Бастауыш сыныпқа арналған ойын Білім биржасы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
ШҚО Катонқарағай ауданы КММ "Юбилейное орта мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Черьязданова Анар Токтаровна




Ойын - сайыс: "Білім биржасы"

(бастауыш сыныптарға арналған)

Мақсаты:

  1. Сабақ үстінде алған білімдерін грамматикадан ойын арқылы қайталап бекіте түсу.
  2. Ой - өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды, тапқырлықты, шығармашылықты дамыту. Қабілетті балаларды көрсете білу.
  3. Ақыл - ой тәрбиесін беру, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әр топтың аты, эмблемасы, ұрандары, сайыстың түрлері.
Ұйымдастыру кезеңі. Топтарды таныстыру. 1- топ «Жауқазын» 2 - топ «Сарғалдақ»
Әр топ өз ұрандарын айтады. 1- топ «Жауқазын» Топтың аты жауқазын Келдік біздер жарысқа Қазақ тілі, ана тілі сырларын Баяндаймыз сайыста.
2 - топ «Сарғалдақ» Сәлем «Жауқазын», Біз «Сарғалдақ» тобымыз. Ойланамыз, табамыз, жеңуге тырысамыз.
  1. Өнер алды - қызыл тіл.
  2. "Алға, алға, алға"
  3. Жұмбақ
  4. Қай топ жылдам
  5. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.
  6. Кім жылдам
  7. Сиқырлы сөздер. Жасырылған сөздерді тап.
  8. Тартыспен түскен, бейнетпен келген іс қана - шын мәнінде қымбат табыс.

1 тур «Өнер алды - қызыл тіл» - демекші бірінші сайысымыз мақал - мәтел сайысы мұнда мына жерде 2 тапсырма тұр оны 2 топтың топ басшысы келіп қалаған біреуін алады.
  1. Еңбек туралы 2. Отан туралы


2 тур "Алға, алға, алға" (Мұғалім әр командаға қазақ тілі пәнінен сұрақ қояды, қай команда сұрақтардың көбіне жауап береді, сол жеңіске жетеді. Әр командаға 8 сұрақтан)

Сұрақтар:

1 командасына 1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір) 2 Жуық мәндес сөздер...(Синоним) 3. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)
4. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ) 5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу) 6. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі) 7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік) 8.Туынды сын есім қалай жасалады? (түбірге жұрнақ жалғау)

2 командасына 1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау) 2. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім) 3. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?) 4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөз... (мықты, шымыр) 5. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік) 6. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан) 7. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім) 8. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

Үшінші сайысымыз жұмбақтың шешуін табу.

  1. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
2. Өзі сондай аппақ, Жесең оны тәтті - ақ (Қант)
3. Гүл-гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен Гүл жазира жарасқан Гүлдерімен қай кезең? (Көктем) 4. Қырға кілем жайылды. (Қызғалдақ)
5. Қос қанатын иіп ап, Жарға келіп қонады Қара киім киіп ап. Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш)
6. Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай (Құмырсқа) Төртінші сайысымыз «Қай топ жылдам?» мұнда әріптер тұр сол әріптерден сөз құрау керек. Сол сөзден бірнеше сөздер шығарамыз.
"Сарғалдақ" тобына "Жауқазын" тобына
Тәуелсіздік Қазақстан
Ел, сіз, ту, уіз,дәу Қазақ, қаз, ана,тақ,тас Кет, іл, ісі, іс т.б. ас, қаза, қан, қант,сақ т.б.

Бесінші сайысымыз
«Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі» - демекші келесі сайысымыз сұрақтарға жауап беру. Мына жерде сандар тұр сол сандардың артында сұрақтар бар әр оқушы өзінің қалаған сұрағын алып жауап береді.
10 10 20 20 30 30 40 40
10- Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2) 10-Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3) 20-Қатаң дауыссыз дыбыс нешеу? 12 20-Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)


30-Туынды сын есімді айт. (ақылды) 30-Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?) 40-Туынды сын есімге мысал келтір... (тәртіпті) 40-Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ) Алтыншы сайысымыз «Кім жылдам?» Қай жағынан оқысаң да бірдей дыбысталатын бірнеше сөз ойлап жазу. Мысалы: кесек, қырық, қазақ т.б

Жетінші сайысымыз Сиқырлы сөздер. Жасырылған сөздерді тап.

Піж -

Тама -

Тресу -

Антк -

Қағайра -

Қуырқаш -

Нышқат -

Шайқы -

Палабан-

Дізілріккө - Сегізінші сайысымыз: «Тартыспен түскен, бейнетпен келген іс қана - шын мәнінде қымбат табыс» -дей отырып соңғы сайысымыз топ басшылардың сайыс А . 1. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді (2) 2. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар. (25) 3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата: 4. Лепті сөйлем дегеніміз не? 5. Зат есім дегеніміз не? 6. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім? (Ы.Алтынсарин) 7. Өлең жазатын адамды қалай атайды? (Ақын) 8. Биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығы 9. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3) 10. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? 11. Ұяң дыбыстарды ата? 12. Сөз таптарын ата? (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
1.Сөйлем дегеніміз не ? 2. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар ? (15) 3. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3) 4. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата: 5. Қосымшаның неше түрі бар ? (2) 6. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? (Аңыз) 7. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім ?

8. Ы. Алтынсарин кім? (Ақын, жазушы, тұңғыш мектеп ашқан, ұстаз, ағартушы) 9. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Бір Аллаға сиынып) 10. 8 наурыз қандай мереке ? 11. Жалғау дегеніміз не? (сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны 12. Қазақша жыл санауда жыл басы неден басталады? (Тышқаннан)

Әділқазылар алқасына сөз береміз

© 2010-2022