Әліппемен қоштасу Қош бол, сүйікті әліппе (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үнтаспадағы баяу әуенмен өлең оқылады.


Оқу елге керек пе,

Керексіз бе?

Болды дау…

Жар сап әлемге

Соғылды бір қоңырау.

Ол Ыбырай атаның,

Қоңырауы болатын.

Жарық етті әлемді,

Қараңғы еді дала тым.


Оқушы:

Жырын жаттап жатамыз,

Жалықпастан қыс жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз-

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастар көп елге,

«Кел балалар, оқылық!»-

Деген сөзін көңілге

«Ықыласпен тоқылық!»


Хор:

«Сәлем саған, мектебім!»


1-оқушы:

-Мен бір түрлі қорқып тұрмын.

2-оқушы:

-Неден қорқасың?

1-оқушы:

-Қонақтар өте көп қой. Сөздерді ұмытып қалатын сияқтымын.

2-оқушы:

-Келген қонақтар өзіміздің ата-аналар ғой. Қорықпа қасыңда біз бармыз ғой, бастай бер.

1-оқушы:

-Ардақты ата-аналар!

3-оқушы:

-Бізге қызыға қарап тұрған қонақтар!

4-оқушы:

-Құрметті ұстаздар!

1-оқушы:

-Баршаңызға мереке құтты болсын!


Мұғалімнің мерекені ашуы:

Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1-сынып бүлдіршіндері бүгін бір асудан асты. «Айналайын» деген ет-жүректі елжірететін елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектер бүгін Әліппе оқулығымен қоштаспақшы. Мереке баршаңызға құтты болсын.

Әпіптерді таныған,

Өңкей білгіш балдырған.

Өсті білім ойларың,

Құтты болсын тойларың.


Сөз кезегі мектеп директоры------------------- беріледі.


Балалар, «Іші толған әріпке, Білімдегі жарық не?»


Хор:

«Барлық ілім-білімнің Әжесі ол-әліппе».


Мұғалім:

Ендеше, сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық.

Әліппе келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?


Хор:

-Сәлеметсің бе, Әліппе!


Әліппе:

Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғаламның,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім-көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Қане, ортаға салайық!


Мұғалім:

Төрлет, құрметті әліппе! Саған арнап арнайы орын дайындап қойдық.


Оқушылар:

Данияр деген ұлдарың,

Сіздерге арнап тіл қатты.


Бейбатшамын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай!


Дарасы болар даланың,

Тамерлан деген баламын.


Жақсылықты жақтаймын,

Бәрін біліп жаттаймын,

Расул деген мен болам.


Ай мен күні апамның,

Ақылдысы атамның,

Мен Салима боламын.


Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын.

Мен боламын Мұхаммед.


Көп оқитын, көп тоқитын,

Али деген мен болам.


Али:

Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз.


Салима:

Мың бұралған бишіміз.


Тамерлан:

Біз, қызықпыз, қызықпыз,

Сәл еркелеу бұзықпыз.

Мұхаммед:

Ақылдымыз


Расул:

Үлкенге ізеттіміз


Данияр:

Жанып тұрған шырақпыз.


Бейбатша:

Елімізді өркендететін


Расул:

Қазақ тілін көркемдететін.


Хор:

Біз қазақ елінің болашағымыз.


Хор: Әліппе өлеңі


Мұғалім:

Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына алғаш әліппені жазған кім?


Хор:

Ы.Алтынсарин.


Мұғалім:

Ол кім балалар?


Оқушылар: жазушы

Мұғалім: Біз алдағы уақытта Ы.Алтынсарин туралы көп білетін боламыз. Ал қазір мектеп өлеңімен

Баянтаев Аслан өз құттықтауымен келіп отыр. Қарсы алайық


Оқушы:

Мынау менің әліппем,

Көгілдір туым түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.


Оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреттің оны Әліппе!


Оқушы:

Әліппем менің, әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


Оқушы:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.


Хор: «Ұстаздарға мың алғыс»


Мұғалім:

Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, санауды, жазуды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?


Хор: МЕКТЕП, МҰҒАЛІМ, ӘЛІППЕ!


Әліппе:

Бәрің де өте жақсы балалар екенсіңдер. Айтпақшы, менің кішкентай достарым бар еді, оларды байқамадыңдар ма?


Балалар:

Біз мұндамыз.


Әліппе:

Балалар, сендер бұлардың кім екенін білесіңдер ме?


Оқушылар:

Ия, олар біздің сүйікті Әліппемізде үнемі кездесіп отыратын Тапқышбек, Дарынбек, Білгішбек және Намысбек.


Әліппе:

Ия, олардың барлығы тәртіпті, білімді өте жақсы балалар. Бүгін олардың сендерге алып келген тапсырмалары да бар.


