Өзін-өзі тану пәнінен өткізілген ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы. Өнерлі бала сүйкімді.

Құндылық: адамгершілік. Қасиеттер: таланттық, өнерпаздық, зеректілік.

Мұғалім: Жолдыбаева А.Н.

Сынып 3 «Ә» оқушылар саны: 28

Күні: 01.02.2016 ж.

Сабақтың мақсаты: Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ресурстар: интерактивті тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, жұмбақтар, өлең, дәйексөз,ақ қағаз, (күн,бұлт, жаңбыр, кемпірқосақ суреттері).

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Оқушылар назарын сабаққа аудару.әр түрлі тақырыптағы суреттерді алып, сол суреттердің атауларына қарай 4 топқа бөлінеді.

ә) Баяу әуен қосылып тұрады. Балалар денемізді тік ұстап, ыңғайланып отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Тыныштық бар жерде.... Тыныштық бар әлемде.... Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр. Аспанда күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды.Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашады. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі.сенің аяғың тек жақсы жерлермен ғана жүру үшін. Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін, Күннің нұрықолыңнан аузыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Аузыңнан күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсыны есту үшін. Күннің нұры құлағыңнан көзіңе барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойың сүйіспеншілік нұрына бөленді. Осы сезімімізбен біраз уақыт өз жан дүниемізге үңіліп жақсы ойға шомайық. Ал енді 1,2,3 деп бұрынғы қалпымызға келейік.

Оқушылар көңіл-күйін көтеру мақсатында.

Өткен сабақты еске түсіру.

Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді.

«Ақын деген кім?» мәтінін оқыдыңдарма? Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен? Ақын дегеніміз кім? Өздерің қандай өнер түрлерін қалар едіңдер?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз. «Адамның сәні -өнер, білім, ақылы»

Халық мақалы.

Жаңа сабақ. Әңгімелесу.

Адамның сәні -өнер, білім, ақыл мақалының мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалар дәйексөзді жаттап алады.

-Қандай адамдарды өнерлі деп санайды екенбіз?

- «Өнерлі өрге жүзер» деген мақалды қалай түсінеміз?

Оқушыларға өнер, өнерпаздық сөздерінің мағынасын түсіндіру «Қоршаған әлемді көркемдеп, бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Оқушылар өздерінің өнерлерін атап өтеді.

Өздерінің жасаған заттарын көрсетеді.

Сергіту сәті.

Кубиктің алты жағында алты мамандық иесінін атауы болады.

1.Биші. 2. Әнші. 3.Домбырашы.

4.Суретші. 5. Жүргізуші. 6. Спортшы.

«Кубизм» әдісі арқылы орындалады.

Шығармашылық ,топтық жұмыс.

Әр топқа тапсырма: бір өнер көрсетеді.

Алуан бояу іріктеп(алды)

Асықпай Мұрат (суретті) салды.

Столға жайып (қағазды) аппақ.

(Суретте) сұлу жасады бақ-бақ.

1.Білім көкке жеткізер,

(өнер) көпке жеткізер.

2.Өнерлінің қолы (алтын)

Өлеңшінің (сөзі) алтын.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

1-суретшілер тобы: еркін тақырыпқа сурет салады.

2- ақындар тобы: өлеңді аяқтау.

3- әншілер тобы: мақалдағы сөзді толықтыру.

4-жыршылар тобы: Жамбылдың өлеңін жатқа оқу.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген ребусты шешу.

Өнер туралы халық даналық сөзін оқиды. «Өнерлі бала сүйкімді»

Жаңа сабақты бекіту.

-балалар өнер адамы деп кімдерді атаймыз?

Жүректен -жүрекке.

1- топ бұлтқа адам жанын жадырататын сөздер, 2- топ тамшыға алғыс айтқандағы сөздер.

3-топ күнге анасы қалай еркелетінін жазу.

4-топ кемпірқосаққа жақсы көңіл-күй сезімдерін жазу.

Өнерін, білімін, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды өнерлі адам дейді.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

Үйге тапсырма беру. «Бәрі жақсы өнердің» тақырыбына ой-пікірлерін жазу.

Күнделіктеріне жазады.

Мадақтау





Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм



«Өнерлі бала сүйкімді»


Пәні: Өзін-өзі тану



Мұғалім: Жолдыбаева А.Н.

3 «Ә» сынып

© 2010-2022