Дауыссыз дыбыстар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы мағлұмат бере отырып, тілдің қатысына қарай ұяң,үнді, қатаң дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік.Тапқырлыққа, білгірлікке,ізгілікке және бір-бірінен ажырата білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық.Ойлау қабілетін сөйлеу мәнерін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет.

Көрнекі құралдары: Интерактивті тақта мен жұмыс, ойын тапсырмалар флипчаартта.

С А Б А Қ Т Ы Ң Ж Ү Р У Б А Р Ы С Ы .

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу түгендеу, сабаққа қатысын қадағалау.(1 мин )

Психологиялық тренинг. «Жақсы сөздер бұрқасыны». Мұнда оқушылар өздері ең жақын адамдарынан есіткісі келетін сөздерді қағазға жазып ,бір-біріне домалақтап қарша лақтырады. Оларды кезекпен оқып шығады.

(2 мин)

·II Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

« Аквариум » әдісі. (Оқушылардың 5-6 ортада отырып, сұраққа жауап береді, айналасындағылар сұрақ береді . 7 мин)

Сұрақтар төмендегіше болуы мүмкін:

1. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

2. Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не? Оларды ата.

3.Еріндік,езулік дауысты дыбыстар дегеніміз не?

4.Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды ата.

III. Жаңа сабақ. Ереже. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.

Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б,в,г, ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ш,щ, (у).

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң,үнді, және қатаң болып үшке бөлінеді.

1

Ұяң

Б,в,г,ғ,д,ж,з,

Үннен тұрады

2

Үнді

И,л,м,н,ң,р,у

Салдырдан үн басым

3

Қатаң

К,қ,п,с,т,ф, х, ч, м, ш, щ, һ.

Тек салдырдан тұрады

Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Мысалы:

п-б, ф-в, к-г, т-д ,с-з, ш-ж.

Себебі бұл жұп болған дыбыстардың жасалуц орны бір-біріне өте жақынМысалы п-б дыбыстары екі еріннің қақтығысуынан жасалады.

п-б, ф-в, к-г, т-д ,с-з, ш,қ-ғ.

262 - жаттығу . Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.

п-б : ...айдасыз ,...аласыз, ...алық, са...ар, са...тау,қа...ылда

т-д: ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс,...алап

к-г:ә...е,е...ін,кө...тем, кө...ер, ...үл,...еремет

қ-ғ:қа...аз,қа...ты,ба...дарлама,ба...ыр, ...асыр,...арыш.

IV. Топтарға бөлу.( Түрлі қағаз қиындыларын үлестіру арқылы 2 мин)

Топтардың тапсырмалары:

1-топ

а) з,қ,к,л,м,н,п,р,с,т,ш дыбыстары кездесетін бірнеше сөздер жазу.

ә) й, ң, һ дыбыстары кездесетін бірнеше сөздер жазу.

Емле туралы қорытындыларың:

Қорытындылау сұрағы. Не байқадың? Қандай буындарда кездеседі? Сөздің басында келе ме, әлде ортасында ма, әлде соңында келе ме?

2-топ.

А) В, ф, ч, ц әріптері кездесетін сөздер жаз. Не байқадыңдар?

ә) щ әрпінен келетін сөз жазу Не байқадың?

3-топ.

А) Б , в , г, д дыбыстарын қатыстырып бірнеше сөз жаз. Не байқадың?

ә) ай, тай, қой ,сой сөздеріне «у» жұрнағын жалғап жаз. Қандай өзгеріс болды? Не байқадың?

4-топ.

А) Штамп,шрифт,факт, киоск сөздеріне қосымша жалға. Не байқадың ?

( Бұл сөздердің аралығына ы,і дыбыстары дәнекер болып кіреді)

Ә) трест, ведомость, подъезд, сөздеріне қосымша жалға Не байқадың?

V. Оқулықпен жұмыс.

263- жаттығу. Мына жұмбақтардың шешуіндегі өзгешелікті түсіндір.

К-ден бастап оқысаң-

Құс атауы, қарашы!

Е-ден бастап оқысаң-

Жалқау баға бағасы.

Егер т-дан басталсам,

Бар тағамға дәм болам.

Егер қ-дан басталсам,

Шыңыраумын ең терең.

Жұмбақ жауабын тауып ,фонетикалық талдау жаса. (Тақтада жасау)

Қорытындылау. Білемін. Білгім келеді. Білдім.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру. Ереже жаттау. 113-114 бет. 267 -жаттығу.

Бас әріптері бір дыбыстан басталатын 3 сөйлем құрастыру .



© 2010-2022