БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурмаганбетова Кульзия БайдюсеновнаБІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Әлібек Бүркітбаев атындағы

ЖББ №12 орта мектеп КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

Ақжол селосы



БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ пайдасы

Эссе Қоғамның қазіргі халықаралық нарық жағдайы ақпарат пен білімнің алдыңғы маңызды орын алатын ақпараттық қоғамға көшудің маңызды тарихи кезеңімен сипатталады. Окинава хартиясы (2000ж.) ғаламдық ақпараттық қоғам құрудың жалпы қағидалары мен мақсатын анықтай отыра, қоғамның экономикалық және әлеумттік өзгеруінің мәні ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялардың адамдар мен қоғамға әсер ету қабілеттілігі негізінде білім мен идеяларды тиімді қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруында деп көрсетеді. Еуроодақ Электронды оқытуды (е-leаrning) бүкіл өмір бойы оқыту кеңістігін құру, серпінді дамитын, бәсекеге қабілетті, білімге негізделген экономиканың негізгі сайманы, құралы деп таныған. Осыған орай, Еуропада бірқатар арнайы бағдарламалар қабылданды: 2004-2006ж.ж. білім берудегі АҚТ интеграцияся (Е- leаrningргоgгаmmе), бұдан соң 2007-2013ж.ж.. (Lіfеlоnglеаrningprоgrаmmе - LLР) білім беруді ақпараттандыру бойынша «Бүкіл өмір бойы оқыту Бағдарламасы». Білім беруді ақпараттандырудың Мемлекеттік саясаты бірқатар құжаттарда айқындалған: «1997-2001ж.ж. Бастауыш және орта білім беруді ақпараттандырудың Мемлекеттік Бағдарламасы», «Бастауыш және орта кәсіптік білім беруді ақпараттандыру Бағдарламасы (2001 ж).», «Білім беру жүйесін Ақпараттандырудың Тұжырымдамасы (2001ж.)»,«Ғаламтор-мектептерге» ведомствоаралық бағдарлама (2001 ж.), ал 2004 ж. бастап ҚР 2005-2010ж.ж. мен 2020ж.-ға дейін білім беруді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламаларында негізгі бөлімдерінің бірі білім беруді ақпараттандыруға арналған. Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзекті және маңыздылығы әр елдің зерттеушілерінің назарын аударуда. Құбылыстың кешенді сипаты, сондай-ақ, тез өзгеретін әлем мен қарқынды дамып келе жатқан технологиялар тұрақты ғылыми-зерттеу мен ізденістің пәні болды деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Білім беруді ақпараттандыру: -ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, нормативтік, технологиялық және техникалық алғышарттарды зерттеуге бағытталған қазіргі ақпараттық жалпы бұқаралық коммуникация және ақпараттық қоғамның жаһандануына бағытталған педагогикалық білімдердің жаңа аумағы. [И.С.Роберттің ғылыми мектебі]; - Білім беру сферасын мақсатты түрде әдіснамамен, технолгогиямен, тәжірибемен және АҚТ-ны қолданумен қамтамасыз ететін ұйымдастырылған процесс [И.С.Роберттің ғылыми мектебі]; - Білім алушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерінің дамуына жасалатын жағдай, олардың тәуелсіз, өзін-өзі жүзеге асыруын қалыптаетыру, оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау үшін нақты білім беру қызметі ретінде АҚТ негізінде оқу. [С.В.Панюкова, А.Ю.Кравцова, В.Л.Латышев]. Білім беруді ақпараттандыруды моделдеуде ғылым мен практикада белгілі бір көзқарастар қалыптасты. Мысалы, мектепте оқытуда АҚТ-ны қолданудың моделі (ЮНЕСКО), ВЕСТА матрицасы (Ұлыбритания), мектепті ақпараттандырудың кластерлік моделі [А.Ю.Уваров], АҚТ-ны қолдана отырып, педагогикалық процестің функционалдық моделі [Е.О.Феофанова] және т.б. Бірақ, халықаралық сарапшылар [Д.Тильбюри, С.Жаноусек, Л.Денбай және т.б.], атап көрсеткендей, әр ел өзінің тарихын, зерттелініп отырған құбылыстың даму тәжірибесін экономикалық жағдайды, білім беру субьектілерінің қажеттіліктерін ескеруі тиіс.

