайды. Экранға назар аударыңдар. Видеоролик. 1. Балалар «отбасы» сөзін естігенде ойларына кім немесе не келеді? 2. Енді кім өз отбасын қаншалықты жақсы білетінін байқайық. - сенің анаңның көздерінің түсі қандай? - Әкең қандай газет оқиды? - анаңның сүйікті телехикаясын ата? - отбасының туған күнін білесіңбе? - отбасында қандай еркелететін есімдер бар? - әкеңнің аяқ-киімінің өлешемі қандай? - отбасында ең қымбатты күнін ата? - анаңның құрбыларын танисыңба? - анаң өзіне не сатып алғысы кеп жүр? - сені үйде әкең неше рет, анаң неше рет құшақтайды? Видеоролик аяқталды. Аудиторияға:
  • Айгүл, сіз балаңызды неше рет құшақтайсыз?
  • Сіз ше?
Бәрінен сұрап шығу.
  • Белгілі отбасылық


© 2010-2022