Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты дүниетану

Уақыты: 14.12.2015ж

Кабинет:№6

Мұғалім Жолдас Р.

Сабақтың тақырыбы

Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі

Сабақтың жалпы мақсаты

Білімділігі:Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке,сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ой-қиялын дамыту. Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу

Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер

Жас ерекшілігіне қарай оқыту ,Акт, сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Джигсо , мозайка әдісі, ойын әдісі , миға шабуыл әдісі

Көрнекіліктер

Суреттер, жұмбақтар мәтін , оқулық ,постер құрату үшін плакаттар , критерилер жазылған таратпа парақшалар ,

Кіріспе

3 мин

Күннің суретімен топ мүшелері бір-біріне тілек тілеп шығады . Ынтымақтастық

атмосфера орнатады Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі

Топқа бөлу

Кеспелермен топқа бөлу Ағаштардың атауы бойынша топқа бөлінеді . 1- топ Аққайың, 2- топ Терек ,3- топ Тұт, 4- топ Шырша , 5- топ Емен

Үй тапсыр-масын пысықтау

5 мин

Өткен материал бойынша сұрақтар әр топқа беріледі

Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: «Күз» мезгілінде.

Күз мезгілінің ерекшілігін атаңдар ?

Күз мезгілінің ай аттарын атаңдар ?

Ауа райын немен өлшейміз?

Табиғат тұстарын атаңдар?

Өлі табиғат пен тірі табиғат дегеніміз не?

Жаңа материалмен

жұмыс

15 мин


.

Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегіКүз мезгіліндегі адамдардың еңбегі

Әр топқа қиындылар үлестіріледі олар сол киындылардан бүгінгі тақырыпты тауып шығады , яғни Мозайка әдісі арқылы тақырыптың мақсатын ашады

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Тақырыпты ашу үшін сұрақтар жуан , жіңішке

Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады

Жаңа сабақты қолдану




Сергіту сәті

10мин

2 мин

Топтарға берілген шығармашылық тапсырманы топ басышылары Джигсо әдісі арқылы ауысып топтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

Оқулықпен жұмыс

Би терапиясы

Мақалдар.
1.Еңбегің қатты болса
Жегенің тәтті болады.
2.Еңбек етсең емерсің.
3.Еңбек етпеген ішіп-жемейді.

Әр топ дайындап келген жұмибақтарын жасырады

Жұмбақ шешкізу.
1.Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)

2.Әр желінің асты толған көк қоян,
Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям. (Қияр)

3. Іші жұмсақ,сүті қатты,
Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз)

4.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)

5.Басым-дене, денем бас,
Мойным қысқа бұрылмас (Орамжапырақ)

6. Ұзын мұртты сарылар
Қойнында наны бар. (Бидай)

Ойынды ойнап жұмбақтың шешуін шешеді ойлау қабілеттері дамытады, ізденімпаздыққа әр топ өз тобының жасырған жұмбақтарының негізгі түйінін түсінеді

Сабаққа деген құлшынысы мен қызығушылығы артады

Суреттер арқылы өздерінің сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамытады

Жаңа сабақты қорытын-дылау

7 мин

Күз туралы суреттер пайдаланып оқушылар постер құрастыру тапсырмасын орындатады оны қорғатады

Күз туралы суреттер пайдаланып оқушылар постер құрастырады , оны қорғайды .

Бағалау

Формативті бағалау критери бойынша

Әр кезеңде смайликтермен бағалау парақшаларына жүргізіп отыру

Кері байланыс







3 мин

Оқушылар ға стикер таратып өздеріне ұнаған сәттерін жэазып тақтаға жеміс ағашына ілдіру

Оқушылар стикерге өздеріне ұнаған сәттерін жазады


Рефлексия

Не сәтті өтті ?

Оқушылар үйге шығармашылық жұмыс ретінде берілген тапсырманы жас ерекшелігіен қарай жақсы дайындалып келген

Не сәттсіз болды ?

Постер қорғау кезінде оқушылар көп уақыт жұмсап сабақ уақыты тапшылау болды

Нені дамыту керек ?

Әлде де топпен жұмыс барысында оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына көп көңіл бөлу керек деп есептеп , алдағы сабақтарда бірлесіп жұмыс жасауды дамыта түсу керек





© 2010-2022