Бала - болашағым, отбасы - Отаным

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып әдіскері Дүйсембаева Лятипа Арипқызы


Тақырыбы: Бала - болашағым, отбасы - Отаным.
Мақсаты: Мұғалімдер мен ата-ана арасындағы байланысты нығайта отырып, жас ұрпаққа сапалы біліммен, саналы тәрбие берудің,жаңашаланған формаларына бағыт-бағдар беру. Мұғалімдер мен ата-аналарға бала құқығының сақталу жолдарына және болашағына білім мен тәрбие рөлінің ерекшелігін атап көрсету . Оқушылардың өмірдегі қызығушылығы мен оларды қызықтыратын жайттарды анықтай отырып оған ата -анамен байланыса отырып бағыт бағдар беру .
Барысы:
Құрметті ұстаздар , оқушылар және ата - аналар бүгінгі Бала - болашағым , Отбасы - отаным тақырыбында өткелі отырған дөңгелек үстел сұхбатына қош келдіңіздер . Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің негізгі мақсаты : оқушылардың өмірдегі қызығушылығы мен оларды қызықтыратын жайттарды анықтай отырып оған ата -анамен байланыса отырып бағыт бағдар беру .
Сол себепті
1 «а» сынып жетекшісі әрі тәлімгері Шалхар Рухия мен оқушы Әбділла Аружан, ата-анасы Шегемов Абдрахим .
2 «ә» сыныбынан тәлім алушы Ізтілеуова Айгүл және оқушысы Қараша Алихан ата-анасы Көкен Нұржамал.
2 «а» сыныбынан тәлім алушы Кадирова Гулбану және оқушысы Рахат Қасым ата-анасы Қонарбаева Гүлшат
3 «ж» сыныбынан тәлім алушы Бекова Қалбибі оқушысы Айдабулова Резуана ата-анасы Дәулетбаева Нурия.
4 «ә» сыныбынан тәлім алушы Назарова Ләззат оқушысы Бақыт Жансая ата-анасы Тоғызбаева Жанар
4 «ә» сыныбынан тәлім алушы Қосымбаева Айзада оқушысы Мейрамқызы Ғалиябану ата-анасы Шомбалова Ақмарал.
- Құрметті сынып жетекші әрі тәлім алушылар, оқушылар мен ата-аналар пікір алысу дөңгелек үселімізге өз ойларыңызды еркін түрде саналы ойлармен жеткілулеріңізді сұраймыз.
Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы , көз қуанышы - бала . Бала дербес тұлға . Оның бойындағы табиғи қасиеттер , адамгершілік құндылықтары отбасында , мектепте , әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы - ата- анасы. Десек те бала тәрбиесіне қоғамның барлық мүшесі жауапты деп есептеледі .
Тәрбие мен білім үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады . Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп етек жинағанша негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болатыны белгілі . Қалған уақытта ол өзінің ізденісін қоғамнан алады .
Бүгінде оқушыға білім беру үрдісі мұғалім үшін оңай емес . Мұғалім өзінің әрбір сабағын саралап қарап , егжей -тегжейлі дайындалып , ұтымды жолдарын тауып өткізе білгенде ғана , ол алдындағы шәкірттеріне саналы да сапалы білім бере алатыны бәрімізге де белгілі. Қазіргі заман талабы мұғалімдерден өте жоғарғы дайындықты қажет етеді. Сондықтан біз мұғалімдер қауымы бүгінгі күн сіздермен пікір алысып , ой бөліспекпіз . Келесі сөз кезегі өзімнің әріптесім Шалхар Рухияга беремін .
Шалхар Рухия : Бүгінгі қоғамда жаттанды кітап сөзімен тақылдап тұрған оқушы ғана емес, өмірден алған өзіндік тәжірибе - бесігімен білім мазмұнын толықтыра алатын оқушы қажет . Баланың өмірден алған өзіндік тәжірибесін білім мазмұнына өндіру оқулықавторының қолынан келетін дүние емес . Автор - біреу , екеу . Бала мыңдаған . Сондықтан да баланың оқулықта берілген мәтінмен немесе басқа да ақпараттармен арасындағы байланысты орнату , мәтіндегі ойды бала ойымен толықтыру , баланың өмірден алған өзіндік тәжірибесін білім мазмұнына өндіру , тек баламен бетпе -бет , бірнеше 45 минуттарды бірге өткізетін мұғалімнің ісі . Менің ойымша , ол тек баланың өмірлік тәжірибе деңгейіне , даму деңгейіне қарай әр түрлі мінез - құлық ашылатындай ситуациялар , есептер ойластыра отырып , білім мазмұнын бала өмірімен ұштастыра білу .
Оқыту технологиясының мәні де осы мұғалім мен оқушы қызметі арқылы оқушы - мұғалім - оқулық арасындағы қарым -қатынасты орнату . Бұл жерде әр түрлі әдіс -тәсілдерді пайдалана отырып ең бастысы бір 45 минуттағы оқушы қызметін жандандыру . Бұған ата - ананың ролі өте ерекше болу керек . Мұғаліммен ата -ана тығыз байланыста болса ғана жүзеге асары анық . Дөңгелек үстел ұйымдастырудағы мақсатымыз оқытудағы жаңа технологияны оқушымен қатар ата -ананың да түсінуі .
Енді біздер теориялық бөлімнің Жанұядағы байланыс тарауы бойынша оқушы жанұя мүшелерімен қалай және не үшін байланысатындарын белгілеп алайық . Ол үшін әр оқушының алдына суретті бетше таратылады .
1) Ондағы әр жанұя мүшесімен оқушы не үшін байланысатынын анықтап жазып берсін .
2) Астындағы ашық жеріне сол жанұядағы адамдаына байланысатын мейірімді сөздерін жолдасын .
3) Олар сізге қандай мейірімділігін білдіреді соны анықтар жазып беру ұсынылады .
Келесі 3 тарау Ақылдың 6 қалпағы деп аталады . Бұл тарауда оқушы мен ата - ана Бала - болашағым , Отбасы - отаным тақырыбына өз ойларын ережеге сай ортаға салады .
4 тарау көз қарас бұнда біз сіздермен видеоролик көріп , ол туралы пікірлерімізді ортаға саламыз . Кім қандай ұтымды пікір айта алады .
II бөлім . Практикалық бөлім
1 тарау : Мектеп Болашақ Білім тақырыбына постер қорғау
2 тарау: Қимыл қозғалыс ойыны
1. Дыбыс арқылы табу
Ата -ана орнында отыра береді . Бала ата - анасына алыстан теріс қарап тұрады .
Қорытынды бөлім :
Ата - аналар мен оқушылардың және мұғалімдердің пікірлерін қағаз бетіне түсіру .

Болашаққа ой толғау

Ата-ана аты жөні

Оқушы аты -жөні

Мұғалім аты- жөні

Жүргізушінің қорыту әңгімесі . Қатысушы мұғалімдер мен ата -аналарға және оқушыларға сертификат беру, мадақтау. Ұсыныстар жасау.

© 2010-2022