Эссе на тему: Шабыт

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:









Шабыттандыра отырып, шабыттанамын

(шығарма)












Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Мыңжанова А.Қ.



















Қазіргі таңда білім беру мен тәрбие жұмысын қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселесі туындап отыр. Осы орайда білім беру ұйымдарында осы екі жүйені ізгілендіру мақсатқа алынған. Аталған мәселеде «өзін-өзі тану» пәні маңызды рөл атқаруда. Халықта «ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесу қажет» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық басқа да құнды қасиеттерді сіңіріп дамыту - отбасы мен ұстаздардың міндеті. Өз басым «өзін-өзі тану» сабақтарында осындай үлкен мәселелерді шешуге тамшыдай болса да үлес қосуға тырысамын. Баланы адамгершілік пен махаббатқа тәрбиелеу мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді, халқымыздың асыл қазынасы - аңыз әңгімелер мен шешендік өнер үлгілерін, даналар сөзін қолданудың рөлі маңызды екеніне көзім жетті. «Өзін-өзі тану» пәнінің мектеп бағдарламасына кіргенін - бүгінгі жас ұрпақтың ертеңіне жұмсаған салым екенін де түсіндім. Оқушыларға үйретіп жүрген «өзін-өзі тану» ғылымы мектептік басқа пәндерден ерекшеленеді, өйткені ол қоршаған орта туралы емес, ол адам туралы пән. Адам болып өмірге келу аз. Адамға лайық өмір сүру қажет. Сондықтан да «өзін-өзі тану» мұғалімінің кәсіби міндеті - АДАМ болу. Сабақтарымда рухани-адамгершілік құндылықтарды негізге алатын ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын мейірімді адамды тәрбиелеу - басты мақсаттарымның бірі. Алдымда отырған бала дәуренді биік сезім мен адал әрекетке шабыттандырудан нағыз ляззат аламын. Тіпті, дана, дара Абай кейіңгі ұрпағына былай деген екен: «білім мен ақыл - ойды сақтайтын қойма». Білімді сақтайтын қойма болмаса оқудан пайда жоқ. Тәжірибемде конференция сабақтар, жарыс сабақтар, тренинг сабақтар өткізіп балаларды мәңгілік құндылықтарға үйретемін. Біздің сабақтарымыз өмірлік философия мен ұстанымдарды насихаттайтын кездесулер деп түсінемін. Себебі, оқушыларымның жанарларынан ұшқан от батырлық пен батылдыққа, махаббат пен патриотизмге дайын екендігін өздерінен айтып тұрады. Мұғалім мамандығы шабытты еңбек. Оның шеберлік шыңы - баланы танымның, түсінудің үдерісіне ендіру, ізденіс пен жаңалыққа ұмтылдыру, шығармашылыққа баулу. «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімін - идеал адамның мүсіншісі, өмір - теңізде жол сілтеуші деп танимын. Л.Толстойдың сөзімен айтқанда: «Егер мұғалім өз ісін сүйсе, ол жақсы мұғалім». Бірнеше жыл қатарымен осы пәнді балаларға үйретіп, мұғалімдік қана емес, өмірлік тәжірибемнен бөлісіп, оқушыларымды жақсылық жасау, сүйіспеншілік пен қарым-қатынас құру жоғары даналық екенін білдім. Мен үшін «өзін-өзі тану» пәнін беру сыры терең, жұмбақ, бөлек дүниеге ену. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Мен оқушыны шабыттандыру үшін, ол оқушыны түсінуге, кемшіліктері мен артықшылықтарын, жақсы қасиеттерін табуға тырысамын. Себебі, бір оқушыға «Жарайсың», «Сен дарындысың» «Сен бүгін мені қуанттың» деген сөздер шабыт берер болса, енді бірі «Менен асқан оқушы жоқ» деп, тоқтап қалуы мүмкін. Ондай жағдайда керісінше «Сенің бұдан артыққа шамаң келеді» деген сөздермен мақсатын айқындай, талпындыра түсемін. Әрбір баланың бойында кішкентай болсын жақсылық нәрін тауып, соны ту етіп ұстап, биік адамгершілік құндылықтарға жетелеуге тырысамын. Әрбір сабақтан шыққан оқушы шабыттанып шығуына өз жүрек жылуымды беруден аянбаймын, бойындағы күшіне деген сенімін асыра түсіруге күшімді жұмсаймын. Бақыттың үлкені - еңбегіңнің нәтижесі ойдағыдай болуы. Ал «өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің еңбегінің нәтижесі қай уақытта көрінеді? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен көреді.

© 2010-2022