Тәрбие сағаты Нан -дастархан байлығы 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып. Нан- дастархан байлығы

Мақсаты. Нанды қастерлеуге, нанның адам өміріндегі ең

маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтінін түсіндіру. Нанның дастарханға көптеген адам -дар еңбегі арқасында келетінін ұғындыру.

2. Өмірден алған білімдерін, тұсініктерін жетілдіру.

3. Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі. интерактивті тақта, пісірілген нан түрлері,

дастархан, ойын, шарлар, слайд.

Тәрбие сағатының барысы

  1. Ұйымдастыру

  2. Оқушыларды дайындау, топқа бөліп отырғызу.

Негізгі бөлім.

-Құрметті бүгінгі біздің қонақтарымыз, оқушылар.

Тәрбие сағатымызды бастайық.

-Балалар дастарханға қойылатын дастарханның сәні ең қадірлі ас қалай аталады?

-Нан

-Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыз Нан-дастархан байлығы- деп аталады.

(Осы кезде Қазақы дастарханым әңі айтылып, балалар нан түрін үстелге әкеліп қояды. Отырған қонақтарға наннан ауыз тигізеді.

-Нан- береке бастауы, Дастархан көркі- нан демекші бүгінгі

сабағымызды нан туралы тақпақтардан бастасақ.

Айлана. Нан-ардақты адал ас

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән

Жеп үйренген жасыңнан,

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

Дарбай. Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар, сірә нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.

Дамир. Нан-өмір,

Жеміспен алып келген кешегі.

Нанға пірім деп,

Жырым деп табынам

Шоқан. Даланың арынан,

Даланың таңынан

Даланың жанынан өседі,

Нан-жемісі ол кешегі.

Назерке. Нанда өмірдің иісі мен дәні бар

Нанда адамның еңбегі мен ары бар

Нан- өмірдің ана сүті, арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

Хормен. Нанды кім қорлайды,

Аштықтан сол сорлайды.

(Оқушыларға тың және тыңайған жерді игеру туралы түсінік беремін. Интерактивті тақтадан слайд көрсетіледі)

Нан -дастархан көркі. Ауылда той болса, үйге қонақ келсе дастарханға бауырсақ қоямыз. Қолдарына бауырсақ ұстап жеп жүрген балалар ерекшк көңілді.

-Балалар, сендердің қуанышты,көңілді өмір сүрулерің үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Кім айтады, дастарханға нан қалай келеді?

( Балалар жауаптарын айтады)

Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді.Тек қана қазіргі заманда ғана емес, ел басына қатер төнген ауыр да қасіретті күндерде де адамдар егін басында ерінбей еңбек еткен. Өндірген өнімдерін Ұлы Отан соғысына жіберіп отырған.Соғысқа қатысқан аталарымызға ас- суды соғыс кезінде елде қалған әйел аналар күні-түні жұмыс істеп жіберіп отырған.Сонымен бірге ер азаматтар да аянбай еңбек еткен. Сондай азаматтың бірі- Ыбырай Жақаев.

(Назерке өмірбаянымен таныстырады.Слайд)

Сонымен бірге Шығанақ Берсиев ата тары егуден рекорд жасаған.

(Шоқан таныстырады.

Соғыс аяқталғанмен ел жағдайы бірден жақсарған жоқ. Ер азаматтармен бірге әйелдер де еңбек етті. Атағы бүкіл елге танымал Кәмшат Дөненбаева туралы Айлана таныстырады.

Ойын Кім? Не істейді?

  1. Тракторшы-

  2. Диқаншы-

  3. Комбайыншы-

  4. Жүргізуші-

  5. Диірменші-

  6. Наубайшы-

  7. Дүкенші-

Тыйым сөздер. Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

Ас атасы-нан. Аймақ құру.

Көрініс. Обал деген не?

(Көрініс бойынша өз ойларын айтады.)

Қорытынды. Нан қасиетті тағам- деп бекер айтылмаған. Нанның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштықты әкеледі. Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Нан- тіршілік тірегі. Нанды қастерлеуіміз керек. Нан бізге адал еңбекпен келетінін естен шығармауымыз керек.



© 2010-2022