Нормативтік-құқықтық қолдау білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен орта білім берудің болжамдық, мақсаттық қызметтерін атқарады. Бұл өз кезегінде Заңдар, тұжырымдамалар, стратегиялар, білім беруді ақпараттандырудың мақсатты бағдарламалары, жалпы міндетті білім беру стандарттары, оқушылардың АҚТ-ға деген құзіреттілігі мен білімге, іскерлік пен дағдыға қойылатын талаптарды анықтайтын оқу бағдарламалары, Мектеп деңгейінде, АҚТ енгізу мектептің білім беру бағдарламаларында, оқу-тақырыптық жоспарларында, мақсатты бағдарламаларда, мұғалімдер мен оқушылардың электрондық портфолиясын қалыптастыру, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында көрініс беруі тиіс. Мектеп жағдайында сандық білім қорлары мен компьютерлік техникаларды сатып алуға кететін шығындар, заманауи техникалық қызмет көрсету, ескірген техникаларды есептен шығару және т.с.с. индикатор ретінде атауға болады. Мектепті ақпараттандыруды дамытудың маңызды критерийі білім беру мақсатарын шешудегі, білім мазмұнынын қамтамасыз етуде, педагогикалық процесті тексеру нәтижесі мен қызметті ұйымдастыру әдістерін жүзеге асыруда АҚТ заманауи педагогикалық мүмкіндіктерінің болуына орай инфокоммуникациялық инфрақұрылым болып табылады. Инфокоммуникациялық инфрақұрылымның жиі қолданылатын индикаторы - компьютермен жабдықтау, бір оқушыға келетін компьютер саны. Дамыған елдерде компьютерлендірудің басты көрсеткіші - электронды оқытудың «1 оқушы-1 компьютер»» моделі. Бұл модель «әрқашан әржерде оқу» қағидасына бағдарланып, білім беруді тұлғалық-бағдарлау қағидасын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Бұл көрсеткіш Сингапурде іске асырылған, онда әрбір оқытушының мектеп есебінен берілген жеке ноутбугі бар. Ақпараттандырудың маңызды көрсеткіші - мектептегі мультимедиалық кабинеттер саны. Мультимедиалық технология көптеген ақпараттарды гармониялы түрде, әр түрлі формада (дыбыс, видео, анимация) жинақтайды, оның оқыту үшін маңызы зор, оқушылардың жеке және психологиялық ерекшеліктеріне сай түрлі формада қолданылуы мүмкін. Мұнда тек информатика кабинеттері ғана емес, тіл үйретудің мультимедиалық лингафондық кабинеттері де, пәндік кабинеттер де ескерілуі тиіс. Міне, осы тұрғыда ауылды мектептерде ақпаратты оқытудың тиімділігі төмен десе болады. Себебі мектептерде интернет желілер төмен, кабинеттер толық жабдықталмаған, айтар болсам, бастауыш кабинеттері мүлде жоқтың қасы. Мектептің Ғаламторға қолжетімділігін анықтайтын инфрақұрылым көрсеткіші маңыздылығы зор, егер оған қол жетімді болса. Мектепте мектепішілік, ақпараттық-білім ортасын құрайтын ақпараттық-білім беру сайттары мен порталдардың болуы ақпараттандырудың жай-күйін анықтайтын маңызды индикатор болып табылады. Бұл өз кезегінде тұлғаның оқу-танымдық іс-әрекет аймағын кеңейтіп, білім беру процесі субьектілерінің интербелсенді режимде өзара қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатыны анық. Мектепішілік басқаруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің болуы, біздің ойымызша, орта білім беруді ақпараттандырудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Мамандармен қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші АҚТ-ны қолдану бойынша педагогикалық мамандардың облыс, аудан, мектепішілік деңгейде біліктілігін жетілдіру жүйесін ұйымдастыру. Бұл модель білім беруді ақпараттандыруда жетекші идеялар жиынтығын білдіретін, дәл құрылымдық өзгерістер жасау және сандық жағынан оларды көрсету үшін жүйенің құрылымдық элементтерінің ішінде себеп-салдарлық байланысын талдау, білім беру жүйесін басқару мақсаттары мен міндеттерін және болашақта оң үрдістер туралы білімді тарату үшін міндеттерді қоюға мүмкіндік береді. Келешекте мектептерді жан-жақты ақпараттандыруды жолға қойып, жан-жақты датытуға ат салысса демекпін.

© 2010-2022