Математика сабақ жоспары Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

1.Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту, бөлу амалдарын дұрыс орындау. Шама, қозғалысқа арналған есептерді, теңдеуді дұрыс шығару және машықтандыру.

2.Танымдық, өз беттілік жұмыс жасауға баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Белсенділікке, ұйымшылдыққа, Отаншылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар.

Сабақтың типі: қайталау.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, дене тәрбиесі, әдебиеттік оқу.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Көбейту кестесін еске түсіру

Үлестірмелі таратпалар

18·40= 8·4·10

72·14 < 72·10 · 4

36·5·10 > 36·15

28·21 < 28·37

160:40=160:4:10

240:24<240:2:6

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

а) Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу тәсілін түсіндір:

56·70=56·(7·10)=56·7·10=392·10=3920

3920:70=3920:(10·7)=3920:10:7=392:7=56

ә) Жазбаша көбейту және бөлу тәсілін түсіндір:

Математика сабақ жоспары Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту

ІV. Қызығушылығын ояту.

Математика сабақ жоспары Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату.

Дәптермен жұмыс.

1-топ

Математика сабақ жоспары Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту

2-топ

Математика сабақ жоспары Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту

3-топ

Математика сабақ жоспары Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту

Сергіту сәті

Ендiбiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиiжаттығып,

Үлкен кiсiболамыз.

/ Б.Бөрiбаев/

Ой толғаныс

1. Бір ұзақ өмір сүрген қария мен оның шөбересінің жастарын қосқанда 117 жыл екен. Шөбересінің туғанына неше ай болса, қарияның жасы сонша жыл. Сонымен қарияның жасы нешеде, шөбересінің жасы нешеде екенін тап.
2. Ағасы қарындасына 5 дәптер бергенде екеуінде де 12 дәптерден болды. Әуелде екеуінің дәптерлері қанша болған?
3. Бір мая шөпті ат 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Ал үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді?
4. Менің екі қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда бес теңгелік сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар?
5. Екі санның қосындысы 462. Бір қосылғыш нөлмен аяқталады. Егер нөлді алып тастаса екінші қосылғыш шығады. Бұл қандай сандар?
6. Ұзындығы 156 см лентаны 3 - ке бөлгенде бірінші бөлік екінші бөліктен 18 см ұзын, ал екінші бөлік үшінші бөліктен 15 см қысқа. Енді әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
7. Райымбек екі таңбалы сан ойлады. Сол санды қосындының мәніне бөлгенде бөлгішке тең сан шықты. Ойлаған сан неше?
8. Екі санның қосындысы 111 - ге тең. Екі қосылғыштың біреуі екіншісінен 2 есе көп. Ол қандай сан?

Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады

Кері байланыс



© 2010-2022