Хабарлы сөйлем 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Хабарлы сөйлем 2-сыныпСабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік мақсаты:Хабарлы сөйлем туралы түсінік бере отырып жаттығулар орындау. 2.Дамытушылық мақсаты:Есте сақтауын, білімділігін арттыру,жаңа алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында меңгерту.Сөздік қорын байта түсу. 3.Тәрбиелік мақсаты:Табиғатты қорғауға,ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге,мейрімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру. Көрнекілігі: арнайы кестелер,жұмбақ. слайд суреттер. Түрі: аралас Пән аралық байланыс:дүниетану,өзін-өзі тану,ұлттық дүниетаным Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық байланыс: Оқу, құрал,дәптер ал Сабаққа керек ол құрал Досыңдай сенің күн күліп Жаныңда тұрсын күнделік ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.167-жаттығу. ІІІ.Өткенді қорыту.Сөйлем деген не?Сөйлемнен соң не қойылады?Масылдар келтіру.Сөйлем туралы ертегіні әңгімелету. ІҮ Мақсат қою кезеңі.Хабарлы сөйлем Ү. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.169-жаттығу.Мәтінді оқу. Әр сөйлемде не туралы айтылғанын талдау.Топтастыру стратегиясы. «Итбалық»








Хабарлы сөйлем. Ережені пысықтау,мысал келтіру. Жұмбақ шешу:Үні ғажап , Дүлдүл. Бақта сайрар....не? /бұлбұл/ ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Олай болса,барлығымыз 170-жаттығуға назар аударамыз.Тыныс белгісін қойып, тапсырманы тақтаға орындаймыз. Сергіту минуты Венн диограммасы 171-жаттығу.Ерлер және әйелдер киімдерін 2 топқа бөліп жазу. 173-жаттығу ауызша орындату.Хабарлы сөйлем екенін дәлелдей отырып,достық туралы балаларға әңгімелету. Шығармашылық тапсырма. 174-жаттығу. Жоспар бойынша әңгіме құрау. 1.Жалғыз басты әжей. 2.Кішкентай қамқоршылар. 3.Балалардың әжейге көмегі. 4.Мереке күндері. ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не үйрендік, не білдік? ҮІІІ. Үйден ережені оқу. 1). 172- жаттығу 2). Бағалау





Әбілхан Қастеев (1904 -1973 жж.) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері - Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Хабарлы сөйлем 2-сынып

Хабарлы сөйлем 2-сынып

Жас Абай. Ә. Қастеев. 1945.

Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқүр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Аманкелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.


© 2010-2022