Тапқышбек:

Мен Тапқышбекпін. Әліппеден менің тапсырмаларымды дұрыс орындағандарыңды білемін. Енді қазір жұмбақтарымды шешіп көріңдерші.

Іші толған әріпке,

Білімдерге жарық не?

Тілі бар да, үні жоқ,

Сөйлеп тұрар ішінен

Көзбен шалсам бір рет,

Не дегенін түсінем. (Әліппе)


Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)


Тау басында тамаша үй. (бас)


Алты түрлі түсі бар,

Суретпенен ісі бар. (Қарындаш)


Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ: «Тоқта!», «Жүр» дейді. (Бағдаршам)


Барлықтарың тапқыш екенсіңдер. Жарайсыңдар, балалар! Ендігі сөз кезегін өзімнен кейінгі Дарынбекке беремін.


Дарынбек:

42 жауынгер

Санын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер қауымды ел

Сырын терең ұғады. (Алфавит)


Қос бүйірін таяны,

Тұратұғын қай әріп? (Ф)


Екі С күресті,

Арқаларын тіресті. (Х)


Әрі санмын, әрі әріп (З)


Қоссақ 1 3 арасын

Шығады балалар қай әріп? (В)


Білгішбек:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын беріп басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан.


Табақта 5 алма,

Қолымда 2 алма,

Қосқанда барлығын

Болады неше алма? (7алма)


Жаңа ғана шалғында

6 бұзау жүр еді.

Алды шаршап қалды ма?

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып

Жүргенін айт, айырып? (5 бұзау)


Достарым, айтқандарыңның барлығы дұрыс, жарайсыңдар! Мен өзіммен бірге ертегілер әлемінен сендерді құттықтауға өз өлеңімен келіп отырған Дәурен Махаббатты алып келдім. Қане қарсы алайық.


Намысбек:

Қазақта 7 атасын білмеген-жетесіз деген сөз бар. Меніңше, өте дұрыс айтылған. Біздің қазақ үшін жеті атасын білу шарт. Бұл жағынан қалай екенсіңдер?


Бірнеше оқушылар өздерінің жеті аталарын айтып шығады.


Намысбек:

Намыстарың бар екен. Нағыз ер екенсіңдер!


Мұғалім:

Ержүрек ұландарымыздың құрметіне біздің сымбатты қыздарымыз би билеп бермекші.


Әліппе:

Жарайсыңдар, балалар, аз уақыттың ішінде біраз табысқа жетіпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сендерді білім жолына жетелейтін ендігі достарың-Ана тілі.


Оқушы:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына енгенім.


Әліппемен қош айтысып қалдық біз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Ырза боп саған жүреміз,

Қош бол, сүйікті Әліппе!


Хор: Қош бол, сүйікті Әліппе!


Әліппе:

Сау болыңдар, кшкентай шәкірттер!


Мұғалім:

Енді Ана тілін қарсы алайық.


Ана тілі:

Амансыңдар ма, достарым?

Әліппе менің ДОС жарым,

«Меңгерді кім тілін!»-деп.

Мен де білім қосамын,

Адамға мол тәлімім.

Ақыл-ойдың нәрімін!

Әдеп, тәртіп үйреткен,

Ана тілі пәнімін.

Тіліңді үйрен күнде сен,

Ол іс деме жай ғана.

Өз тіліңді білмесең,

Білгішпін деп ойлама.

Хор:

Алу үшін сана, білім,

Ардақтаймыз Ана тілін!


Балалар сендердің білімдеріңді тексеру үшін бірнеше сұрақтарым бар.

Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

Оның нешеуі дыбыс емес?

Кім атап береді?

Сөйлем неден құралады?

Сөйлем соңына не қоямыз?

Кісінің аты қалай жазылады?

Біздің елбасымыз кім?

Өте жақсы балалар, білімдерің өте жақсы, алдағы уақытта өздеріңді жақсы көрсетесіңдер деп ойлаймын. Сендердің мерекелеріңе адейі арнап өлең дайындап әкелдім.


Ана тілі:

Құрметті балалар сендерге арнайы арнап әкелген әнім бар.


Мұғалім: Ертеңгілігімізді аяқтай келе:

Балалардың білімі құтты болсын!

Денсаулығы әрқашан мықты болсын!

Біілімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор, мықты болсын! Дей келе балаларымыздың оқу, жаза білетіндіктерін дәлелдейтін куәлік тапсруға рұқсат етіңіздер.

Бұл мерекеге 5 сынып та өз құттықтауымен келіп отыр. Жусанова Тамиланы қарсы аламыз.

Шашу, шашу шашыңдар

Ақ сандықты ашыңдар.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасаңдар,-деп ата-аналарға сөз береміз.

Социал негізгі мектебі














«Қош бол, сүйікті әліппе»






Өткізген: Сейдахметова А.Н.

















2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022