Жер шар тәрізді дене дүниетану

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жер- шар тәрізді дене. Глобус- Жердің дәл үлгісі».

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: Оқушыларға өткен сабақта өтілген ғарыш денесін еске түсіре отырып, глобус жайлы айту. Жердің шар тәріздес екенін, глобустың жердің дәл үлгісі екенін түсіндіру.

2) дамытушылық: Ой-өрісін, теориялық білімін, сөйлеу тілін дамыту.

3) тәрбиелік: Жерді босқа сызбауға, босқа қазбауға, ырымдарды сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ғарыш пен жердін бейнесі бейнеленген банер, глобус, карта, Венн диаграммасы

Сабақ түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу.

ә) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ғарыш әлеміне саяхат ойынын ойнату арқылы күнге зымыранмен жету. Ол үшін сұрақтарға жауап беру.

  1. Ғарыш деп нені айтады?

  2. Ғарышқа жол қашан ашылды?

  3. Жерге ең жақын жұлдыз.

  4. Планета грек тілінен қандай мағына береді?

  5. Жердің серігі...

  6. Галактика недан тұрады?

  7. Алғаш рет ғарышқа ұшқан ұшқыш?

  8. Күннің беткі қабаты қанша темпиратура?

  9. Күн жүйесі дегеніміз не?

  10. Күн мен Жердің арақашықтығы қанша?

  11. Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай маңызы бар?

  12. Жерге ең жақын жұлдыз.

ІІІ. Жаңа сабақ:Жазық жерде тұрып айнала қараған адамға жер беті тегіс сияқты болып көрінеді.Оның жан- жағынан шеңбер түріндегі көкжиек сызығы шектеп тұрады. Шынында да, ертедегі адамдар жер тегіс оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген.

Ғалымдар әртүрлі қосалқы белгілерге қарап. Жер шар тәрізді болу керек деп болжаған. Тарихтан мұндай тұжырымға алғаш рет ежелгі грек ғалымдары келгенін білеміз.

Таулы жерде тұратын адамдар мынадай бір құбылысты байқаған. Таңертен көкжиектен әлі көтеріле қоймаған күн сәулесі таудың басын шалады. Егер жер тегіс болса шыққан күн сәулесі таудың етегінен басына дейін бірден түсетін еді.

Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады. Глобус- латын тілінде шар деген сөз.

Глобуста жер шары миллиондаған есе кішірейтіліп алынды. Жер шарында мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастаған. Қазіргі кезде глобус көптеп шығарылады.

Картадағы сияқты глобуста да жер беті түрлі түсті бояулармен кескінделеді. Глобусты қолдарыңа алып айналдырып қарасаңдар бетінің төрттен үші көгілдір түске боялғанын байқайсыңдар. Ол мұхиттар мен теңіздер. Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін мұхит деп атайды. Жер шарында 4 мұхит бар. Олар: Тынық, Атланд, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиты.

Ал енді балалар біз бүгінгі сабағымызды ғарыш кемесінде өткіземіз. Кеме жетекшісі мен оның экипажы сіздерді қарсы алуда. Біздің сапарымыз биік ұшқыр қиял мен ой жылдамдығында өтеді. Мына ережелерді сақтаңыздар: ғарыш кемесінде шулауға, көңілсіздікке жол берілмейді. Ал енді сәт сапар. Біздің бірінші сапарымыз сұрақтар әлеміне бағытталады.

Сұрақтар:

  1. ертедегі адамдар Жердің пішінін қандай деп ойлаған?

  2. Жердің шар тәріздес екендігінің қандай дәлелдері бар?

  3. Жердің пішінін бақылаушы адамға неге тегіс сияқты болып көрінеді?

  4. Неліктен глобусты Жердің дәл үлгісі дейді?

  5. Жер бетінде қанша мұхит бар?

  6. Ең үлкен мұхит.

2) Жерді ғарыш кемесімен айналып өту үшін екінші тапсырмамызды орындайық. Венн диаграммасын толтыру.

Жер Глобус

Жер шар тәрізді дене дүниетануЖер шар тәрізді дене дүниетану

3) Дәптермен жұмыс.

4) Орнынды тап ойыны. Ойынның барысы яғни 4 мұхитты өз орындарына орналастыру үшін сұрақтарға жауап беру.

1. Мұхит дегеніміх не?

2. Глобус дегеніміз не?

3. Материктер дегеніміз не және қанша материк бар?

4. Біздің мемлекетіміз қай материкте орналасқан?

ІV. Бағалау.

V. Үй тапсырмасы: Жер- шар тәрізді дене. Глобус- жердің дәл үлгісі мазмұндау.

. Қорытынды. 10 сұрақтан тұратын тест жұмысы әр оқушыға жеже-жеке таратылады.

  1. Жер шарында неше мұхит бар?

А) 3 В) 4 С)5

2. Жер шарында неше материк бар?

А) 4 В) 5 С) 6

3. ҚР қай материкте орналасқан?

А) Африка В) Еуразия С) Антарктида

4. Ең ірі мұхитты ата.

А) Тынық В) Атлант С) Үнді

5. Глобус дегеніміз не?

А) жердің үлкен бөлігі;

В)жердің дәл үлгісі;

С)жауап жоқ.

6. Қай материктерде адамдар қоныстанбаған?

А) Африка В) Антарктида С) Аустралия

7. Жер бетінің төрттен үш бөлігін не алып жатыр?

А) Су В)Құрлық С) Шөл

8. Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады?

А) Әлем В) Галактика С) Жер

9. Күн неше планетадан тұрады?

А) 9 В) 4 С)6

10. Ғарышкерлер күні.

А) 21 наурыз В) 9 мамыр С) 12 сәуір

Енді алдымыздағы жазған қағазымызды умаждап қоқыс салатын жәшікке қарай лақтырамыз.

Қағаздары қоқыс жәшігіне түспеген оқушылар ренжуі мүмкін. Оларға қағаздарының қоқыс салатын жәшікке түспегеніне налымау керектігін, қайта жинаған білімнің қоқысқа түскеннен санамызда қалғанын оны кез келген уақытта қолдана білу керектігін айтып, қуантып сабақты аяқтау.


© 2010-2022